Сериалдардағы басты оқиғалар көбіне бірдей декорацияда өте ме? Режиссерлер бұл әдісті көрермендер қайта оралғысы келіп тұратын жайлы орынның бейнесін жасау үшін қолданады.
AliExpress командасы сүйікті сериалдардан алынған 5 есте қалатын интерьерді таңдап алып, артық шығынсыз әр интерьерді қайталауға болатын лайфхактар тізімін жасады.
«Достар»
Сериал бойы басты кейіпкерлер көп уақытын Моника Геллердің пәтерінде өткізеді. Олар мұнда көңіл көтереді, бірге мұңаяды, сюжеттің ең өзекті оқиғалары да осында өтеді. Сондықтан көп адам бұл пәтердің ішкі көрінісін сағына еске алады. Жақсы жаңалық бар! Мониканың пәтеріндегі интерьердің көп детальдарын өзіңіз де қайталай аласыз.
Ситкомның ең танымал интерьерлік элементі – есіктегі сары жақтаулар. Жанкүйерлердің айтуынша, ол түсіру тобының адамы кездейсоқ сындырып алған айнадан қалған. Қазір бұл жақтау «ескі нәрселерге жаңа өмір сыйлау» трендіне өте жақсы ілесе алады. Бұл әдісті дәлме-дәл қайталау үшін, AliExpress-тен винтажды айна тауып алып, оның ішкі бөлігін өз орнымен қолданып, ал жақтаушасымен кіретін есікті әсемдеуге болады. Сериалдың нағыз жанкүйерлері танымал түпнұсқаға өте ұқсайтын жақтаушаға лайықты бағасын береді.
«Достардағы» пәтердің жүрегі – асүй. Қанық бирюза түсті асүй жиһазы тағы бір трендті – ашық текшелер мен сөрелерді көрсетеді. Мұндай әдіс егер бөлме тар болса, кеңістікті жеңілдетуге көмектесіп, қоқысқа толылық сезімінен арылтады. Ашық сөрелер сонымен қатар әдемі ыдыстар мен бұйымдарды жарқыратып көрсетуге де мүмкіндік береді. Мысалы, қолмен әсемделген винтажды тәрелкелер, алтындалған кәстрөлдер, табалар мен ретро стильдегі туркалар топтамасын көрсетіп қоюға болады.
Мониканың жинақылықты ұнататынын ескерсек, ол кеңістікті реттейтін тауарларды сенімді түрде сатып алар еді, мысалы дәмдеуіштер мен құралдарға арналған көпфункционалды асүй сөресі немесе қақпақтар мен күрекшелерге арналған, қолжуғыштарға арналған органайзерлер, ұстағыштар мен тұғырлар.
Атақты пәтердегі тағы бір ерекше әдіс – оригиналды әшекей. Мысалы, Мониканың пәтерінен ескі киноафишалар мен француз универмагтарынан алынған плакаттарды, тіпті 80 жылдардағы Мәскеуде өткен Олимпиада постерлерін көруге болады. Бұл әдісті винтажды музыкалық постерлер, Vogue антикварлық мұқабаларымен, абстрактілі гүл натюрморттарының ретро репродукцияларымен іске асыра аласыз.
«Әйелдер неге өлтіреді?»
Оқиғаның басты кейіпкері – Пасадендегі әдемі жекежай. Сериал бір жерде, бірақ әртүрлі уақытта өткен оқиғаларды ашады. Сондықтан, «Әйелдер неге өлтіреді» сериалының авторлары кейіпкерлердің түрлі онжылдықтарда өмір сүрген инерьер бөліктеріне ерекше мән берген. Ең ерекшелерінің бірі 80-ші жылдардағы интерьер болып шықты, ол кезде бұл үйде танымал сауықшыл әйел Симон өмір сүрген. Симон сауық кештерін жиі ұйымдастырып, қонақ қабылдайтын, сондықтан оның қонақ бөлмесі кейіпкердің стилі мен мінезін ашатын ең маңызды бөлме болып табылады. Бөлме интерьері әдемі жиһаздармен, сирек өнер туындыларымен және өзгеше бұйымдармен әсемделген: онда айналаны шағылыстырып тұратын мәрмәр мен қанық түстер жиі қолданылған.
Қонақ бөлмедегі көзге бірінші түсетін нәрсе – алтындалып қапталған қымбат жиһаз. Үй интерьерін ауырлатпау үшін, жиһазға арналған алтын жалатылған фурнитура немесе шағын декоративті үстелдер қолдануға болады. Егер мұқият қарасаңыз, бөлмеде жиһаздан гөрі әшекей мен өнер туындылары көбірек кездеседі: ерекше құмыралар, жануар мүсіндері, фарфор мүсіншелер топтамасы және шағын абстрактілі картина бар.
Кейіпкер интерьерінің тағы бір сипатты элементі – айналардың, хрусталь мен жарықтың көп болуы. Бұл әдісті көбірек шағылыстыратын заттар қою арқылы немесе бір ірі айнаға акцент қою арқылы іске асыруға болады. Мысалы, Симонның өзі қалағандай ерекше геометриялық пішіндегі айна.
Бөлмеде жалтырақ заттардың көп екенін ерекшелеу үшін үстелге қоятын хрусталь шамдар, ретро стильдегі әдемі торшер түріндегі әсемдік жарықтар немесе алтын жалатылған қабырғаға ілетін хрусталь лампалар орнатуға болады.
Симонның қонақ бөлмесімен сәйкестендірудегі соңғы штрих диванға арналған түрлі-түсті және бедерлі барқыт жастықшалар, абстрактілі картиналар, тіскебасарға арналған күміс табақшалар алу керек.
Үлкен жарылыс теориясы
«Теориядағы» Шелдон мен Леонардтың пәтері – жеті достың ұжымдық демалыс өткізетін сүйікті орны. Пәтердің ортаңғы бөлігінде асүймен біріктірілген қонақ бөлмесі орналасқан.
Диванға қарама-қарсы әйнек тақтайлы аласа үстелше, оның айналасына түрлі топтамадан алынған бірнеше отырғыштар қойылған. Мұнда кейіпкерлер кешкі асқа, шай ішуге, үстелдік ойындар ойнауға және ғылыми талқылаулар өткізуге жиналады.
Ғалымдардың үйінде комикс кейіпкерлерінің мүсіншелері мен кәсіби құралдар көп қойылған, ал кітапқа арналған сөре ғылыми әдебиет пен кейіпкерлердің сүйікті журналдарына толы.
ҮЖТ-ның басты символы – есіктен сәтті түрде алысқа қойылған диван, ол жерге терезеден жел соқпайды, ал диван жастықшасы ұзақ уақытқа қажетті пішінін алған. Әрине, дивандағы ала жастықшаларсыз да болмайды (айтпақшы, Шелдонның көп заты ала екенін байқадыңыз ба?).
Асүй стилі неоклассика мен модернді біріктірген. Табаларға арналған аспалы конструкцияның өзі неге тұрады – бұл деген үйбикелердің нағыз арманы!
«Үлкен қаладағы секс»
Әйгілі Кэрри Бредшоудың пәтері шағын, бірақ ерекше әрі жарқын, онда бірнеше стиль мен бірнеше кезеңнің қосындысын байқауға болады.
Тап кіреберісте консоль орналасқан, Кэрри онда кілттерін сақтайды. Үлкен керуеті бар жатын бөлмесі қонақ бөлмесімен біріккен, онда ұзына бойына түрлі түстер мен стильдегі заттар, оның ішінде гүл өрнегі бар диваншалар, айналы журнал үстелшесі, минималды отырғыш қойылған.
Жазушы пәтерінің интерьері оның шығармашылық еркіндік пен өзін жетілдіруге ұмтылысын бейнелейді, сондықтан ол бір-бірімен үйлесе бермесе де, қайталанбас атмосфера жасап тұрған шағын элементтерге толы, ондай атомосфераны винтаждық стильдегі үстелдік шамдармен, ағаш жақтаушалардағы картиналармен, сәндік хош иісті шамдармен және әрине, абстрактілі өрнегі бар кілеммен келтіруге болады.
«Өте оғаш істер»
Сериал оқиғасы 80 жылдары өтіп жатыр, интерьер дизайны сол кезеңге толықтай сай келеді. Джойс Байерс (Вайнона Райдер) пен оның ұлдары кең асүйі бар бір қабатты үйде тұрады, асүйде таңғы астар, кейіпкерлердің диалогтары және тіпті кейіпкерлер өміріндегі маңызды оқиғалар өтіп тұрады.
Қабырға бойына ыдыс қойылған бағана мен камин орнатылған, оны сәндік аналогпен алмастыруға болады. Ортаға – асүй үстелі мен ала гүлді матамен қапталған төрт орындық қойылған.
Асүй интерьеріндегі стеллаж, сөрелер мен шкафтар сияқты ағаш элементтердің көп болуы ерекше жайлы атмосфера орнатып тұр. Мұнда матадан жасалған бұйымдар да көп: едендегі ала кілемшелер, сүлгілер, перделер мен жастықшалар.
Үйдің интерьері қандай болса да, оны әрдайым ептеп келтіруге болады, ал өзгерістер жасау үшін сериалдар мен фильмдерден шабыт алып, сүйікті шоулардағы стильдердің элементтерін қосуға болады.