Жаңа жылға бір айдан астам уақыт қалды. Жақындарыңызға сый жасау туралы ойланатын сәт те алыс емес деген сөз. Сыйлық таңдағанда, өзге адамның қызығушылығы мен қалауын ескерген дұрыс. Opa.kz редакциясы әр алуан талғамға сүйеніп, жаңа жылдық ерекше сыйлықтар тізімін құрастырды.
ҚЫШТАН ЫДЫС ЖАСАУ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

Бірнеше жақыныңызға сый жасау үшін отбасылық мастер-классқа сертификат алуға болады. Сүйіктіңізді де шеберханаға шақырып, романтикалық кездесу ұйымдастырыңыз. Бірге көңілді уақыт өткізіп қана қоймай, өз қолыңызбен естелік болатын бұйым жасайсыз.

Психологтардың айтуынша, қыштан ыдыс жасау психикаға пайдалы. Концентрацияны жақсартып, жүйке-жүйені тыныштандыруға көмектеседі. Yuframe командасының мүшесі Артур Асқарұлы да жақында қыштан ыдыс жасауды үйреніпті.
“Сіз де жақыныңызға жаңа хобби мен қайталанбас сезім сыйлай аласыз”, — дейді вайнер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
@archibaalt Астанадағы Twist қыш шеберханасына баруға кеңес береді. Шеберханада мастер-класстардан бөлек, түрлі мереке ұйымдастырып, сүйіктіңізге ұсыныс та жасай аласыз. Студия іші түрлі қыштан жасалған ерекше бұйымдармен безендірілген. Кесе, табақ, құмыра сияқты ыдыстардан бөлек, жаңа жылдық шырша ойыншықтарын жасауға болады.
Бағасы: балалар мастер-классы – 3500 теңге. Ересектерге арналған мастер-класс – 6000 теңге.
Кездесу, іс-шара ұйымдастыру үшін алдын- ала хабарласқаныңыз жөн. Шеберлік сағаттарына қатысудан бөлек, түрлі дайын ыдыстар мен декор бұйымдарын сатып алуға болады.
BLOCK ME NOT БЛОКНОТТАРЫ

Отандық BLOCK me NOT бренді жеке қалауыңызды ескере отырып, сізге ғана арналған ерекше блокнот жасап береді. Сыртына жеке логоңызды, қалаған цитатыңызды, аты-жөніңізді жаздыра аласыз. Жақыныңызға деген тілек қосып, оны әдемі дизайнмен өрнектеуге де болады.
Бұл брендтің өнімін Софи Манасян, Айна Досқызы, Марина Шарипова сияқты блогерлер қолданады.
BLOCK me NOT арқылы тіпті сүйіктісіне ұсыныс та жасаған жандар бар. Ал жаңа жыл қарсаңында мұндай ерекше сыйлық кімді болсын қуантары анық.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Блокнотты қалай таңдау керек?
BLOCK me NOT парақшасында таңдау жасауға көмектесетін гайд бар.
Блокноттан бөлек, әмиян, картхолдер, ұсақ тиын салатын қалташа, пенал мен құжат салатын папкаға да тапсырыс бере аласыз.
Бағасы: Блокноттар бағасы 7500 теңгеден басталады. Таңдауыңызға қарай, баға әр тапсырысқа жеке есептеледі.
КОСМЕТИКАЛЫҚ ДҮКЕНДЕР, ПРОЦЕДУРАЛАР СЕРТИФИКАТЫ
Көпшілік косметика өнімдерін сыйлағанды ұнатады. Алайда, сіздің таңдауыңыз басқалардың көңілінен шыға бермейтін кез болады. Оның үстіне, косметика әр адамның тері ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек өнім. Сол себепті көптеген сыйланған косметика пайдаланылмай қалады. Есесіне косметикалық процедураларға, өнімдерге сертификат сыйлайтын болсаңыз, адам өзіне ұнамдысын таңдап алады.

Қазір косметикалық процедуралар да, дүкендер де көп. Сондықтан, шын сапалысын әрі сізге тиімдісін табу қиын. Алматыдағы Yellow Store бренді әлемдік косметика өнімдерінің түпнұсқасын сатумен айналысады.
Дүкеннің косметология орталығы бар. Yellow-дың өнімдерін Динара Рахимбаева (@dinara_rkh), Адина Топашева, Азиза Айбадуллина сияқты блогерлер қолданады. Динара “менің сау бет терімнің демеушісі – Yellow”, – дейді.

Брендтің 2 айға жарамды сыйлық сертификаты бар.. Артықшылығы – сертификат дүкен мен косметология орталығына қатар жарамды. Косметика немесе массаж арасынан таңдамай, екеуін қатар ала аласыз. Қазір Yellow-да арнайы жаңа жылдық сеттер пайда болды.
Бағасы: сыйлық сертификаты 5 мың мен 100 мың теңге арасында.
SHOPALAQUE-ТІҢ МУЗЫКАЛЫҚ САНДЫҚШАСЫ

Арзан әрі ерекше музыкалық сандықшаны кез келген адамға сыйлауға болады. Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай жасалған бұл кәдесый қазір өте танымал. Мысалы, блогер Арман Юсупов пен актриса Аружан Джазилбекованың өз сандықшалары бар. Сүйкімді дизайны мен нәзік «Көзімнің қарасы» кімнің болсын жүрегінен орын алады.
Бағасы: музыкалық сандықша 3500 теңге тұрады.
MARMELADBAR ТӘТТІ БОКСТАРЫ

Тәттіге толы бокс — қазір кең таралған сыйлық. Неше түрлісін табуға болады. Marmeladbar-дың ерекшелігі — мұнда көп жерден табыла бермейтін тәттілер бар.Жаңа жылға қарсаңында Marmeladbar түрлі тәтті бокстар дайындап жатыр. “Солнышко”, “Green”, “Подари_ка” сияқты түрлерінен бөлек, блогер жұп Арман (yssupov21) мен Каринаның (oksukpaevak) да сүйікті бокстары бар. Тіпті кішкентай Алимнің (alim_yussupov) де жақсы көретін тәтті қорабы бар.
Бағасы: Тәтті қораптар 3500 теңгеден басталады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram