1. Ziruza
Q-pop ханша Зируза Disney-дің лакшери өмір сүретін ханшасы болып шыға келді. Әншіге бұл фильтр жарасқаны соншалық, түпнұсқаға қарағанда өңделген нұсқасы бізге қаттырақ ұнады.
2. Мейрамбек Беспаев
Эстрада жұлдызы Мейрамбек Беспаевтың костюм киген образы Disney-дің ханзадаларын еске сала ма? Жауап беру қиын. Қалай болғанда да, Snapchat-тың фильтрі Мейрамбекті 10 жылға жасартып, сымбатты жігітке айналдырған сияқты.
3. Мадина Сәдуақасова
Отандық сұлулардың бірі Мадина Сәдуақасова бұл фильтрмен өз-өзіне ұқсамай қалған секілді. Есесіне әншінің бұл түрі оған Disney әлемінде бірден-бір сұранысқа ие, аңқау ханшайымдарды сомдауға мүмкіндік берер еді.
4. Азамат Маркленов
Атышулы Ирина Қайратовна тобының мүшесі Азамат Маркленовтың харизмасын Cartoon фильтрі де жасыра алмады. Тіпті еселеп жібергендей. Рэпердің анимация түрі Disney-дегі үрей туғызатын жағымсыз badboy типті кейіпкер рөліне әбден сай сияқты.
5. Роза Рымбаева
Егер Disney студиясы қазақи мультфильм шығарса, Роза Рымбаеваның фильтрленген нұсқасы ондағы басты рөлдердің біріне лайық болар еді. Халық әртісінің оюланған әдемі киімі де Disney-дің патшайым образына керемет сәйкес келеді.
6. Alem (Ninety One)
Alem секілді сұлу жігіттерге Disney әлемінде қашанда орын табылады. Өмірде Ziruza Bala-мен жарасса, мультфильм кейіпкері ретінде Alem-мен керемет жұп болар еді.