Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Отандық туризм — жаһандық індет бекіткен жаңа тренд. Әлеуметтік қашықты сақтап демалуға болатын ТОП-3 мекен

by Назгүл Назар
02.12.2020
Reading Time: 8 mins read

@asseliina Instagram-аккаунтынан алынды: фотограф Руслан Тагаев түсірген сурет

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

2020-да нені үйрендің десе, бірауыздан «барды бағалауды» дер ме едік, кім біледі. Енгізілген шектеулер өмірдің біраз қалыпты рақатынан айырса да, күрделі кезеңнің плюс тұстары да аз емес. Солардың бірі — ішкі туризмге қосқан үлесіміз. Жеріміздің кең-байтақ екенін сөзбен айтып қоя бермей, соны көзбен көріп, ішпен білдік. Шығармашылық тоқырау келсе, әдетте шетел асып кете беретін отандық жұлдыздар да қазір шабытты елдегі тау-тастан, орман-жазықтан іздейді. 

Ендеше, «әлеуметтік қашықты сақтау» секілді жаңа талаппен толыққан жаңа заманда аясы тарылған отандық туризмнің, саяхаттың қай түрін таңдауға болады? Көз бен көңілге бірдей ләззат сыйлайтын қандай мекендерге баруға болады? OPA редакциясы трендтегі ТОП-үштікті құрастырды. 

Алматы облысы: Таудан артық тау ғана! 

@zholanova_gulnaz Instagram-парақшасынан алынды

Алматы облысының туристік потенциалын мақтап, сөз кетірудің өзі айып. Бәрі онсыз да түсінікті. Республика бойынша төрт миллионнан астам ішкі турист бар болса, соның екі миллионнан көбі — Алматы облысында. Мұнда қалауыңа қарай, кез келген туризм түрін табасың: танымдық, экологиялық, орнитологиялық, санаторий-сауықтыру, этнографиялық және т.б. Аймақта кейінгі жылдары тау туризмі кластерін дамытуға ерекше ден қойылған. Пандемия басталысымен бұның қажеттілігі бірнеше есе артты. 

Таудан бір-ақ шыққан жұлдыздар қатарында актриса Гүлназ Жоланова бар. Instagram-дағы посттарының бірінде әртіс: «бір жыл бұрын маған біреу терлеп, шаршап, күнге күйіп, қадам мен калория санап, бастысы, рақаттанып тауға шығуды әдетке айналдырасың десе, «ой кетші, қайдағы жоқты айтпай» дер едім, — дейді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Gulnaz Zholanova (@zholanova_gulnaz)

Әли Оқапов та биіктікті жаяулатып еңсеруге онша жоқ екен. Оны да орнынан тұрғызып, тауға айдап салған пандемия көрінеді. «Ерініп не ұйықтап қалмасам, келесі жолы тағы да тауда жолыққанша», — депті жұлдыз жазда бөліскен жазбасында. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Али Окапов (@aliokapov)

 

Шығыс Қазақстан облысы: Кішігірім континентке қош келдің!…

сурет www.ski.ru сайтынан алынды

Туризмнің барлық түрін дамытуға таласы бар тағы бір аймақ — Шығыс Қазақстан облысы.  Өңірдің ғажап табиғаты, бірегей ландшафты, дала мен таудың үйлесімі ешкімді бейжай қалдырмайды. Қазір мұндағы туристік потенциалы басым бағыттар — Алтай ауданының тау-шаңғы кластері мен Риддер қаласы. Таумен синергиясы бар саяхатшы блогер, эко-белсенді Асселина жақында өңір өкілдерінің арнайы шақыруымен осы екі жерде болып қайтты. Ғажап мекенде түсірілген видеоны блогер әлеуметтік желісінде «Өз стихиямда жүрмін» деген жазбамен жүктепті. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Асселина (@asseliina)

Қостанай облысы: Торғай тұрғанда, Дубай не керек?

Алматы облысында белең алған аграрлық немесе ауыл туризмі енді Қостанай облысында да бар. Жергілікті биліктің оны дамытуға мүдделі екені осыдан екі-үш ай бұрын көп айтылды. Аймақтағы халықтың 47 пайызы — қала тұрғындары. Енді олардың және бүкіл қазақстандықтардың қарбаластан бір сәт демалып, ауыл атмосферасын сезініп, әжесінің үйіне қонаққа келгендей күй кешіп қайтуына ерекше жағдай жасалады. Демалыстың бұл түрін қонақтарға қамтамасыз етуге жергілікті 7 аудан дайын екен. 

Жақында Қостанай облысына Әлішер Елікбаев барып қайтты. PR, коммуникация маманы мұндағы ормандарға ғашық екен. «Қарағай мен қылқан жапырақтылардың иісі мені балалық шаққа оралтады» дейді. Рудный, Лисаковск маңындағы қайың тоғайлары да өзгеше екен. Бір әттеген-айы — «солардың сары түске оранып тұрған кейпін көру үшін ертерек келмегенім», — дейді Елікбаев.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алишер Еликбаев (@yelikbayev)

Қарлы Қостанайға тап болған Тамара Асар да мұндағы ормандардың құдіретіне тәнті. «Маска тақпай, бас ауған жаққа жүре беруге рұқсат» деп, рақат күйін әнші Instagram-да бөлісіпті. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Тамара Асар (@tamara_assar_official)

Tags: әлеуметтік қашықтықбелсенді демалысотандық туризмсаяхатспорттау

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС