Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

КИНОШОЛУ: ҮЗДІК ФРАНЦУЗ КОМЕДИЯЛАРЫ

Француз комедиясы дегенде, бірден «1+1» (2011) фильмін еске аласыздар ма? Онда сіздер нағыз француз юморы қандай болатынын білмейсіздер. Ендеше жақсы әзіл мен әдемі сюжеттерді жақсы көретін талғампаз көрермен үшін бүгінгі шолу пайдалы болады. Француз елі туралы стереотиптер көп, соның ішінде шындыққа ең жақыны, көз жеткізгеніміз – олардың айрықша юморы. Өзіндік дәмі бар.

by Перизат Мырзахмет
14.01.2021
Reading Time: 1 min read

сурет obltv.ru сайтынан алынды

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Ойыншық (Игрушка). 1976 жылы шыққан драмеди. Атақты француз актері Пьер Ришардың бағын ашқан фильмдердің бірі. Аты комедия болғанмен адамның жанына үңілдіріп, «кейіпкердің орнында өзіміз не істер едік?» деген сұрақ пайда болады. «Бәрін сатып алуға болады» деген тұжырымды жан-жақтан қарап, «мен қаншаға сатылар едім» деген сұрақ туғызады. Таптар арасындағы айырмашылық қандай? Бай мен кедей қалай ойланады? Неге олай ойланады?.. Сұрақтар балалай береді.  Шым-шытырық оқиғасыз, атыс-шабыс, даңқты актерлік құрамсыз, миллиондаған бюджетсіз-ақ классикаға айналған шедевр түсіруге болатынын дәлелдеген комедия. 

сурет news.myseldon.com сайтынан алынды

Қашқындар (Беглецы). 1986 жыл.  Мінез-құлықтары, әдеттері, мақсаттары мен құндылықтары әр түрлі адамдарды тағдыр жолы қалай қосады? Күтпеген адамыңнан достық, қамқорлық, түсіністік тапқанда өзің қалай өзгересің? Осының бәрі француздың екі жұлдызы Пьер Ришар мен Жерар Депардье түскен комедияда. Сақау қызын жетелеп жандармдардан қашып жүрген ұры мен әккі қылмыскердің арақатынасы, текетірестері, табысулары өте әдемі жеткізілген. Тек француздарға тән бір қылықтарымен баурап алатын, әзілдерімен әдемі езу тартқызатын нәзік фильм. 

сурет kino-kingdom.com сайтынан алынды

Періште мен сайтанның ортасында (Между ангелом и бесом). Француз киносының екі бірдей жұлдызы Жерар Депардье мен Кристиан Клавье 1995 жылы түскен керемет комедия. «Қашқындар» сияқты екі әлемнің бір-бірімен тағдыр жолында кездесіп, бір-бірінің кемшіліктері мен артықшылықтарын тану арқылы достасып, қиындықтарды қалай бірге жеңгенін көрсетеді. Мафияның төресі мен діни қызметкердің басынан өткен шым-шытырық оқиға француз әзілдерімен әрленіп, актерлік шеберліктің керемет деңгейі көрсетілген. 

сурет divan.tv сайтынан алынды

Бөгде әлемнен келгендер (Пришельцы). Алпамыс батыр аяқ астынан біздің ғасырға түсе қалса не болар еді? Француздың батыры өзінің көмекшісімен бірге 20 ғасырға келгенде олар үшін ауыр айқас, ал біз үшін керемет қызық оқиғаларға тап болады. Қамсыз жүрген жиырманшы ғасырлықтар төбелерінен түскен туыстарының бабын таба алмай, батыр мен көмекшісі жиырманшы ғасырдың әдет-салттарын түсіне алмай біраз көңілді әуре-сарсаңға түседі. Бірінші бөлімі 1993 жылы керемет жетістікке жеткен соң 1996 және 2016 жылдары екі жалғасы түседі. Бірақ алғашқының жетістігін қайталай алмады. Химия болмай қалды. Дегенмен Кристиан Клавье мен Жан Реноның ойыны мен әдемі өрілген сюжет үшін уақыт арнауға болады.  

сурет film.ru сайтынан алынды

Жаман көңіл күй (Плохое настроение). 2000 жылдар француз комедиясы үшін құлдырау жылдары. Соның айқын дәлелі осы комедия. Рейтиңі орташадан сәл жоғары. Сюжеті, актерлік құрамы, режиссурасы – бәрі дұрыс сияқты, бірақ бірдеңе жетпей тұрғандай әсерден арыла алмайсыз. Жанның ауысуы (реинкарнация) тақырыбын әдемі қолдана тұрып, француздарға тән қым-қуыт сюжеттік шешімдерді таба отырып, көңілден шыға алмаған дүние. Өмір бойы жолы болмай жүрген жігіттің бітіспес жауынан кек алуы қызықты ма? Бұл кек алуға жаудың баласының қандай қатысы бар? Кек алу іске аса ма? Осының бәрін таба аласыздар. 

сурет unifrance.org сайтынан алынды

Кинодемалыстарыңыз сәтті өтсін. Карантин киноөндірісті тығырыққа тіреп, тоқыратып тастаған кезде ескі комедиялармен көңіл көтере тұрыңыздар.  

Tags: Жан РеноЖерар ДепардьеКристиан КлавьеПьер Ришарфранцуз комедиясы

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС