Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына жазылған әндер. Орындайтын әншілердің пікірі қандай?

by nazerke
12.02.2021
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Биыл 9 ақпанда Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығын атап өттік. Ақынның поэзиясына қаншама ән жазылып, аты аңызға айналған туындылар шықты. Осы орайда Opa.kz ақиық ақынның өлеңдерін өнеріне қосқан эстрада жұлдыздарымен сұхбаттасты. 

Халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауындағы Наурыз мерекесінің визит картасына айналған “Наурыз-Думан” әнін білмейтін адам кем де кем. Сонау 80 жылдардың аяғында жарық көрген туынды әлі күнге дейін ұлттық мерекенің бойтұмары. Туындының сөзін жазған Мұқағали Мақатаев болса, әні танымал композитор Талғат Сарыбаевқа тиесілі. Ақынның 90-жылдығына орай “Қазақтың примадонасы” — Роза Рымбаева Opa редакциясына әннің тарихын айтып берді. 

“Наурыз-Думан” — 1989 жылы шыққан ән. Алғаш рет 32 жыл бұрын шырқадым. Бұл әнге жететін Наурызға арналған ән жоқ. Әзірше. Өзім мақтанышпен айтамын. Себебі бұны жазған композитор мен үшін ұлы композитор. Бұны жазған ақын мен үшін ұлы ақын. Сондықтан бұл туынды ұлы тұлғалардың жазған әні”, — деді Роза Рымбаева. 

Мақатаевтың өлеңіне жазылған ғажап әндердің бірін орындап жүрген тағы бір әнші — Өмірқұл Айниязов. Репертуарындағы “Ана, сен бақыттысың” әніне қатысты ойын біліп көрдік.

Бұл туындыны Өмірқұл Айниязов алғаш рет анасының туған күніне арнап шырқаған екен. Әншінің сөзінше, репертуарындағы басқа әндері — бір төбе болса, “Ана сен бақыттысың” әні — бір төбе. Себебі ол орындайтын әндердің біразы халық әніне келсе, енді бірі аздап рокқа жақын туындылар екен. Халық әншіден көбіне патриоттық әндер күтеді екен. Ал бұл туынды Айниязовты басқа қырынан көрсеткен. 

“Бұл ән менің репертуарыма осыдан 5-6 жыл бұрын келді. Мұқағали атамыздың сөзіне ән жазған Қызылорда қаласының тумасы Берік Сәметов. “Ана, сен бақыттысың” әнін мен бір тыңдағаннан ұнаттым, бірақ сахнаға бірден шығарған жоқпын. Содан бір күні анамның туған күні болатын болды. Анама бір ән арнасам деген ой келді. Өзім анамды “жеңеше” деп өскем. Туған күнге арнап жаздырып, сол әнді радиодан бердім. Халық жақсы қабылдаған соң, клип түсірейін деп шештім. Бейнебаянда анамның өзі түсті. Видео соңында менің жетістіктеріме қуанып, марқайып отырған бейнесі бар. Қазір ән бүкіл аналарға арнау ретінде айтылып жүр. Өте қуаныштымын”, — дейді Өмірқұл Айниязов редакцияға берген сұхбатында. 

Айниязов секілді Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған ән репертуарына жаңа дем берді деп есептейтіндердің бірі — Мадина Сәдуақасова. Оның әндерінің 90%-ы лирикалық, романтик сезімге толы махаббат жайлы әндер. Сондықтан да ақынның поэзиясынан таңдалған “Айтатын саған сырым бұл” деген күрделі әнді Мадинаның орындағаны халықты таңқалдырған. 

“Әнін жазған — Ғалымжан Секеев деген кәсіби сазгер. Әні мен сөзі керемет үйлесіп тұр. Біріншіден, ән өте күрделі. Жалпы бұл әнді мен былай түсіндім: “Айтатын саған сырым бұл” өлеңін Мұқағали атамыз ерте келіп, ерте кететін бір шабытқа арнаған сияқты. Кез келген шығармашылық адам әнші болсын, ақын, суретші болсын шабыт күтеді. Менің түсінігім бойынша, бұл өлең тікелей сол сезімге қатысты. Әнді халық өте жақсы қабылдады. Кәсіби музыканттардың өзі жоғары бағалады”, — дейді Мадина Сәдуақасова бізге берген сұхбатында. 

“Айтатын саған сырым бұл” әніне видеоклип те түсірілген. Видеотуынды авторлары Мұқағали Мақатаевтың бейнесін көрсетуге тырысқан. Ал Сәдуқасова ақынның музасы болып рөл сомдаған. Әншінің сөзінше, видеоклиптегі актердің бет-әлпеті, шашы, тіпті жүріс-тұрысына дейін Мұқағали атамыздың жас кезіне қатты ұқсайды екен. 

Ақынның тағы бір туындысы “Сен көріктісің” әнін орындап жүрген Саят Медеуов алғашында әнді орындауға жүрексінген екен. Есесіне кейін туынды әншінің өнер мансабындағы шоқтығы биік әнге айналды. 

“Марқұм сазгер Махамбет Түгелбаев деген ағамыз Мұқағали Мақатаевтің сөзіне ән жазған екен. Сосын оны маған Бағлан Омаров тындатып, орындауды ұсынды. Жылдам әнді орындай аламын ба, жоқ па деп уайымдадым. Бірақ әнді сазгерден сатып алуға дайын болдым. Сонда Бағлан аға мұныма ұрысып берді. Содан өзім орындайтын болып шештім. Ән қоржынымдағы орны бөлек, шоқтығы биік ән болып қалды”, — дейді Саят Медеуов.

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС