Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Бет күтіміне көп көңіл бөлетін отандық жұлдыз жігіттер. ТОП-5

Түріміз – біздің визит картамыз. Қазір бұл тек бьюти саланың ғана ұраны емес. Ішкі дүниесімен бірге, сырт келбетіне де көңіл бөліп, уақытын, күші мен қаражатын жұмсау – бүгінде өзін құрметтейтін әр адамның міндеті. Олай болса, күтім тақырыбы жыныс талғамайды: әйелге де, еркекке де бірдей тән. Осының дәлелі ретінде OPA редакциясы өзіне күтім жасап, сырт келбетіне ерекше көңіл бөлетін отандық бес сымбатты жігітті назарыңызға ұсынады.

by Мерей Назар
04.02.2021
Reading Time: 5 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Қазақстандық танымал хореограф, блогер Досс Ұсабаев оқырмандарына «Ерсіз бе, әйелсіз бе, маңызды емес. Сіз өзіңізге ғана керексіз, сол үшін күтім жасап, бет-әлпетіңізге дұрыстап қарағанды әдетке айналдырыңыз» деп жиі айтады. Ол айтып қана қоймай, Instagram Stories-інде косметологқа барып, бьюти процедуралар жасатып жатқан, салонда маникюр-педикюр істетіп отырған фото-видеоларын да жиі көрсетіп отырады. 

Атышулы әнші, рэпер Нурик Смит хореограф Досс секілді бьюти тақырыбын үгіттемесе де, қызы Камилла Тенликованың арқасында көп жігітке үлгі болып жүр. Рэпердің ғашығы TikTok парақшасына жігітінің бетіне әртүрлі крем-маскалар жағып, күтім жасап жатқан видео салған. Екеуінің мимими туындысы желіде 482 мың қаралым жинапты. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Камилла Тенликова (@tenlikova)

Жақында әйгілі әнші Әлішер Кәрімов Ресейге барып, бетіне лазерлік процедура жасатқанын айтты. Сахнада 17 жылдай ән салып жүрген әртіс сырт келбетке көңіл бөлу – басымдықтардың бірі екенін айтады. Ол: «әрдайым сұраныста болу үшін тек вокалдық қабілеттерге сеніп отыруға болмайды, одан бөлек есте қаларлық келбет иесі де болу керек», — дейді. Сондықтан да, бұл Әлішердің пластикалық отаға алғаш жүгінуі емес. Екі жыл бұрын ол Кореяға барып көзіне блефаропластика жасатқан екен.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 𝐀𝐋𝐈𝐒𝐇𝐄𝐑 𝐊𝐀𝐑𝐈𝐌𝐎𝐕 (@alisher_k)

Savage House қазақстандық TikTok үйінің жігіттері Алихан Төлеген мен Идрис Яхаров ұжымдағы егіз арулардың бірі Томириспен бірге бетіне жасыл маска жағып, оқырмандарына естелік фото салған.  Жігіттер арудың эксплуатациясына түсіп қалды ма, әлде шынымен бет күтіміне көңіл бөлейін деді ме, белгісіз. Бірақ үшеуінің көңілді фотолары фоллоуерлерді қуантқаны факт.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SAVAGE HOUSE (@savagehouse.kz)

Tags: beautySavage houseАлихан ТөлегенӘлішер КәрімовДосс ҰсабаевИдрис Яхаровнурик смит

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС