Тым ашық түсті консилер
Консилер — қыздардың сиқырлы таяқшасы. Оның көмегімен акнені де, беттегі тыртықты да, көз астындағы қара шеңберді де жасыруға болады. Бірақ, қиыны – көп қыздар тым ақ немесе тым қара консилер таңдайды да, кемшілікті жасырудың орнына, одан сайын білдіріп қояды.

Тері реңіне сәйкес келмейтін тоналды крем / Бет пен мойын түсінің екі түрлі болуы
Қара торы теріге ашық тон, ақ теріге қоңыр тон жағу – макияж әлемінде жиі кездесетін тағы бір фейл. Осы қатеден көз аша алмай қойдық. Иә, тері түсіне дәлме-дәл сай келетін тоналды крем табу қиын екенін түсінеміз. Бірақ кей сұлулар онсыз да нашар жағдайды одан бетер қиындатып, бетке жаққан тонды мойын мен декольте зонаға жағуды ұмытып кетеді ғой, шіркін. Салдары не? – Иә, бетіңде — бір түс те, мойныңда — басқа түс.

Ауыр тон
Тегіс әрі мінсіз тері әсеріне ұмтылатын кей қыздар тоналды кремді аямай жағып, оңбай қателеседі. Себебі, қалаған тегіс тері орнына, мүлдем басқа эффектке тап болады: тым көп әрі ауыр болып жағылған крем беттегі әжімдерге ақцент жасайды. Яғни, түріңізді бірнеше жылға қартайтып жібереді. Сондықтан визажистер теріні шамадан тыс жүктемейтін жеңіл әрі сұйық флюидтарға назар аударуды ұсынады.

Ірі, қара қас
Табиғи сұлулық сәнге айналған заманда қасты тым айқын әрі қара етіп бояу – үлкен табу.
Мөлдір, тұнық көзіңе назар аударғың келсе, «қара қастан» бас тартқан жөн.

Қас айналасындағы консилерді “растушевка” жасамау
Қасты әрлегенде “сиқырлы таяқшамызға” тағы жүгінеміз. Көз қабағына жағылған далап қалдықтарын кетіріп, қас айналасын тазарту үшін консилер жағамыз. Мұнда да қателесу қаупі өте жоғары – консилерді дұрыстап “растушевка” жасамасаң, табиғи емес, түсініксіз макияжбен жүргенің сосын.

Контуриңмен тыммм дос болсаң, …
Контуриңнің басты ережесі не екенін білесің бе? – Оны жаққаның бетте білінбей тұруы керек. «Бронзерді көп жағып, бет сүйегімді көрсетем» десең, қателесесің – орнына бетіңе қызыл жолақ сызып алғандай эффектке ие боласың.

Мәселе дұрыс акцентте!
Әдетте боянғанда беттегі бір зонаға акцент жасаймыз. Мысалы, ерінге немесе көзге. Бірден бірнешеуін қамтып, бәрін ерекшелеп кетсең, бір-бірімен үйлеспейтін, ебедейсіз макияж шыға келеді.
