Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

TOП-5: ОТАНДЫҚ ЖҰЛДЫЗДАР КОМПЛЕКСІМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСІП ЖҮР? 

Кейде сырт келбетіміздегі басқаларға ұқсас келмес тұстарды кемшілік санайтынымыз бар. Тіпті өмір бойғы комплекске айналдырып аламыз. Біріміз оған фокус ұстап, уайымдап, қайғыға түссек, енді біріміз күресудің жолын іздейміз. Біреу елемеуді үйренеді. Біреу “ерекшелігім” деп қабылдап кетеді. Енді біреу идеалына ұмтылады. Осы орайда OPA-ны «отандық селебритиге бұл проблема қаншалықты таныс және олар онымен қалай күреседі?» деген сұрақ мазалап, комплексін өзінше жеңген жұлдыз бестіктің рейтиңін жасады. 

by Мерей Назар
14.01.2021
Reading Time: 9 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Рейтиңнің 5-ші орны осыдан екі жыл бұрын Аша Матайдың келіні атанған блогер ару Ақжанға тиесілі. Талдықорғандық сұлу Instagram парақшасында тістеріне байланысты ұзақ уақыт комплекс сезінгенін және енді оның шешімін тапқанын айтты. Сол себепті оқырмандарын алдағы 2 жыл бойы оны брекетпен көруге дайын болуға шақырды. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Акжан👨‍👩‍👧 (@bs.akzhan)

Ал 4-ші орындағы танымал блогер, апалы сіңлілі Абиловалардың бірі – Мерей, керісінше, өз фоллоуерлеріне 1,5 жыл таққан брекетін шешкенін және енді ұялмай күліп суретке түсе алатынын айтып, қуанышын бөлісті. 

3-ші қола левелге Zheka Fatbelly лақап атымен белгілі Жеңіс Омаров тұрақтады. Өткен жылдың маусым айында әйгілі блогер өзінің әріптесі әрі досы Асхат Талғатұлымен бәстескен болатын. Екеуара келісім бойынша, жаз соңына дейін Жека 20 келі салмақ тастаса, Асхат оған көлік сыйлауы керек болған. Бәстесуден ұтылған жағдайда, Жеканың Instagram парақшасын досы 1 айға алып қоюы керек еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Асхат Талғатұлы (@askhat_abu_muhammad)

Бұл «қызықты» бүкіл Қазақстан бақылап отырды десек, артық айтқанымыз емес. Уәделескен уақыт келгенде, Жеңіс «тер төгіп» жеткен марапатының кілтін қолына алды. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Асхат Талғатұлы (@askhat_abu_muhammad)

Алайда, бәстесу мұнымен аяқталмады. Вайнер 2020 жылдың соңына дейін тағы 10 келі салмақ тастамаса, көлікті қайтарып беретінін айтты. Қалай ойлайсыз, Fatbelly сөзінде тұра алды ма? — Әрине! Ол жаңа жылды жаңа формада қарсы алып қана қоймай, өзінің сүйікті МЕРС-ін де сақтап қалды. Ендеше, оқырмандары үшін үлгі әрі мотиваторға айналған Жеңіске «Don’t give up!» дейміз.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Zheka Fatbelly (@zheka_fatbelly)

2-ші орынға жас ана, блогер әрі әнші, Мулан жайғасты. Ол Instagram stories-інде NSAPS «Қазақстан пластикалық хирургтар ұлттық қоғамының» Алматы қаласы бойынша директоры Шыңғыс Сабазбековтың парақшасын белгілеп, «Волшебник!» деген жазба қалдырған. OPA мұның не білдіретінін зерттей келе, жұлдыз төсіне ота жасатқанын түсінді. Дене бітімі онсыз да сұлу болған ару енді фоллоуерлерін одан бетер керемет формалары айқын көрінетін фото-видео түсіріп қуантуда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сабазбеков Чингиз Сержанович (@dr_sabazbekov)

Рейтиңіміздің 1-ші орны липофилиң процедурасын жасатқан танымал жұлдыз Лидоға беріледі. Онсыз да идеал мүсіннің иесі мұндай қадамға не себеппен барғаны көпшілікке түсініксіз болды. Оқырман сұрақтарын жауапсыз қалдырмас үшін әнші парақшасында осы тақырыпқа қатысты тікелей эфир жүргізді. Онда ол липофилиңнің не екенін және бұл процедураны қандай мотивпен жасағанын түсіндірді: “Менің бетім табиғатымнан өте арық әрі жақ сүйектерім шығыңқы келген. Азиялық типке жатады, тура әкемдікіндей. Кейінгі кезде, әсіресе осы соңғы жылы, қатты күйзеліске түстім. Одан бөлек, төрт баланың анасымын, емізу және т.б. жағдайлар бар, қысқасы, көп салмақ жоғалттым. Салдарынан мына самай тұсымда осындай «ойықтар» пайда болды. Жақ сүйектерім одан сайын үлкен болып көріне бастады. Эстетикалық тұрғыда бұл маған ұнамады, қатты алаңдатып, тіпті ашуландыра бастады. Сондықтан, осы процедураны жасауға бел будым. Липофилиң, ағылшын тілінен аударғанда, “липо” – май, “филлиң” – толтыру дегенді білдіреді. Менің жағдайымда майды сол самай тұсқа салып толтырдық”. 

Сондай-ақ, әнші көптеген танымал тұлғалар ертелі-кеш сырт келбетіне қандай да манипуляциялар жасауға жүгінетінін айтып, оған оң көзқараста екенін білдірді. «Бұл біздің жұмысымыз, біз ол үшін ақша аламыз. Келбетке, денсаулыққа келгенде, қаражатты да, күтімді де аямауымыз керек”, – деді Лидо ханым. 

Tags: MulanmnZheka FatbellyАбилова МерейАқжанкомплексЛидолипофилиң

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС