Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Арулар күні: 8 наурызды қалай және қайда өткіземіз?

Көктемнің алғашқы әрі басты мейрамдарының бірі 8 наурызға санаулы күндер қалды. “Не сыйласам?” дегеннен кейінгі екінші ТОП-сұрақ - “Қайда барып, қалай өткізсе болады?”. Бұнымен сүйіктісін қуантқысы келетін ерлер де, өз мейрамын ұмытылмастай еткісі келетін арулар да сауалданады. Осы ретте OPA ертегілердегі тура қажет кезде пайда болатын сиқыршыдай көмекке келеді, білесіз ғой? Бүгін, ендеше, сіз үшін мерекені атап өтудің ең ерекше әрі қызық нұсқаларын дайындадық. Ұнағанын таңдап, ғажап күнді ойдағыдай өткізіңіз!

by Мерей Назар
04.03.2021
Reading Time: 14 mins read

Сурет mir-animasii.ru сайтынан алында

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Сүйіктіңізбен романтикалық кеш

Мега оригинал идея болмаса да, бұл — классика, демек ұтылмайсыз. Махаббатқа толы атмосфера, дәмді тағам, хош иісті шамдар, шоқ гүлдер қай арудың болмасын жүрегін жаулайды. Романтика мен бұл мейрам, қаласаңыз, егіз ұғым болып кеткен. Осы нұсқаны таңдап, “Енді мұндай кешті қайда ұйымдастырамын?” десеңіз, еліміздің мегаполистеріндегі “ең-ең” деген нұсқаларды назарыңызға ұсынамыз. 

Алматы қаласы:

  1. Қызғылт түсті нәзік интерьері бар, әрбір зонасы әккі эстеттің жүрегінен орын табатын Dijon мейрамханасы. Ерекшелігі — Франциядан келген бас кондитер Bastien Aimeur әзірлейтін авторлық бірегей десерттерден дәм татуға болады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dijon (@dijon_almaty)

2. Италиялық дәстүрлі тағамдар ұнаса, қала орталығындағы Agosto рестобарына назар салыңыз. Мекемеден тарихын кеңге жайған 28 панфиловшылар саябағына керемет панорамалық көрініс ашылады. 

Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы:

  1. Charlie Chaplin Mixology Bar. Миксология дегеніміз — сусындарды араластыру жайлы ғылым. Миксолог барменнің жай барменнен айырмашылығы — ол коктейльдің дәм балансына көп көңіл бөледі. Яғни бұл барда арнайы маманның талғамына негізделіп жасалған ерекше сусындармен танысуға болады.
  2. Air coffee. Басты ерекшелігі — кофехананың дизайны ұшақ бортының стилінде жасалған. Даяршы болса, стақаныңызға сіздің қай елге ұшатыныңызды жазады.  Мекеме авиациялық эстетиканы ұнататындар мен саяхатты сағынғандардың жүрегін бірден жаулайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кофейня |Нур-султан |Астана (@aircoffee_kz)

 Шымкент қаласы:

  1. Гастрономиялық саяхатқа аттанғыңыз келсе, шырайлы қаланың The Secret мейрамхана-бары — ғажап шешім. Бұл — италиялық және шығыс тағамдарын біріктірген ашық ас үйі бар премиум мекеме.

Своп сауық кеші 

Мерекені құрбылармен өткізгіңіз келсе, своп-кездесу ұйымдастырыңыз. Своп — бұл өзіңе қажетсіз, бірақ басқаға пайдалы болатын заттарды тегін алмастыруға болатын арнайы іс-шара. Кешке қалаған нәрсеңді әкелуге болады: киім, кітап, әшекей-бұйымдар, гүл, косметика, тағысын тағы. Мұндай кештің минусы жоқ: біріншіден, сатып алған, әйтпесе, сақтап жүрген заттарыңызға басқаша көзбен, саналы түрде қарай бастайсыз. Ал, екіншіден, құрбылармен жиналуға тағы бір жақсы себеп. 

Мұндай шараны үйде де, жоғарыда мысал ретінде айтылған жерлерде де ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ, Шымкентте жақында дәл осындай шараларды өткізуге таптырмас локация ашылды — қыздар қауымына арналған 2.bolme кеңістігі. Осындай мекемелерді өз қалаңыздан да іздеп көрсеңіз болады. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Пространство для женщин 🪐 (@2.bolme)

Бьюти энд релакс

Демалдыратын массаждар қабылдап, дене мен бет күтіміне арналған процедуралар қабылдаудан рахаты жоқ-ау, шамасы. Сондықтан, құрбылармен сұлулық салонына немесе SPA-салонға барып, әдемілік күнін ұйымдастыру — мерекелік көңіл күйді сезінудің жақсы әдісі. Қуанышымызға орай, мұндай “жұмақ-мекендер” әрбір қалада толып тұр. Бірақ ерекшесін, ең жақсысын таңдауға көмектесу — OPA-ның міндеті.

Нұр-Сұлтан: 

  1. Массаждың түр-түрін ұсынатын MiaRini индонезиялық SPA-салоны.
  2. Қонақ үйі, 5 түрлі моншасы, SPA-процедуралары, бассейні мен жазғы террасасы бар Caesar SPA-орталығы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SPA|Сауна|Массаж|Астана (@caesarspa.kz)

 Алматы: 

  1. “Денеге ләззат қана емес, саулық сыйлаймыз” деп уәде ететін Шығыс-SPA..
  2. “Құдайлар аралы” атанған Балиде шеберлігін шыңдаған массажистерімен белгілі Tien-Shan Hotels-тегі Бали СПА-орталығы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SPA Center «BALI» (@spabalialmaty)

3. Тайландтың велнес саласымен жақын танысқыңыз келсе, In Thai SPA-орталығы бар.

Шымкент: 

  1. Әсемдік процедуралар мен SPA-қызметтерді қатар ұсынатын Sansara Beauty Spa.
  2. Тән сұлулығына ғана емес, ден саулығына ерекше ықылас бөлетіндерді Time SPA құрметті қонағы болуға шақырады. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Time Spa | Шымкент (@time_spa_shymkent)

Киномарафон ұйымдастыру

Поп-корн, қытырлақ чипстер сияқты снэктер мен түрлі сусындар алып, сүйіктіңді, құрбыларың мен достарыңды немесе отбасыңды серік етіп, кинокеш ұйымдастыру — мерекелік атмосфераны жасаудың тағы бір таптырмас амалы. Жай ғана кинотеатрға бара салу, әрине, қызық емес. Орнына мынадай басқа нұсқалар ұсынамыз.

Шымкент:

  1. Жоғарыда таныстырған 2.bolme аруларға қызметтердің кең спектрін ұсынады. Соның бірі күнде сағат 18:00-де басталатын кино-көрсетілімдер. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Пространство для женщин 🪐 (@2.bolme)

 Алматы:

  1. Фильмді көліктен шықпай-ақ, оңашада тамашалағыңыз келсе, Avtokinoteatr Almaty сізге күніне үш фильм ұсынады. Бірінші киносеанс сағат 20:00-де басталады. 

Нұр-Сұлтан:

  1. Ұсынылған мәзірден қалаған тамаққа тапсырыс беріп, сүйікті фильміңді үлкен экраннан тамашалап өткізген кешке не жетсін, иә? Қызығып кеттіңіз бе? Онда тезірек Kinoroom Astana-ға барыңыз. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Кинорум Нур-Султан | Кинозалы (@kinoroom_astana_2)

Өз-өзіңмен қалу

Иә, дұрыс түсіндіңіз, мейрам күні жалғыз қалуда тұрған ештеңе жоқ. Әсіресе дәл осы мейрамда. Себебі, өз ойларыңа, қалауыңа көңіл бөліп, ішкі МЕН-ің не дейтініне құлақ асу — бұл медитацияның бір түрі. Өзіңмен өткізген мұндай күн пайда әкелмесе, еш зияны жоқ. Сондықтан, 8 наурызды тыныш жайлы атмосферада ең сүйікті адамыңыз, яғни өзіңізге махаббат пен ықыласты аямай сыйлап қарсы алуға болады. 

Сурет incrussia.ru сайтынан алынды

Мейрамды құрбылармен, жұбыңызбен, әлде отбасыңызбен өткізесіз бе — маңызды емес, бастысы ұмытылмастай өтуін тілейміз!

Tags: 8 наурызатап өту идеяларымерекеХалықаралық әйелдер күні

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС