Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Қазақстандық профеминистер. Еркектерге феминизмде орын бар ма?

by Жанерке Халамхан
29.12.2020
Reading Time: 1 min read

Дархан Шәріп 8 наурыз күні Алматыда өткен феминист маршта. @manshuq.com

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Феминизм тек әйелдер арасында емес, еркектер үшін де танымал идеологияға айналды. Тек «Вконтакте» желісіндегі фемтоптардың әр оныншы фоллоуері — ер адам. Феминистік ұйымдардың мүшесі ретінде фем-акцияларға белсене қатысатын ерлер қатары көбейді. Бұл — әйел құқығын шектеу мәселесімен тікелей кездеспесе де, дискриминацияға қарсы шығатын, әйелдер дауысы үшін күресіп жүрген адамдар. Әдетте бұл азаматтарды профеминист деп атайды.

Осы ретте “профеминистерді феминизм ағымдарына жатқызуға бола ма?” деген сұрақ жиі туындайды. Бірі әйел құқығы туралы еркектердің де айтуы дұрыс десе, басқасы «патриархал» тәрбие көрген ер адамның қозғалыс өкілі болуы қауіпті деп жатады. Opa.kz редакциясы өзін профеминист санайтын ер адамдармен сөйлесіп, «неліктен феминизмді қолдайтындарын, әйел құқығы туралы айтудан оларға қандай пайда барын біліп, “феминизмде еркектерге расымен орын бар ма?» деген сұраққа жауап тауып көрді.

«Менің айналам әйелдерге толы: анам, құрбыларым, таныстарым…уақыт өте келе әлемге әйел көзқарасымен де қарай бастайды екенсің»

Мәди Мәмбетов — профеминист AskManshuq подкастының жүргізушісі, журналист

Мәди Мәмбетов
Мәди Мәмбетов. @hommes.kz

Менің феминизмге келуіме әйелдер әсер етті. Ата-анам ажырасып кеткен соң, әпкем екеуімізді анам жалғыз өсірді. Әрі ортам да кілең әйелдерден құралды. Айналаңда әйелдер көп болса, сен олардың көзқарасын сіңіріп алады екенсің. Әлемге әйел көзімен қарағанымда қоғамдағы әділетсіздікті байқадым. Бізде көп кемсітуге ұшырайтын да, үнемі құқығы шектеле беретін де — әйел. Олардың көбі тіпті осылай болуы дұрыс деп қабылдайды. Мысалы, менің екі таныс құрбым маған әйелдердің ешбір шектеуге ұшырамайтынын дәлелдеп бақты. Бірақ, мен оларға жұмысқа қабылдау, басқарушы қызметтегі еркектер мен әйелдер саны туралы түрлі мысалдар келтірдім. Осыдан кейін олар ойланып қалды. Тіпті мені кездесуге шақырып, бұл туралы одан әрі қызығып сұрай бастады.

«Менің профеминист болғаным феминист әйелдердің дауысын тұншықтырмауы тиіс»

Дархан Шәріп — профеминист, қоғам белсендісі

Дархан Шәріп
Дархан Шәріп 8 наурыз күні Алматыда өткен феминист маршта. @manshuq.com

Мен феминизм туралы желіде жиі жазамын. Әйел құқығы тақырыбын көтеріп, осыған қатысты маңызды шаралардан қалмауға тырысамын. Бұл қозғалыс туралы зерттей бастағанымда алғаш өз эгоммен қақтығысқа түстім. «Мен неге өзімді “профеминист” деуім керек? Неге “феминист” деп атай алмаймын?» деген сұрақтар мазалады.

Қарапайым атауға қатысты болғанымен, мен үшін маңызды сұрақ еді.

Мен феминизм туралы қаншалық көп айтып, көп білсем де, әйел дауысын тартып алмауым керек. Өзімді “феминист” деген атқа лайықты санасам, әйелге тиесілі орынды одан алып қоймауым қажет. Мыңдаған жылдар бойы еркектер түрлі салалардағы позициялар мен қоғамдық рөлдерді «әйелдерден жақсырақ білемін, лайықтымын» деген оймен тартып алып келе жатыр. Сол үшін де өзімді “профеминист емес, «феминиспін” дегім келмейді. Онда, «әлдеқайда лайықтырақпын» деп санатайтын әйел дауысын тұншықтырған патриархаттан айырмашылығым болмас еді.

Феминизм — әйел құқығы үшін күрес болғандықтан, оның дауысы «әйел» болғанын қалаймын. Сондықтан, қазір гендерлік мәселе туралы жазуды азайтып, ол туралы жазған феминисткалардың ойын таратуға тырысып жүрмін. Бұл арқылы «лайықты емес” деген қате сенімді «тиесілі, солай болуы керек» дегенмен алмастыру мүмкін болады деп ойлаймын.

Менің профеминистік көзқарасымның мақсаты әйел құқығы туралы айту емес, гендерлік теңсіздік туралы әйелдердің айтуына мүмкіндік беру.

«Еркек болғаным үшін басымдыққа ие болған сәттерімді білемін»

Мәди Мәмбетов — профеминист, AskManshuq подкастының жүргізушісі, журналист

Небәрі 24 жасымда аса ірі басылымның бас редакторы атандым. Бірақ, мен ол кезде бұл лауазымға лайықты менен де мықты әйел мамандардың болғанына сенімдімін. Бұл қызметке тағайындалуыма сөзсіз менің еркек екенім әсер етті. Яғни, мен декретке шығып кетпеймін, менің балам жоқ, тіпті ақыры соңында мен — үйленбеген бойдақпын.

Мұндай жасырын дискриминация көптеген басқа салаларда да бар. Әдетте жұмысқа әйелдерді алған күннің өзінде оларға еркектерге қарағанда көбірек талап қояды. Оның үстіне, егер сен жұмыс істейтін әйел болсаң, бәріне үлгеруің керек. Баланың тәрбиесі, жұмыстан кейін үй шаруасымен айналысу сияқты еленбейтін қосымша тірлік көп. Алайда “еркек болу” “еркін болу” деген сөз емес. Патриарх қоғам еркектің де еркіне қол салып отыр.

Мәди Мәмбетов:«Біздің қоғамда еркектерге эмоция көрсетуге, жылауға, махаббатын білдіріп еміренуге болмайды. Бірақ, сүйгеніңді білдіріп, сүйікті екеніңді сезінудің қажеттілігі жыныс таңдамайды»

Қазақ қоғамында еркектер жақсы көретінін эмоция арқылы ашық жеткізе алмайды. Ақыры, шығара алмаған сезімдерден ішімдік, есірткі қолданып, қауіпті спорт түрлерімен айналысып арылуға тырсады. Ерлер гипертония, жүрек талмасына әйелдерге қарағана көбірек шалдығады. Мұның себебі, эмоция тұрғысынан өздерін жиі шектейді. Бізде еркек сезімін білдіріп, еміренер болса, онысын әлсіздікке балайды. Асқан сезімталдықты тек әйелге тән қасиет деп қабылдап үйреніп қалғанбыз.

«Қоғам әйелді сексуал объект ретінде көреді. Қатып қалған гендерлік рөлдер мен таптаурындар әйел туралы қате пікір қалыптастырған»

Tengrinews. Kz
Tengrinews. Kz

Жақында «әкесінен аяғы ауыр болып қалған 13 жасар қыз», «Өгей әкесінен жүкті болып қалған мектеп оқушысы» деген тақырыптағы жаңалықтар шықты. Бұл — қылмыскерден жауапкершілікті алып, әйел мойнына асып қоюдың мысалдары.

Себебі, “аяғы ауыр болу”, “жүкті болу” дегендер — өзара келісіммен болатын нәрселер. Бұл жағдайда жаңалық тақырыбы «қыз бала әкесінің зорлығына ұшырады», «Өгей әкесі 13 жасар қызын зорлады» болуы керек болған.

Жаңалықтардағы суреттердің көбі қысқа белдемше киген мектеп оқушысының суреті. Бұл әйел денесін сексуалды объектке айналдырып, зорлық құрбаны туралы жалған образ қалыптастыру.

Tengrinews. Kz
Tengrinews. Kz

Мұны жазған медиа өкілдері қоғам алдындағы өз жауапкершілігін сезінуі керек. Себебі, БАҚ арқылы қоғамдағы әйелдің жалған рөлі қалыптасып отыр. Мысалы, әйел қатысуымен болған жол көлік оқиғасын жаңалықтардан көрсету де соған жатады. Ал ерлердің көлік апатына ұшырауы соншалық оғаш жағдай емес сияқты. Болмаса, көлік тізгінінде әйел отырғанына акцент жасап, “әйелдер көлікті нашар жүргізеді” деген ойға итермелейді. «Әйелдер бизнес жүргізе алмайды” деген де жалған пікір бар. Ал шын мәнінде, бәрімізде сәтті бизнес басқарып отырған әйел танысымыз көп. Мұның бәрі — медиадағы әйел образының бұрмаланғаны мен таптаурындардың салдары.

«Профеминистік көзқарас сатып алып, кие салатын көзілдірік емес»

Профеминистік ойлау жүйесі бірден пайда болмайды. Ол сананың бірте-бірте өзгеруі арқылы қалыптасатын көзқарас. Егер сіз еркек болсаңыз, қоғамның сізге берген бүкіл артықшылығын тізіп шығыңыз. Қандай басымдықтарға ие екеніңізді толық түсінгенде ғана, феминизмді зерттеу, ол туралы іздену әлдеқайда оңайырақ болады.

Tags: әйел құқығыеркектерПрофемиризмФеминизм

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС