Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Кең таралған феминистік ағымдар қандай? Өкілдері кім?

by Жанерке Халамхан
19.12.2020
Reading Time: 6 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Феминизм аясы әйел құқығын қорғау мәселесімен ғана шектелмейді. Бұл адамға жасалған өшпенділіктің қай түріне болмасын қарсы тұру. Қозғалыс әуелде білім алу мен сайлауда дауыс беру құқығын талап ету нәтижесінде шыққан. Бүгінде, феминизм өкілдері гендерлік теңсіздік, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін жиі көтереді.

Мақсаты мен құндылықтарына қарай қозғалыс түрлі ағымдарға бөлінеді. Сонымен қатар, өзін “феминист” санамаса да, әйел құқығын белсенді қорғап жүрген танымал тұлғалар да бар. Редакция феминизм түрлері мен “феминист емес” тұлғалар туралы өз зерттеуін жүргізген болатын

ЛИБЕРАЛ ФЕМИНИЗМ 

Феминизмнің бұл ағымы басқа түрлерінен бұрын пайда болған. Либерал феминистер заң алдында әйел мен еркек тең болуы керек деп есептейді. Әйелдердің саясатқа араласуын, еңбегі үшін тең жалақы алуын талап ету – либерал феминизмнің маңызды мақсаттарының бірі. Бұл талаптар орындалу үшін либерал феминистер әйел құқығын шектеудің алдын алатын заң реформалары болу керек дейді.

Либерал феминизм
Иллюстрация авторы: @radiantingloom

Феминизмнің бұл түріне мына мысалды келтірсек болады. 2016 жылы продюсер Дина Смаилова #Немолчи қоғамдық қорын ашқан болатын. Қазір қор зорлықтан жапа шеккен әйелдер мен балаларға көмектесетін белгілі ұйымдардың бірі саналады.

Сондай-ақ, #Немолчи тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы  заңның әлсіз  тұстарын көрсетіп, өзгертуді талап етіп жүр.  

Либерал феминизм ең ескі феминизм түрі болғанына қарамастан, бұл ағым заманауи қоғамда кеңінен таралды.

ПОП-ФЕМИНИЗМ

Бұл ағым танымал поп-мәдениет өкілдерінің әйел құқығы үшін күресінен туған. Мысал ретінде Баян Есентаеваның тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары туралы фильм түсіру бастамасын айтуға болады. Былтыр ол келін институты, қыздық тақырыбын сынға алған болатын.

Баян Мақсатқызы @bayanmaxatkyzy

Қазақстанда поп-феминизмнің тағы бір мысалы — Kotex-тің блогерлермен жасаған жарнама кампаниясы. Мадина Мамадалиева (_m_a_d_l_e_n), Динара Рахимбаева, Разиюша, Алима Өсербаева сияқты бір топ блогерлер  қыз-келіншектерді қоғамдағы стереотиптерді бұзуға шақыратын ролик түсірді. #Снимиярлыки хэштегін қолданып, көптеген қыздар өз ойларын жазған болатын.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

Публикация от DINARA RKH (@dinara_rkh)

ЭКОФЕМИНИЗМ

Бұл ағым 1974 жылы пайда болған. Негізін салған — квир-белсенді Франсуаза Добон. Экофеминизмнің негізгі идеясы — әйел мен табиғат ұқсас. Екеуі де ғасырлар бойы қанауға ұшырап, өндірістік қатынастардың құрбаны болды деген идеяны таратады. Экофеминистер әйелдер ғаламшарды құтқару үшін бірігуі керек дейді.

Қазір экофеминистер табиғатты қорғауға бағытталған түрлі акциялар өткізеді. Бұл қозғалыс өкілдері қоршаған ортаға зиян нәрселер туралы айтып, табиғат ресурстарын үнемдеу жолдарын көрсетеді.

Джулия Хилл. Мамонт ағашын құтқару үшін 2 жыл ағашта өмір сүрген. Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Экофеминизм  туралы айтқанда, Джулия Хиллдың ерлігі жақсы мысал бола алады. Ол өзі жалғыз 738 күн бойы мамонт ағашын жергілікті әкімшіліктің шауып тастауына қарсы тұрған. Ол үшін экобелсенді  екі жыл бойы ағаш бұталарының ішінде өмір сүрген. Сол аралықта дауыл, жел, жаңбыр сияқты табиғат қолайсыздықтарына ғана емес, сондай-ақ, орманшылардың шабуылы мен полиция қысымына да тап болған. Джулияның осы қарсылығы нәтижесінде аймақтағы мамонт ағаштарын шабуға тыйым салынды.  Кейін  экобелсенді  бірнеше табиғатты қорғау қорының негізін салды.

Елімізде экофеминизм кең танылмаған. Алайда, экология, адам құқығы сияқты  мәселе көтеріп жүрген белсенді әйелдер өте көп.

 

Жанбота Медеуева @mycupplease.ala

Қазақстандағы My Cup, Pleas қозғалысының негізін салушы Жанбота Медеуева саналы тұтынуды насихаттап жүр. Instagram парақшасында zero waste, пластик сорттау, экология туралы ақпарат таратады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Публикация от Нагимуша (@nagimuwaa)

Нагимуша Алматыны мысалға алып, ауа ластануына қоғам назарын аударды. Жақында блогер төсемелерден бас тартып, эко-өнім — менструалды тостаған пайдаланып бастаған.

Блогер Асселина. Сурет авторы @asselina

Асселина өз парақшасында харассмент мәселесін көтеріп, әйел құқығы туралы сөз қозғап жүр. Блогер Көбейтұз, Қайыңдыдағы қоқыс туралы айтып, экология тақырыбына үн қосып жүр.

Бұл өздерін экофеминист санамаса да, ағым ұстанымдарына ортақ құндылыққа ие әйелдер.

ИНТЕРСЕКЦИОНАЛ ФЕМИНИЗМ

Бұл терминді жазушы, заң ғылымдарының профессоры Кимберли Уильямс Крэншоу енгізген. Ол “ Кемсіту белгілері әйелге ғана қатысты емес” дейді. Бұл ағым өкілдері сексизм, расизм, діни сипатқа қатысты шеттету мен гомофобия ұғымдары бір-бірімен байланысты дейді.

Интерсекционал феминистердің айтуынша, құқығы басым тапталған топ — афроамерикан гомосексуал әйелдер. Бұл әйелдер басқаларға қарағанда ең көп  қудалауға ұшырайды. Соған себеп болатын белгілерге ие: терісінің түсі, жынысы,  гомосексуал адам болуды таңдағаны. Интерсекционал феминизм қағидасы бойынша сен бір нәрсеге қатысты қоғам тұрғысынан қабылданғаныңмен, басқа бір жағынан шеттетілген болуың мүмкін. Мысалы,  ақ нәсілді әйел болсаң, қоғамда теріңнің түсіне бола басымдыққа ие боласың да, жынысыңа қатысты кемсітуге ұшырайсың.

 

Tags: интерсекционал феминизмлиберал феминизмФеминизмфеминизм түрлеріэкофеминизм

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС