Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Спорт-шик стилі қайдан шықты? Отандық жұлдыздар оны қалай ұстанып жүр?

Күнделікті өмірде спорт киімдерін кию әбестік емес, сәнді талғамның белгісі боп кеткелі қашан. Бұл тенденцияны 80-жылдары батыстық сәнқойлар қалыптастырды: спортзалдағы жаттығудан кейін киім ауыстыруға ерініп, үстіндегісін көшеге киіп кете берді. Содан спортқа арналған киімдер қарапайым киімдерімізбен үйлесіп, спорт-шик стилі пайда болды. Қазір бұл стильді отандық жұлдыздар қалай ұстанып жүр?

by Айжан Кәрібаева
23.11.2020
Reading Time: 10 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Телепродюсер әрі журналист Анна Данченко ыңғайлы киінгенді жақсы көреді. Суретіндегі массив кроссовкасы мен асынған сары рюкзагы образын айшықтап тұр. Алайда, спорт шалбарының балағы сәтсіз қайырылған екен. Тобықты керісінше жіңішкерек көрсету үшін балақты қайырғаннан гөрі тобықты жасырған дұрыс.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Anna Danchenko (@ann_2905)


Әнші Айдана Меденованың спорт-шик стилі әлдеқайда сәтті шыққан. Кешьюдің экс-солисі көпті өзінің сәнқойлығымен де тәнті етеді. Спорт костюмін зілді етік пен тор принтті пиджакпен әдемі үйлестірген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от A i d a n a M e d e n o v a (@aidanamedenova_officialpage)

Публицист әрі продюсер Дана Орманбаева да Қарағандының суығында спорт-шик стилінде түсіпті. Ақ бос шалбар мен беж кофтаның үйлесімі сәтті шыққан. Ал сөмкесі мен жүнді етігі нағыз «шик» сөзін айқындап тұр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Дана Орманбаева (@danapartner)

Спорт-шик стилін орамалды ханымдар да әдемі ұсынып жүр. Бұл статусқа жаңадан келген әнші Ақбота Нұрабайқызы көпті монохромды образымен тәнті етті. Оның таңдауы қазіргі тренд — трикотаж костюмге түсіпті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Акбота-Нур 👑 (@akbotanurabaykyzy)

Алайда отандық жұлдыздарымыздың бәрі мұндай нәзік талғамды емес. Арасында спорт-шик стилін үйлестіріп кие алмайтын, әйтпесе, образы өздеріне жараса кетпейтіндері де бар. Мысалы, актриса Анар Батырханның мына образын толықтыратын тағы бір сыртқы қабат, яғни қазіргі трендтегі «многослойность» қажет. Онсыз жұлдыздың мына киімі 90-жылдардың сәнін еске түсіреді. Бұл Анар ханымның күнделікті киімі емес, кино образы деп үміттенеміз.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от АНАРА БАТЫРХАН (@anarabatyrkhan)

Тағы бір сәтсіз образ мысалын көбінде көйлек киетін Ләйлә Сұлтанқызынан көре аламыз. Бәлкім, демалыста стиль туралы ойлағың да келмейтін шығар. Қайткенде де, тележұлдыздың жанында тұрған Уиллиан Боргестің стилі әлдеқайда сәтті шыққан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

Tags: fashionайдана меденоваақбота нұранара батырхананна данченколәйлә сұлтанқызыспорт стильспорт-шик

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС