Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Пандемия кезіндегі шетелге саяхат: отандық жұлдыздар қайда демалды?

Opa.kz отандық жұлдыздардың пандемия кезінде қай шетелдерде демалып жүргенін анықтады

by Opa Media
07.12.2020
Reading Time: 7 mins read

Фото: Санжар Мәди instagram парақшасынан

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Биыл пандемия көп жұлдыздардың шетелге саяхат жоспарын бұзды. Салдарынан қазақстандықтар қатаң шектеу шаралары кезінде еліміздегі туризмді таңдауына тура келді. Әдетте жаз мезгілінде жұлдыздар арасында танымал демалыс орындары саналатын Бали мен Түркиядағы теңіздерді Алакөл, Каспийлер алмастырды. Бірақ жаз соңында бірнеше елге әуе рейстері ашыла сала шетелге саяхаттау қайта жанданды. 

Қазақстандықтар карантиннен кейін көбіне Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Мысыр сияқты классик бағыттарды таңдаған. Бірақ арасында Кения, Вьетнам, Чехия, Беларусь сияқты елдерге саяхаттағандар да бар. 

Солардың бірі — Өркен Кенжебек. Блогер жазда Вьетнамда демалған. Осымен 40-шы елін аралаған Өркен Кенжебек саяхатшының туркомпаниямен шығуы ұят дейді. Алайда биыл тәжірибесінде алғаш рет Вьетнaмға туркомпаниямен шыққан. Оның үстіне, Вьетнамды көру бала кезден бергі арманы екен. Кішкентай кезінде блогер өзін сол елдің көсемі сезініпті.

Фото: Өркен Кенжебек instagram парақшасынан

Ал жиһанкез блогер Динара Болат биыл Кения мемлекетінен бір-ақ шықты. Оқырмандарына Африканың флорасы мен фаунасын көрсетіп, жергілікті халықтың салт-жоралғыларын таныстырды. Жиһанкез блогер қанша жерден саяхатшы болсаң да, Африкаға жалғыз бармауға кеңес берді.

“Біріншіден, Кения Колумбия, Бразилия секілді туристер үшін қауіпті елдердің біріне жатады. Әсіресе, қас қарайа бастаған кезде көшеге шығуға болмайды. Екіншіден Еуропа, АҚШ елдеріндегідей көлікті жалға алып, өз бетіңмен ұлттық парктерге бара алмайсың. Баруын барарсың-ау. Бірақ, көрерге аң таппайсың. Не өте аз көріп қайтасың. Кениядағы туристерге арналған сафари — негізгі табыс көздерінің бірі. Тура бізде белгілі бір бағыттағы таксистердің бір-бірін қолдауы секілді мұнда да арнайы мамандар “Мына жолдың бойында зебрлалар жүр”, “Мына градуста екі жолбарыс кетіп бара жатыр”, “Жаңа ғана пілдер өзенге қарай кетті” деп бір-біріне рациямен бағыттайды. Ал жалғыз өзің шықсаң мұның барлығын кім айтып отырады?”, — деді блогер парақшасында. 

Фото: Динара Болаттың instagram парақшасынан

Динара Болат саяхатына барлығы 1 850 000 теңге жұмсаған. Шығыны әдеттегіден едәуір көп болғанына қарамастан, Кенияға барғанына өкінбейтінін айтты.

Жұлдыз жұп Қарақат пен Қыдырәлі болса, биыл балаларымен бір айға жуық уақыт Түркияның Анталия қаласында демалды. Әншілердің тіпті көрші елге көшіп кеткені туралы қауесет тарап кетті. Жұрттың бұлай ойлауына ерлі-зайыптылардың Аланья қаласынан үй сатып алғаны себеп болған. Бірақ Қарақат Әбілдина Instagram парақшасында бұл қауесетті жоққа шығарып, жай демалуға келгенін айтты. Сондай-ақ, Түркияға баруының бір себебі — балаларының денсаулығы екенін атап өтті. 

“Осы жақта қалуымызға басты себеп – теңіз, күн. Теңізден бөлінетін пайдалы минералдар жанға дауа, дертке шипа. D дәруменін де адам күннен алады, сондықтан балаларымыздың денсаулығы үшін осында бола тұрайық деп шештік. Денсаулықтан қымбат не бар?! Ұзақ уақыт үйден шықпай отырғаннан, шыны керек, бала түгіл өзіміз де бастырылып қалдық. Сөйтіп отырғанда достарымыз шақырып, ойламаған жерден Түркиядан бір-ақ шықтық”, — деді Қарақат. 

Фото: Қарақат Әбілдинаның
instagram парақшасынан

Жұлдыз отбасы жақында елге оралды. Алты баланың анасы Қарақат Әбілдина қанша елге барса да, ешбірі Қазақстанға жетпейтінін айтты. 

“Кезсем де әлем қаншама, елдерді көрдік біршама, алайда оның барлығы, даласы құнан жайылған, жусанның иісі аңқыған, тау қыраты топырағы, қазақтығымды дарытқан, туған елден артық деп ойлама”, — деген өлең жолдарын жүктеді. 

Болмановтар жанұясынан бөлек, Аланьяда демалып жүрген жұлдыздардың қарасы көп. 

Солардың бірі — танымал продюсер Баян Алагөзова. Түркияға жиі барса да, Аланьяға бірінші сапары екен. Алагөзова Instagram парақшасына жариялаған суреттеріне қарағанда, биыл Түркияға ол екі рет барған. Қыркүйекте күйеуі Түрсен Алагөзовпен Стамбұлда демалса, қарашада қызы Айару Бақытбекпен Аланьяға саяхаттады. Танымал продюсер Аланьядан “влог” форматындағы видео түсіріп, сол жақтан жылжымайтын мүлік алғысы келетінін айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Жылжымайтын мүлік демекші, жақында Алтынай Жорабаева да Аланьядан үй алып, оқырмандарымен қуанышты жаңағылын бөлісті. 

“Түркия елінен, Аланья қаласынан, теңіздің жағасынан 7 жұлдызды  2+1 ( 3 бөлмелі) пәтер сатып алдық”, — деп жазды Instagram-да Алтынай Жорабаева. 

Әншінің айтуынша, жаңа пәтері 2022 жылы желтоқсанда салынып бітеді. Оған дейін жұлдыз үйдің ақшасын бөліп төлейтін болады. Жорабаева Түркиядан үй алудағы мақсаты елден көшіп кету емес екенін, көрші елге демалысқа келгенде керек болатынын айтты. Сондай-ақ, пәтер бос кезде оны жалға беріп, ақша табу жоспары да жоқ емес көрінеді. 

Фото: Алтынай Жорабаева instagram парақшасынан

Қазақстандық жұлдыздардың бір тобы Түркия да жүрсе, енді бірі Мысырда демалуды жөн көрген. 

Олардың қатарында Мадина Сәдуақасова бар. Бұған дейін әншінің Мысырда ұлымен демалып жүргені туралы жазған едік. Алайда қазір жұлдыз әлеуметтік желісіне демалыстан салған суреттерін өшіріп тастапты. Мысыр мұрағатын тек ұлы Ануар Смағұловтың парақшасынан көруге болады. Десе де, Мадина пирамидалар еліне өзі ғана барып қоймай, оқырмандарының арасында арнайы ұтыс ойнатып, біріне Мысырға жолдама сыйлаған. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Anuar (@smagulov_anuar_)

Ніл өзені бойындағы елге Тәуекел Мүсілім де барып, әйелімен демалып қайтты. Актер желіде құм далада, пирамидалар жанында түскен түрлі суреттерін бөлісті. Сосын ол Грузиядағы Тбилисиге де бет алды. Бірақ мұнда танымал актер Төлепберген Байсақаловпен бірге жүргеніне қарағанда, бұл жолы Тәуекел жұмыс бабымен барған көрінеді. 

Фото: Тәуекел Мүслім instagram парақшасынан

Мысырдан бір-ақ шыққандар қатарында күн астында көп жүретін Нұртас Адамбай бар. Ол 19 күн демалыста күннен қорғайтын SPF-крем бір ақ рет жаққандықтан қарайып кеткенін айтты. Танымал продюсер Мысырдан өзіне дос тауып та үлгерген. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от nurtasadambay (@nurtasadambay)

Қазақстан киносының сері жігіттері Дубайда жүр. Атап айтқанда, Санжар Мәди, Берік Айтжанов, Жандос Айбассов сияқты белгілі актерлер Бурдж-Халива алдында бірге түскен суретін жариялады. Санжар Мәди фотоның астына қайда жүргені емес, кіммен жүргені маңызды екенін атап өтті. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Sanjar Madi • Санжар Мади (@sanjar.madi)

Айта кетсек, Санжар Мәди Қазақстан жұлдыздары арасында биыл шетелде жиі болғандардың көшін бастады. Instagram парақшасындағы суреттеріне қарағанда күздің өзінде ол 5 елде болып үлгерген: Италия, Түркия, Беларусь, БАӘ, АҚШ. Бұл елдердің біразына актер кинотүсірілім мәселесімен барған. 28 қарашадан бері Санжар Мәди отбасымен бірге Лост-Анджелес қаласында жүр екен. 

Tags: Динара СұлтанДубайҚарақат пен ҚыдырәліМадина СәдуақасоваМысырӨркен КенжебекСанжар МәдиСтамбулТәуекел МүслімТүркия

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС