Фейсфитнес деген не?
Фейсфитнес — «сұлулық инъекциялары» мен пластикалық хирургтар көмегінсіз бет-әлпетті жас етіп сақтауға немесе қалпына келтіруге арналған бет гимнастикасы.
Жастығымды сақтаймын десеңіз, фейсфитнес — назар аударатын нәрсе. Себебі…
Қатайған бұлшықеттерді босаңсытып, аз қозғалатын бұлшықеттерді іске қосуға бағытталған арнайы жаттығулар кешенінен тұрады. Лимфа жүйесінің жұмысын белсенді етіп, беттің ісіп тұрған эффектісін кетіруге көмектеседі. Нәтижесінде дұрыс жұмыс істей бастаған бұлшықеттер қалыпты физиологиялық күйіне түсіп, беттегі әжімдер тегістеліп, екінші иек кетеді.
Тарихы қандай? Қалай пайда болған?
Бетке арналған фитнестің тарихы қалай және қашан басталғаны туралы болжам көп. Кей тарихшылар мұндай жаттығулар Мысырдың соңғы патшайымы Клеопатра кезінде пайда болды деп тұжырымдаса, енді бірі фейсфитнестегі шиацу массажының ғасырлар бойы келе жатқан дәстүрлі жапон массажымен ұқсастығын айтады.
Бет жаттығуларының алғашқы арнайы кешенінің авторы болып неміс пластикалық хирургы Рейнхольд Бенц саналады. Оған бет гимнастикасы туралы идея мүсіні мінсіз бола тұра, беті қартая бастаған балеринаны көргенде келіпті-мыс. Сонда Бенц: «Денені жаттығулар арқылы қалыпта ұстауға болса, бетті де дәл сондай кешенді жұмыс арқылы сақтауға болады ғой», — деп ойланып қалса керек.
Мұндай фитнесті қашан және қанша уақыт жасайды?
Бетке арналған трениң бірнеше қарапайым асаналардан тұрады. Оларды күн сайын немесе одан да жиі орындаған жөн. Мысалы, ұйықтар алдында жасаған ыңғайлы, себебі бетіңізде күні бойы тұрған макияжды сүртіп, ешқайда асықпай, қажет көңіл бөліп, істей аласыз. Бастапқыда 10 минут жасасаңыз, кейін біртіндеп 20-30 минутқа дейін ұзартасыз. Нәтижесі көп күттірмейді — үш аптадан кейін-ақ беттен алғашқы игі өзгерістерді байқауға болады.
Маған фейсфитнес қажет екенін қалай білемін?
Бұл ғажап процедураны жасап бастауға ұсынылатын орта жас — 25. Тері жағдайы мен сіз қалайтын эффект түріне байланысты жаттығуларды жасау жиілігі әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, жалпы тонусты сақтап тұру үшін фесфитнесті аптасына 2-3 рет жасаған жеткілікті болса, әжімдер мен басқа да кемшіліктерді түзеу үшін — 3-5 рет, жасы үлкен адамдарға қартаю процесін баяулату керек болса, аптасына 5-7 рет жасаған жөн.
Әрине, фейсфитнесте жыныстық шектеулер жоқ. Ерлер мен әйелдер тек гормонал фонымен ерекшеленеді, соның салдарынан терінің қартаю қарқыны да әртүрлі болады. Бірақ бұл жаттығулардың жиілігіне, түрі мен бағдарламасына еш әсер етпейді.
Жаттығу түрлері
1. «Wow!»
Бұл — шаршағанды жойып, бетті жаттығуларға дайындайтын керемет әдіс. Ол үшін ауызды мүмкіндігінше баяу әрі кең қылып ашып, «Wow!» деу керек (дыбыс шығармай айтсаңыз да болады). Осыны 10 рет қайталаңыз. Асананы орындау кезінде маңдайда әжім пайда болмауын қадағалаңыз.
2. Бет бұлшықеттерін толықтай іске қосатын ғажап әдіс
Алақаныңызбен бетті қаттырақ басып, теріні төменнен (жақ сүйегінен) жоғары қарай (маңдайға дейін) сырғытып көтересіз. Бұл жаттығу түсе бастаған қабақты көтеріп, көзді ашуға көмектеседі. Бетті шымыр етеді.
3. Мұрын-ерін тұсындағы әжімдерді кетіруге арналған асана.
Жоғарғы және төменгі ерінді ауыздың ішіне қарай тартып жинаңыз. Ерін айналасындағы тері барынша созылу керек. Енді осы позициядан ауыздың бұрыштарын жоғары көтеріп, күлуге тырысыңыз. Жоғарғы нүктеде 1-2 секунд тоқтап тұрып, жаттығуды 10 рет қайталаңыз. Асана ауыз бұрыштарының салбырауына қарсы жұмыс істейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
4. Бет терісінің салбырауына қарсы жаттығу
4.1. Жұдырық түйіп, жақ сүйегіндегі теріге айналмалы әдіспен массаж жасаңыз. Жаттығу ұзақтығы — 4-5 минут.
4.2. Беттегі ең шығыңқы сүйектің астындағы теріні саусақтарыңызбен қатты басып, иектен құлақ тұсына қарай тартыңыз. 8-10 рет қайталаңыз.