Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Люкс VS бюджетті косметика. Отандық жұлдыздар пайдаланатын қалта көтеретін 5 бьюти өнім

Біз көбіне өнімнің әдемі қаптамасына, брендтің танымалдығына төлейміз, бірақ берер нәтижесі бағасына кейде сәйкес келмей жатады. Сондықтан, OPA.kz "артық төлеуге еш негіз жоқ" деген ұранмен отандық жұлдыздар пайдаланатын бес бюджетті косметика өнімін назарыңызға ұсынады.

by Мерей Назар
21.01.2021
Reading Time: 2 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу
  1. BB cream Dr. Jart+ Rejuvenating Beauty Balm Silver Label SPF35 VS Bergamo Magic Snail BB Cream SPF50+/PA+++

Лифтиң әсері бар Dr. Jart+ Rejuvenating Beauty Balm Silver Label бетке арналған жасартатын ВВ крем теріңізге шырай беріп, күтім жасалған, тыныққан түрді қайтарғанға таптырмас өнім. Бірақ кішкентай құты үшін сұралатын баға сізді қорқытып жіберсе,  әбден түсінеміз.  Сол үшін орнына керемет баламасын ұсынамыз: құрамында ұлу муцині бар Bergamo Magic Snail BB кремі. Өнім мынандай үш әсер береді: 

    • Тері түсін тегістейді, терідегі ұсақ тесіктерді (поры) тарылтады, бетке «фарфор» реңкін береді.
    • Теріні жасартып, әжімдерді кетіреді, нәрлейді және ылғалдандырады.
    • Күн сәулесінен қорғайтын SPF50+ факторы бар.

Отандық жұлдыздардың ішінде ВВ кремнің люкс форматын да, бюджетті аналогын да пайдаланатындар бар. Танымал әнші Мақпал Исабекова күнделікті макияжына лифтиң әсері бар BB кремді қолданса, YouTube блогер Kiingsarah мен белгілі визажист Айым Алтынбекова Bergamo Magic Snail BB кремінің керемет әсері барына көз жеткізген.

  1. Urban Decay Naked Heat VS NYX Professional makeup Ultimate Shadow Palette — Warm Neutrals

Urban Decay Naked Heat палеткасын екінің бірі ұсынатыны рас. Өнімді әлемдік визажистердің бәрі дерлік пайдаланады. Алайда енді ғана макияж жасап үйреніп жүрсек, әйтпесе, жай ғана мұндай баға төлегіміз келмесе, не істемек керек? Қобалжымаңыз, бұның да шешімі бар — танымал бюджетті косметика бренді NYX ұсынған Ultimate Shadow Palette Warm Neutrals палеткасы. Екі өнімнің түсі бірдей болмаса да, өте ұқсас. Оның үстіне, Heat палеткасына 24200 теңге төлеп, 12 түс алсаңыз, Warm Neutrals-тың 16 түсін бар болғаны 7524 теңгеге сатып аласыз. 

Қоңыр түстің түрлі палитрасын жинаған бюджетті аналогты қазақстандық сәнқойлар да мақтайды. Солардың бірі — блогер Аяжан Сәрсенбаева. 

        3.  Chanel Le Volume De Chanel VS Vivienne Sabo Cabaret

Chanel Le Volume – көлем беретін тушьтар арасындағы тұтынушылардың фавориті де, косметикалық нарықтың сөзсіз хиті. Chanel ұсынған бұл тушь люкс сегментке жатады. Сәйкесінше, бағасы қалта көтере бермейді. Әсіресе, тушь өнім ретінде тез бітіп қалатынын ескерсек, «бұл өзі құнына сай ма?» деген заңды сұрақ туындайды. Ендеше, оны да аса қымбат емес, бірақ сапасы бойынша кем түспейтін өніммен алмастыруға бола ма? – Әрине! Бағасы алты есе төмен, бірақ кірпікке берер әсері люкспен тең, тіпті одан асып кететін Vivienne Sabo брендінен Cabaret тушін ұсынамыз.

Бұл ғажап өнім қазақстандық сұлулардың бәріне ұнайды. Олардың ішінде танымал актриса Жания Джуринская, модель әрі блогер Аяна Асылжанова және жоғарыда аталған Аяжан Сарсенбаева бар. 

        4. Cailyn Pure Lust Extreme Matte Tint VS Bourjois Rouge Edition Velvet 

Ерінге арналған барқытты флюид – Rouge Edition Velvet. Bourjois ұсынған бұл сұйық далап оңай жағылады әрі 24 сағат бойы ерніңізден өшіп кетпей, әдемі реңк сыйлап тұрады. Пигменттер мен майлармен байытылған формуласы ерінді құрғатпайды. Cailyn ұсынған күңгірт далап та осындай қасиеттерге ие, бірақ оның құны екі есе жоғары – шамамен 8500 теңге.

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, сұлу блогер Фариза Төреәлі бюджетті нұсқаға жататын Bourjois-ның далабын сүйіп қолданады екен. 

        5. Givenchy Lip Liner Pencil Waterproof VS Vivienne Sabo Jolies Levres

Әйгілі Givenchy маркасының ерінге арналған суға төзімді қарындаштары теріге оңай жағылады, растушевкаға да жақсы. Парафин мен консервантсыз формуласы ағып кетудің алдын алып, айқын контур сызуға мүмкіндік береді. Сөзсіз ғажап өнім. Бірақ косметика нарығында әсеріне пара пар, тең тұра алатын баламасы бар.  Vivienne Sabo француз компаниясының ерінге арналған қарындаштарын контур ретінде де, ерін далабының орнына да қолдануға болады. Құрамында ши, кокос және жожоба майы болғандықтан өнім нәзік теріні құрғатпайды. 

Бюджет нұсқа Jolies Levres-тің де өз қолданушылары бар. Қатарында әнші Индира Еділбаева, Жания Джуринская және Аяна Асылжанова бар.

Tags: KiingsarahАяжан СәрсенбаеваАяна АсылжановаЖәния ДжуринскаяМақпал ИсабековаФариза Төреәлі

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС