Үнемі жұрт назарында жүретін отандық жұлдыздар өнерінен бөлек киім-кешегіне де айрықша мән береді. Арасында әлемге танымал бренд фанаттары да көп. Ендеше, Opа белгілі брендтерден киінетін қазақстандық селебритидің гардеробын зерттеп көрді.
Қыран Талапбек
Танымал видеомейкер Қыран Талапбектің instagram оқырмандары оның Jordan кроссовкаларын жақсы көретінін біледі. Кейде достары сыйласа, кейде топтамасын өзі толтырады.

Блогер коллекциясындағы бірегей кроссовка — Air Jordan 3 Retro. Спорттық аяқ киім құны ресми сайтта — 546$ (АҚШ долларының қазіргі курсымен есептегенде 231306.15 теңге).
Ерке Есмахан
Ерке Есмаханның брендтерге деген махаббаты бәрінен өзгеше. Оны instagram парақшасындағы look-тарынан байқауға болады. Gucci, Prada, Fendi, Louis Vuitton, т.т. — әншінің гардеробында қымбат брендтің бәрі бар. Біздің назарға Еркенің Louis Vuitton пижамасы түсті. Қанша тұратынын зерттеп көрдік. Асты үсті бөлек сатылады екен.
Атауы — LV Escale Pyjama. Жейдесі — 1 725 $ дан 2 330 $-ға дейін. Шалбары — 1 549 $-дан бастап 2 280 $-ға дейін. Қай қаладан алуына байланысты бағасы өзгереді. Қазақстанда әзірге сатылымда жоқ екен.

Динара Сатжан
Тележүргізуші Динара Сатжан Gucci, Chanel дүкендеріннен киінсе, сөмкелерін Michael kors, Louis Vuitton, Dior-дан алады. Cондай-ақ, Динара өз дүкенінің фанаты: гардеробынан шоурумындағы талай киімді байқауға болады. Өскеменге сапарына тележүргізуші мынадай шарф тағып барыпты. Бұл — Gucci cән үйінің өнімі. Бағасын ebay.com сайтынан таптық: 259,99$ тұрады.

@dinarasatzhan instagram парақшасынан және ebay.com сайтынан
Димаш Құдайберген
2019 жылы Jacob&Co швейцариялық сағаттарының бренд амбассадоры атанған Димаш Құдайбергеннің осы фирмадан бұйымы болуы заңдылық. Әншінің сағаты www.chrono24.com сайтында 445,885 $ тұрады екен. Бұл туралы алғаш insaneluxurylife хабарлады. Ол кездегі құны 389 172$ болған.

@kudaibergenov.dimash instagram парақшасынан және www.chrono24.com сайтынан
Айқын Төлепберген
Әнші Айқын Төлепбергенің әлеуметтік желісіндегі суреттеріне қарасақ, оны бренд киімдердің фанаты деуге келмес. Бірақ, жақсылап қарасақ, Tommy Hilfiger америкалық компаниясының Big Flag Cap қалпағын киіп түскен бірнеше фотосын табуға болады. Бұйым бағасы — 25.00 £. Бірақ қазір жеңілдікпен 13 £ алуға болады.
