Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Саяхаттағы жұлдыздардың үздік образы. Travel look-тарға шолу

Суық түсе сала жылы жаққа ұшатын тек жыл құстары ғана емес. Демалыс аңсаған отандық жұлдыздардың да әдеті сол. Саяхаттың олар үшін рахаты бөлек: ешкім танымайды, еркін киін де қамсыз демал. Сөйте тұра, әдемілікке ұмтылған болмыстан алыстамай, саяхаттағы образдарды жіті ойластыруға болады. Ендеше, бүгін отандық селебритидің үздік travel look-тарына шолу жасайық.

by Айжан Кәрібаева
13.01.2021
Reading Time: 8 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Әнші Мадина Сәдуақасованың сүйікті демалыс мекені – Мысыр елі. Бұның, әрине, себебі жоқ емес.  Жылы  су, ыстық күн проблемадан алыстауға таптырмас көмек. Осы жолы әнші үстіне не кисе де, басынан орамалын тастамады.  Образын Мадина былай түсіндірді: “Шарм эль Шейх — өте желді мекен екен.   Шляпа кию мүмкін емес, бастан ұшып кетеді.  Күн 40-тан асып ысиды, бас киімсіз де жүре алмайсың.  Ондағы ғимараттың бәрінде,  өзіңіз білесіз, тағы сол кондиционерлер.  Бір сөзбен айтқанда, басты суық пен ыстықтан, шашты желден сақтау керек болды. Оның үстіне,  өзіме де орамалды әртүрлі етіп байлап, жарастырып таққан ұнайды”. 

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова да биыл отбасымен Мысырды таңдапты. “Демалысты қызықты ете түсу үшін, балаларға тарихи орындарды көрсету үшін Каирге барғымыз келді. Біздің қаладан Каирге ұшақпен 1 сағатта, автобуспен 6 сағатта жетуге болады”, — деген ол, жағажайда жата беруден гөрі,  пирамидалар мен музей аралағанды жөн көрген.  “Мұнда туристерді баға жағынан көп алдайды”, — деп оқырмандарын ескертіп те қойды.  Онысын ғана емес, Жұлдыз ханымның тотал уайт образын да бағалап,  “5” қоямыз. 

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы болса, дубайсүйерлер қатарында. Құмды барханда изумруд түсті көйлек таңдауы өте сәтті шешім болған. Табиғи реңктердің үйлесімі деп осыны айт.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

Әнші Қарақат осы жылы Түркияның Анталья қаласын біраз мекен етті. “Бізге бүгін 60 күн” деп жазып бөліскен ол жаңа туған нәрестесін ыстық күн астында өсіруді жөн көрген. Жаңа босанған ана қызыл көйлегі мен бас аксессуарын әдемі үйлестіріпті.  Десе де, оның бәрінен бұрын әйел адамға ерек көрік беретін аналық позициясы, қолындағы нәрестесі дер едім.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

 Актриса Жанель Мақажанның таңдауы да Түркияға түскен. “Бұл жер мен үшін екінші үйімдей” деген ол, курортты қалаларды емес,  Стамбұлды таңдаған. “Стамбұлда мен ойламаған ғажайып сезім, керемет әсер, жүрегімнен орын алған тарихи сәт  —  шүбәсіз бақыт. Бұл жолғы сапар — жаңа өмірге қадам басқандағы Алламның маған берген сыйы” деп оқырмандарын қызықтырып та қойды.  Қалай болғанда да, Босфор жағасында беж бен жасыл гамманы жарасымды үйлестірген Жанельдің образы бізге ұнады. Қазақи әшекейлерді де дәріптеп тағуы көрген жұртты тек сүйсінтеді.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Жанель Макажан🕊 (@janellemakajan)

Tags: Жанель МакажанЖұлдыз ӘбдікәрімоваҚарақат Әбілдиналәйлә сұлтанқызыМадина Сәдуақасова

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС