Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Әлемдік чартта топ жарған әндер мен оларды ұсынған отандық хитмейкерлер кім?

Opa.kz әлемдік чарттарда топ жарған қазақстандық музыкалық продюсерлер тізімін жасады. Олар кімдер? Қай әндерімен танымал?

by nazerke
23.11.2020
Reading Time: 3 mins read

Иманбек Зейкенов, Мадияр Оналдин Сурет: Gakkutv.kz және VPavLike

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Бұрынғы әндерге ремикс жазып, жаңа дем беріп жүрген музыкалық продюсерлердің саны артуда. Олар дайын әндердің аранжировкасы мен музыкасын түрлендіріп, өзгеше бит қосып, мүлде жаңа өнім шығарады. Батыста Martin Garrix, Tiesto, David Guetta сияқты танымал музыкалық продюсерлер бар. Олардың көбі ән айтпайды. Кейінгі кезде қазақстандық әріптестерінің де саны артып, продюсерлік ремикстері  әлемге тарала бастады. 

2016 жылы америкалық рэпер Saint JHN-ның “Rosses” трегі жарық көрді. Бірақ ән аса таныла алмады. Үш жылдан кейін Ақсу қаласының тумасы, теміржолшы Иманбек Зейкенов  “Rosses” трегіне ремикс жасап, әлемдік чарттарда топ жарды. Алғашында өнім Ресей, Беларусь, Украинаның хит-шеруілеріне шықты. Кейін UK Singles Chart-та бірінші орынға шығып, ресми түрде Ұлыбританиядағы №1 сингл атанды. Қазір Иманбектің трегі Billboard Hot 100 америкалық хит-парадында 5-ші орында.

Иманбек Зейкенов өткен жылы ресейлік Effectıve records лейблімен келісімшарт жасасты. Лейбл 20 жастағы жас музыкалық продюсерге Saint JHN-мен келісімге отырып,“Rosses” ремиксін ресми сингл етіп шығаруға көмектесті. Иманбек ән авторы Saint JHN-мен әлі жүзбе-жүз кездеспепті. Бірақ instagram арқылы хат алмасып тұрады екен

“Rosses” ремиксінің әйгілі болуына биыл tiktok-та басталған челлендж әсер еткен. “Тiktok-тағы әр бесінші видеода менің музыкам ойнағанын көргенде, мақтаныш сезімі пайда болды”, — дейді Иманбек The flow-ге берген сұхбатында.

https://www.youtube.com/watch?v=jlnSOsBAeUU&t=173s

 

Қазақстандық Иманбек Зейкенов туралы америкалық белгілі басылым The New York Times жазды. Иманбектің қоржынында бірнеше трек бар. Атап айтсақ,  «Take Me» (O’Neill-мен бірге), «Hot» (Parah Dice-пен бірге), «Smoke It Up» (Stephanskiy-мен бірге), «Dope», «Clandestina» (with FILV & Edmofo featuring Emma Peters), «Romantic Dance» (DJ DmimixeR feat. MURANA). 

Жақында Зейкенов  Marshmello және Usher әлемдік жұлдыздарымен бірігіп, тағы бір трек жазды. Youtube-тағы «Too much» бейнебаянын 3 аптада 7 миллионнан астам адам тамашалаған. 

Отандық музыкалық продюсер екі жылдан бері ремикс жазады. Музыка өңдеуді Иманбек YouTube-тағы видео сабақтардан үйренген. Қазірдің өзінде ремикстерді ол осыдан он жыл бұрын алған ноутбыгындағы FL Studio бағдарламасымен  жазады. Музыка өңдеуді үйренгісі келетіндерге Зейкенов YouTube-тегі “Beatmaking Guru» арнасын көруді ұсынады. 

Биыл тағы бір отандық жас музыкалық продюсердің трегі әлемдік чарттарда үздік атанды. 2004 жылы жарық көрген канадалық әнші Kей Мароның «Femme Like U» әні уақытында хит болды. Араға он жыл салып, қазақстандық Мадияр Оналдин «Femme Like U»-ге жаңа дем беріп, әлемдік чарттардан бір-ақ шықты. Мадияр өңдеген ән Apple Music-те 1 миллионға жуық, You Tube-те 5 миллионнан астам қаралым жинап, әлемдік Shazam Top-200 қатарына енді. Ремикс таныла бастағанда, Оналдинге де шетелдік әртістерден біраз ұсыныс түсіпті. 

Monaldin лақап атымен танылған музыкалық продюсер—Талдықорғанның тумасы. Мадиярдың музыкамен айналысқанына 10 жылдай уақыт болған. Негізгі мамандағы IT-ге қатысты болғанмен, қазір өнер саласында еңбек етеді. 

Мадиярды instagram-да көбі әнші санайды екен. Бірақ, өзін ол музыкалық продюсер деп таныстырады. 

“Көбі мені диджей, музыкант немесе әнші деп ойлайды. Шынымен  кейбірі мені ән айтады деп ойлайды. Мен—музыкалық продюсермін: «Producer» сөзінен шыққан, музыкалық өндіруші дегенді білдіреді. Әннің идеясы мен аранжировкасын құрастырып, вокал жазып, әндерді біріктіремін. Яғни, әннің толық бір дайын өнім болып шығуына жауаптымын”, — деді Monaldin. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Monaldin (@monaldin.music)

25 жастағы жас музыкант «Break My Heart Again», «Bask At Me», «Mais Je T’aime», «Hold Me» сынды бірнеше ремикстің авторы. 

Тағы бір қазақстандық музыкант — Cybermode. Электронды музыка тыңдармандарының ортасында танымал. Оның туындыларына Tiёsto, David Guetta, Martin Garrix сынды әлемге әйгілі диджейлер өз бағасын берген. 21 жастағы музыкант нидерландық “Spinnin’ Records” лейблімен келісімшартқа отырған. Қазір Cybermode-тың ремикстері әлемдік фестивальдарда орындалады.

Tags: femme like uimanbek remixmonaldinrossesиманбек зейкеновмадияр оналдинмузыкалық продюсер

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС