Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

“5:32” веб-сериалының актерлары кімдер?

by Ақбота Тілеужан
20.12.2021
Reading Time: 10 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Елімізде аса  танымалдыққа ие болып тұрған 5:32 веб-сериалы. Бір айдың ішінде YouTube платформасында 7,2 миллион қаралым жинаса, AiTube.kz платформасында 2 миллион болды.

Salem social media компаниясы ұсынған веб-сериал 90-жылдарда кездескен мәселелер мен қиындықтар туралы. Сол кездегі адамдар қорқынышты ортада қалай өмір сүргені және тергеушілердің адам өмірін қорғау үшін қандай әрекеттерге барғаны бейнеленеді. Қылмыстық әрекет ретінде тіркелген әрі болған оқиғаны веб-сериал ретінде ұсынып отыр.

5:32 веб-сериалын көруге тұрарлық 5 кеңес:

  1. Режиссер, сценарий авторы, продюсері- Алишер Утев. Ол осы уақытқа дейін “Бизнес по-казахски”, “Брат или брак”, “Каникулы в Таиланде”, “Брат или брак”, “Ва-банк”, “Жаным ты не поверишь”, “ТойХана” фильмдерін түсірген. Өзі продюсер, режиссер әрі сценарист ретінде түсірген фильмдері танымалдыққа ие болып жатыр. Көктемде жарық көрген “Сержан братан” және “5:32” веб-сериалы  90-жылдардығы оқиғалар туралы түсірілген.

Ол қазақстандық контент-нарықта сапалы қызықты жобалар тапшы екенін туралы: “Маньяктардың қылмысы туралы сериал көрерменге ұнайтын сияқты, өйткені медиаалаңда салмақты өнім аз. Мен 90-жылдары еліміз қандай күй кешкені туралы көптеген ақпарат оқыдым және мынадай қызыққа тап болдым: милиция жабылып ҰҚТ және рэкетирлермен алысып жатқанда, маньяктар өздерін еркін сезініп, ашық шыға бастаған, сондықтан құрбандық саны көбейген. Мені бұл факт қатты таң қалдырды да тақырыпты зерттей бастадым, сөйтсем өте үрейлі қылмыстар тым көп екен. Осы ойлардан шабыт алдым да, синопсис жазып, бірнеше сериясын да жазып тастадым, бірақ сол кезде іске асыруға әлі ерте екенін, көрермен әлі дайын емес екенін түсіндім. Үш жыл өткен соң ғана дайындықты, уақыт келгенін сездім. Осылайша біздің қылмыстық тарихымыздағы ең ауыр қылмыстар туралы сериал дүниеге келді”, — деді.

 

  1. Сериал 90-жылдары болған шынайы оқиғалар негізінде түсірілген. Сол жылдары адамдардың өміріне қауіп төндірген маньяктардың қозғалған істерін ашық көрсеткен.
  2. Хронометраж- сериалдың ұзақтығы 40 минут. Осы уақыт аралығында көрерменді ұстап, әрі қызықтыра түседі.
  3. Кәсіби ұжым жұмысы жасаған. Актерлық құрам, қоюшы мамандар және грим бөлімі 90-жылдағы сезімдерді көрсете білді.
  4. Оператор- Бағдат Арғынов. Бұл оператордық қоржынында: “Sheker”, “Sheker-2”, “Serjan Bratan” веб-сериалдары бар.

Актерлік құрамында жалпы саны 500 адам болды.  Басты рөлдерде Әбілмансұр Серіков, Қобыланды Болат, Марат Амираев, Сағызбай Қарабалин, Жалғас Жанғазин, Бақтияр Байсерік, Таңшолпан Кинжембетова ойнайды.

Басты рөлдегі Әбілмансұр Серіков — театр және кино актері. Белгілі рөлдерінің бірі: тұңғыш Елбасыға арналған “Менің балалық шағымның аспаны” фильмінде жасөспірім шағын ойнаған.  Белгілі актер Әбунасыр Серіков пен театр және кион актрисасы  Лиза Серікованың ұлы.  Веб-сериалда Шалқардың рөлін сомдайды. Ол маньяктарды ұстау жөніндегі арнайы бөлімнің тергеушісі әрі жұмысына жауапгершілікпен қарайтын маман екенін көрсетеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от serikovmansur (@serikovmansur)

Әбілмансұр Серіков образға ену үшін қандай күй кешкенін айтып берді: “Түсірілім алаңында қандай күйде болғанымды айтып жеткізу мүмкін емес. Басқа өмір сүргендей болдым. Менің кейіпкерім Шалқардың тағдыры өте қиын. Кезінде алдына жан салмай, кейін жалғыз қалу аса ауыр жүк. Ол тұтас елге қажет күрделі жұмысты жауапкершілікпен атқарды. Жақсы тергеуші болды.  Адамдардың тыныштығын қорғады. Өте ақылды және салмақты адам. Біз түсірілім алаңында үш ай өмір сүрдік. Мен еліміз қиын жағдайдан шыға алмай жатқанда дұрыс құндылықтар үшін күрескен адамның образына толық кіре алдым. Бұған дейін менде мұндай актерлік тәжірибем болмады, мұндай сценарий кездеспеді, бұл жұмыс менің мүмкіндіктерімді толық аша алды. Эмоционалдық және физикалық тұрғыдан өте қиын болды, дегенмен осындай жолдан өткеніме өте қуаныштымын”

Қобыланды Болат— театр және кино актері. Қоржынында екі фильм бар. Бірнішсі- А.Л.Ж.И.Р, соңғысы- 5:32. Веб-сериалда  Думанның рөлін сомдайды. Ол  маньяктарды ұстау жөніндегі арнайы бөлімнің тергеушісі, Шалқардың серіктесі әрі жақын досы. Екеуі бірге маньяктарды анықтап, қарапайым адамдарды қорғауға тырысады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 𝕂𝕠𝕓𝕪𝕝𝕒𝕟𝕕𝕪 𝔹𝕠𝕝𝕒𝕥 (@kobylandy_bolat)

Таңшолпан Кинжембаева— театр және кино актрисасы. Веб-сериалда Меруерт маньяктарды ұстау жөніндегі арнайы бөлімнің тергеушісі рөлінде. Басты рөлдегі Шалқардың ғашығы. Қылмыскерлерді ұстау барысында қаза болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @tansholpan_acting

“5:32”  веб-сериалындағы бөлімдерге талдау:

  1. Қаралатын №1 іс- Такси

90-жылдары тіркелген қылмыстық істің бірі такси жүргізушілерніңің жас қыздарды өлтіруі жайлы. Түсірілім Қаратау қаласында 42 күн түсірілген.  Түсірілім тобында 50 адам, ал актерлық құрамда   500 адам жұмыс істеді.

  1. Қаралатын №2 іс- Белдемшедегі құбыжық

Тіркелген тағы бір іс- адамдарды аяусыз өлтіріп, адам етінен бәліш сатқан әйел туралы. 3 теңгеге бәліш, бір стакан шекілдеуік сатқан әйел адам басында күдік тудырмағанмен ауыр қылмыстың басты себепшісі екенін анықтайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жаудир Сарыпбекова (@zhaudir_sarypbekova)

Қылмыскердің рөлін  Жәудір Сарыпбекова театр және кино актрисасы. “Серпер” жастар сыйлығының лауреатының иегері.

3.Қаралатын іс №3- Жүейсіз маньяк

Жүйке жүйесінде ауытқуы бар Қуаныш есімді жігіт өзін ашуландырған адамды аяусыз өлтіріп бөлшектеп кетеді. Ол кез-келген жерде, кез-келген адамды өлтіреді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Куаныш Кудайберген (@qudaibergenq)

Бұл рөлді театр және кино актері Қуаныш Құдайберген сомдайды. Ол қазір Әуезов театрының актері.

4. Қаралатын іс №4- Бір аяқты шал

90- жылдары Аршалы ауылындағы (бұрынғы атауы Вишневка) қыздардың жоғалып кетуімен тікелей байланысты. Жалғыз тұратын шал адамдарға күдік тудырмағанымен, бір ауданды қорқынышты ұстап отырған. Кінәсі мойындалғанан кейін ату жазасына кесіледі. Есімі- Александр Дудник.

5. Қаралатын іс №5- Студенттік қалашықтағы маньяк

Студенттік қалашықтағы қыздарға тиісіп, аяусыз өлтіріп жүрген жігіттің оқиғасы баяндалады. Оның ісі бірнеше қызды өлтіргенен кейін анықталады. Қылмыстық істі ашуға бірінші құрбаны болған қыз көмектеседі.

Бұл бөлімдегі басты рөлді “Жаралы сезім” фильміндегі актер Виталий Куприянов ойнайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Vitaliy Kupriyanov (@vitalykupriyanov)

3 айға созылған түсірілім, 9 бөлімді веб-сериал ретінде көрерменге жол тартты.

 

 

Tags: “5:32” веб-сериалактерлық құрам

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС