Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

«Балам оқысын десеңіз». Кішкентай оқырманға арналған ТОП-5 кітап

by Ақжарқын Қыдырханова
24.02.2021
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Шынын айтқанда, кітап оқу қызық ермек емес. Әрине, балаша ойласақ. Бірақ маңызын түсінген ата-ана баласының кітапқа махаббатын оята алатыны анық. Олай болмағанда, бала Абай білімге шөлдегеннен «тірі кітап» болған жыршылардың аузынан дастан жаттап өспес еді ғой. 4 жасында хат танып таңғалдырған Мағжан Жұмабаев ше? Жас дарынды атасы қалай тәрбиеледі екен? Бұндай мысалдар өте көп. Әттең, ол тізімге мен кірмейтін сияқтымын. Дегенмен мектеп кітапханашысы Бағила апай 2-сынып оқушысын ара-тұра сыныптастарының көзінше мақтап қоятын. Ол кезде кітапқа махаббатым қалай басталғаны есімде жоқ. Бәлкім, Бағила апай сияқты ақылды адамдардың әсіре мақтауы әсер еткен болар. Бірақ сол махаббаттың сақталуына себеп болған – кітаптың өзі. Ендеше, ата-аналар, түртіп қойыңыздар: «Балам кітап оқысын десеңіз, бірінші оны әділетсіз болса да мақтаңыз, одан кейін қолына супер кітапты ұстатыңыз». Бұл – алтын ереже. Ал қызық кітап қандай болады десеңіз, төменде бірнешеуін ұсындым. Бұл кітаптар балдырғаныңызға ұнап қалары сөзсіз. Сонымен,  кішкентай оқырмандарға арналған топ-5 кітап:

Ханс Кристиан Андерсен ертегілері

"Бұршақ үстіндегі ханшайым"

«Қар ханшайымы», «Ұсқынсыз үйрек», «Патшаның жаңа көйлегі», «Түйме қыз», «Су перісі» сізге таныс па? Осы тәрізді бірінен-бірі өтетін 185 туындыны жазған әлемге әйгілі ұлы ертекші  Ханс Кристиан Андерсен – балаңызды кітап әлеміне қолынан жетектеп кіргізетін автор. Андерсеннің фантазиясы тіпті үлкендерді де алыс мекендерге апаратыны сөзсіз. Сол себепті кітап оқу балаңызға ғана емес, сізге де қызық боларына сөз беремін☺. Бәлкім, ертекшінің туған күні (2 сәуір) Халықаралық балаларға арналған кітап күні болып тойланатыны осы сөзіме сендіре алатын шығар?

«Ақын қоян»

"Ақын қоян" кітабы

Балаға кітаптың супер екенін мазмұнын көрсетіп қана түсіндіре алмассыз. Көзтартар суреттері, түрлі-түсті бояуы болса, мәселе әлдеқайда жеңілдейтіні рас. Оның үстіне кітап өлеңдетіп жазылса, тіпті тамаша. Балалар сыйлығының лауреаты Жулия Дональдсонның «Ақын қояны» — дәл біз іздеген еңбек. Барлық қоян кез келген жағдайда өлеңдете жөнелетін ұйқасшыл қояннан ығыр болады. Сөйтіп қоян өзінің талантын бағалайтын жанды іздеуге жолға аттануға шешім қабылдайды. Жауынқұрт, көртышқан, тіпті қырықаяқпен достаса алмай, ақыры өзі сияқты әдеті бар біреуді кездестіреді. Ол кім болды екен? Лидия Монкстың әсерлі, көздің жауын алатын иллюстрациялары «Ақын қоянға» сән беріп-ақ тұр. Кітаптың кішкентай оқырманға ұнап қалатыны даусыз.

«Тамаша спорт»

"Тамаша спорт"

Баланы дене тәрбиесіне, салауатты өмірге үгіттейтін «Тамаша спорт» — кейінгі 10 жылда Еуропадағы ең танымал балалар әдебиетінің бірі. Бұл сіздің де кішкентайдың кітапханасынан табылса, денсаулық кепіліне қарай бір қадам жасалғаны. Ирониялық және сәнді суреттелген спорт энциклопедиясы отбасының барлық мүшесіне ұнайтыны сөзсіз. «Тамаша спорт» әзіл-оспақпен спорттың 30 түрін таныстырады. Негізгі ережелерді, керек жабдықтарды әңгімелейді. Балалар әдебиетінің авторы және суретші Оле Көннекенің кітабы жақында Steppe&World баспа үйінде қазақ тілінде жарық көрді. Көркем иллюстрация, тамаша мазмұн қазақ оқырмандардан да оң баға алып жатыр.

«Анау не? Мынау не?»

"Анау не? Мынау не?" кітабы

«Ұялы телефондар неге дірілдейді?», «Пілдің құлағы неге үлкен?», «Адам неге қорылдайды?». Баланың сұрақтары сондай қызық, кейде үлкендерді де тосылтып қоятыны бар. Білуге құмар, көруге ынтық болу бала болмасына тән. Балдырғанды кітапқа үйір қылуға қадам дәл осы сұрақтарға жауап беруден басталса, кітаппен достық оянары анық. «Анау не? Мынау не?» атты танымдық кітаптар топтамасы — осындай сұрақтарға жауап беретін, бала мен ата-ана үшін пайдалы, көмекші құрал.

«Груфалло»

"Груффало"

Груффало — әлемдегі ең сүйікті құбыжықтардың бірі. Ол туралы кітап 1999 жылы жарық көрген. Содан бері миллондаған оқырман қалың, қараңғы орманда Груффало мен кішкентай тышқанның кездесуі жайлы оқиғаны оқып келе жатыр. Кітап авторы Жулия Дональдсон – Ұлыбританиядағы қазіргі ең танымал жазушылардың бірі, 160-қа жуық кітабы бар. Оны Англияда “Қазіргі балалар әдебиетінің Шекспирі” деп те айтады. Кітапты көркемдеуші Аксель Шеффлер – әлемге танымал иллюстратор. Күлкілі де қызық, тақпақтап жазылған «Груффало» ертегісін танымал журналист, шығыстанушы, Оксфорд университетінің түлегі Ғалым Боқаш қазақ тіліне аударған. Ертегінің тілі жеңіл, баланың қабылдауына оңай.

Бұл — OPA ұсынған шағын тізім. Бәлкім, кішкентай оқырманға үлкен кітапханаға қарай жол ашатын туындылар болар. Балаңызға осы кітаптарды оқып беріңіз немесе ол өзі «аудиокітабыңыз» болсын. Біз кітапсүйер оқырмандарымыздың көптігімен мақтанамыз.

Tags: Ақын қоянГруфаллотамаша спортХанс Кристиан Андерсен

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС