Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

КИНОШОЛУ. Ең үздік байопик фильмдер

by Перизат Мырзахмет
05.02.2021
Reading Time: 1 min read

сурет kinopoisk.ru сайтынан алынды

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Әдебиетті жақсы көретіндер «өмірдің өзі – новелла» деп жататын еді ғой. Киномандар «кино деген – өмір» дейді. Қайтсе де өмірдің, тағдырдың, жаратушының (керегінің астын сызарсыз) сценарийі кинодан, кітаптан бетер қызық тартысты болып жатады. Оны кино тілімен әрлесе, тіпті әдемі, тебірентер дүниелер туады. Бүгін назарыңызға тарихта болған адамның өміріне негізделіп түсірілген байопик фильмдерді ұсынғым келіп тұр. Кейінгі онжылдықта соғыс қаһармандары, спортшылар, музыка мен шоу-бизнес жұлдыздары, экономика мен саясат мамандары, журналистер жайлы өмірбаяндық фильмдер өте көп түсірілді. Сәтті шыққандары да, баяндаудың сәтсіз нұсқасын таңдағандар да жетерлік. Дегенмен айтары көп туындылар.

Қызғылт түсті өмір (Жизнь в розовом цвете, 2007) француздың даңқты әншісі, қайталанбас дауыс иесі, өмірі күреске толы өнер жұлдызы Эдит Пиафтың өмірбаяны елең еткізбей қоймайды. Әрине, оның замандастарының бәрі сондай қиындықтан өтті. Уақыт сондай еді. Бірақ фильм тоқтаусыз, үздіксіз күрес туралы. Париждің ең кедей ауданында туып, әр күн үшін, әр демі үшін күрескен, сөйтіп жүріп талант пен табандылық арқасында әлемнің ең таңдаулы сахналарының жауһарына айналған Эдиттің ерлігі. Байопиктің сәтті шыққаны сондай, соңында Эдитті туысыңдай танып шығасың. Фильмнің басты жетістігі ретінде басты рөлді алып шыққан Марион Котийярды атап өткім келеді. Бұл фильмдегі жанкешті ойынын Оскар да мойындады.  

сурет kg-portal.ru сайтынан алынды

Ар өлшемі (По соображениям совести, 2016) керемет актер ретінде танылып, режиссерлікте де өз қолтаңбасын қалыптастырған Мэл Гибсонның кезекті байопигі. Екінші дүниежүзілік соғыс. АҚШ әскері Окинавада жапон әскерімен тіресіп тұр. Қатардағы сарбаз Дезмонд Досс әскер тәртібін бұзып, қудалауға ұшырайды. Бірақ… соңында Дезмонд әлемдегі соғыстың бәрі мәнсіз-мағынасыз саяси ойын екенін, адам адамға тек бауыр екенін, азаматтық, адамдық борыш біреудің жанын алуға қарсы екенін, жүрек тазалығы ең үлкен құндылық екенін дәлелдеп шығады. 

сует kino-teatr.ru сайтынан алынды

Арыстан (Лев, 2016) актерлік құрамымен бірден баурап алатын, тегі үнді Сару Брайерлидің мемуарының негізінде түсірілген, мелодрама, байопик жанрындағы төрт құбыласы тең, мығым жұмыс. Оскардың 6 аталымына ілігіп, бірақ бірде-бірінде жеңіске жетпеді. Дегенмен көрермен өз бағасын берді. Бағасынан бұрын фильмнен қатты әсерленіп, Сару тағдырлас балаларды асырап алушылар қатары көбейген екен. Сондықтан, қатал, тасжүрек әлемді жас баланың қабылдауымен, таза жүрегінің өлшемімен көрсеткен фильм діттеген мақсатына жетті деуге болады. 

сурет hellomonaco.ru сайтынан алынды

Жасыл кітап (Зеленая книга, 2018) АҚШ-тағы қара нәсілділердің тағдыры жайлы талай фильм түсірілді, түсіріліп жатыр, әлі де түсіріле береді. Өте ауқымды, өте ауыр тақырып болған соң, қанша қаузаса да, жаңа қыры шыға бермек. «Жасыл кітап» таланттыны да, таңдаулыны да табанға салған расизм туралы тағы бір драма. Қоғамдық пікірге көз жұма бағына бермей, жүрек көзімен қарағанда, өз санасымен өлшегенде расизм, шовинизм, нацизм сияқты -измдер миға сыймай қалатынын баяндайды. 

сурет superg.ru сайтынан алынды

Дау-дамай (Скандал, 2019) Феминизм мен харассмент тақырыбы көрерменді жалықтырғаны сонша, қазір бұл тақырыптарды қамтыған кез келген туынды хейтке ұшырайтын болған. Соның бірі осы «Дау-дамай». Тамаша актерлік құрам, әп-әдемі режиссерлік, сценарлық жұмыстарды жоққа шығарып, «көзге ілуге тұрғысыз фильм» деп айдар таққандар қаншама. Бірақ бұл «баға» әлемнің әлі де сексистік көзқараста екенін ғана дәлелдейді. Өмірде болған оқиға. Болып жатқан оқиға. Бұл бір көрінісі ғана. Іске асырылуы да қарабайыр емес. Үш әйелдің мансап жолындағы күресі, олардың алдынан шығатын сол баяғы көздер мен сөздер. Екіжүзділік, пасықтық, құдіретім шексіз деген көрсоқырлықты керемет жеткізген. 

Сурет rg.ru сайтынан алынды

Өмірлік күрес туралы баяндарды тамашалап, бұл демалыстардан шабыттанып шығыңыз. Сіздің өміріңіз байопик түсіруге лайық жарқын болсын! 

Tags: ар өлшеміарыстандау-дамайжасыл кітапкиношолуқызғылт түсті өмір

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС