Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Нобель алған авторлардың көп оқылатын ТОП-5 кітабы

by Ақжарқын Қыдырханова
11.03.2021
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Алуан-алуан кітап бар. Қайсысын оқысам, уақытым зая кетпейді, пайдасы көп болады дейсіз бе? Ендеше, бүгін кітапшолуға Нобель сыйлығын алған тұлғалардың бестселлер кітаптарын ұсынамын. ТОП-5 кітаптың әрқайсысы сүйікті туындыңызға айналатынына сендіргім келеді.

«Менің атым Қырмызы», Орхан Памук

2006 жылы түрік жазушысы Ферит Орхан Памук әдебиет саласы бойынша «туған қаласының меланхолия жанын іздеу кезінде мәдениеттер қақтығысы мен соқтығысының жаңа белгілерін тапқаны үшін» Нобель сыйлығын алды.

Памуктың шығармалары 64-тен астам тілге аударылған. Автордың жазушылық даңқын «Ақ қорған», «Қара кітап» атты романдары асқақтатқан. Оның шығармалары негізінен АҚШ пен Батыста жоғары бағаланады. Қалың оқырманның сүйікті туындысына айналған «Менің атым Қырмызы» детектив романын журналист Амангелді Құрметұлы қазақ тіліне шебер тәржімалаған.

Орхан Памук, "Менің атым Қырмызы"

Бұл кітаппен сіз ХVI ғасырдағы Ыстамбұлға сапар шегесіз. Қызығы, туынды өлген адамның монологынан басталады. Оқиға желісі бойынша Османлы падишасының құпия жасалуға тиіс кітабы үшін қанішер алдымен Зариф Ефендіні, сосын нақышкер Жездені өлтіреді. Осы қанішердің кім екенін анықтау үшін әр кейіпкер өз-өзін «Мен Қарамын», «Мен Шекуремін», «Мен ағашпын» деп сипаттап, ақталуға тырысады. Кейіпкерлер кезекпен сөйлесе де, оқиға бір-біріне ілесе жалғасып отырады.

«I am Malala», Малала Юсуфзай

2012 жылы Малала Юсуфзай Пәкістанда өзі оқып жүрген мектеп автобусына жасалған шабуыл кезінде басына оқ тиіп, жараланған. Шабуылды Малаланың қыздарға білім беру кампаниясына қарсы тәліптер жасаған. Малала шабуылдан ауыр жараланып, Ұлыбританияда емделіп, аман қалды. Қазір сол елде тұрып жатыр. Өзіне қастандық жасалғалы бері Малала дүниежүзін аралап, қыздардың білім алуына мүмкіндік беруге шақырып келеді. Оған 2014 жылы үндістандық құқық қорғаушы Кайлаш Сатъяртхимен бірге бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы берілген.

Я - Малала, Малала Юсуфзай

«I am Malala» кітабын Малала Юсуфзай әскери корреспондент Кристина Ламбпен бірге жазған. Кітап 16 жастағы Малаланың өмірін, Пәкістан тарихын, Сват алқабының айналасындағы адамдарды суреттейді. Оқиға жылдам әрі қызық өрбіп отырады. Кітапты оқып еш зерікпейсіз, өмір шындығына куә болып, адамдардың тәліптердің құрығына қалай өздігімен түсетінін, көзі ашық адардың жанкештілігін көріп, Малаламен бірге өмір үшін, білім үшін күресесіз. Автобиография сізді бірден баурап алады.

Бұл кітапты әділетсіздікке тап болған, бірақ, өкінішке қарай, үнсіз қалуға мәжбүр болған барлық қызға арнаймын, — деген автордың өзі.

«Шал мен теңіз», Эрнест Хемингуэй

1954 жылы Американың ұлы романисі, журналист Эрнест Хемингуэй жалпы әдеби қызмет үшін емес, белгілі бір шығармасы үшін («Шал мен теңіз повесі) Нобель сыйлығы берілген әдебиеттегі тоғыз лауреаттың бірі болды.

Нобель сыйлығынан басқа «Шал мен теңіз»  туындысы үшін авторға Пулитцер сыйлығы берілген. Повесь алғаш рет Life журналында 1952 жылы қыркүйекте жарияланған. 2 күннің ішінде АҚШ-та журналдың 5,3 миллион данасы сатылып кеткен.

"Шал мен теңіз"

Повестің басты кейіпкерлері – балықшы шал мен бала. Жазушы оларды бекер таңдамаған: бала – болашақтың, шал – өткеннің символы. Олар бір-бірін толықтырып, бірлесе ғұмыр кешеді. Шал теңізде жүргенде өзі аулаған балықпен  сөйлеседі, аулағанына кешірім сұрайды. Шалдың осындай ойлары арқылы  жазушы табиғаттан керегіңді ғана мөлшермен ал, ысырап қылма дегенге меңзейді. Повестің бір ерекшелігі – жазушы шығарманы аяқтамай, оны оқырманға тапсырады.

«Шал мен теңізді» қазақ тіліне Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нығмет Ғабдуллин аударған.

«Жүз жылдық жалғыздық», Габриэль Гарсиа Маркес

1982 жылы Габриэль Гарсиа Маркес «қиял мен шындық үйлескенде бүкіл континенттің өмірі мен қақтығысын бейнелейтін романдар мен әңгімелер үшін» Нобель сыйлығын алған.

Біз ұсынып отырған «Жүз жылдық жалғыздық» кітабы — ХХ ғасырда жазылған ең ұлы туындылардың бірегейі деп танылған. Кітап Макондо қаласына сығандардың келіп, тұрғындарға магнитты көрсетуінен басталады. Автор Буэндиа отбасының өмірін көрсете отырып, бір үйден револиционер де, авантюристер де, сатқындар мен адал, еңбекқор тұлғалар да шығатынын шеберлікпен жазған.

Жүз жылдық жалғыздық

2019 жылдың наурыз айында америкалық Netflix стриминг қызметі Габриэль Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романын экранизациялау құқығын алды. Шығарма алғаш рет көрерменге жол тартпақ.  Жобаның атқарушы продюсерлері жазушының ұлдары Родриго мен Гонсало Гарсия болады.

«Оба», Альбер Камю

Француз жазушысы, философ «батыстың ар-намысы» деп құрметтелген Альбер Камю 1957 жылы «ар-ожданның маңызын көрсете отырып, әдебиетке қосқан орасан зор үлесі үшін» Нобель сыйлығының лауреаты атағын алған.

"Оба", Альбер Камю

Оның әйгілі туындысының бірі — «Оба» роман-эпопеясы. Оқиға вирус жұқтырған қалада обаға қарсы шараларды басқарған доктор Бернард Рионың атынан айтылады. Роман Оран қаласының көшелерінде, үйлерінде өлі егеуқұйрықтардың пайда болуымен басталады. Көп ұзамай қалада олардың күн сайын мыңдағаны табылады. Қала басшылары шындықты жасырып, тұрғындарды эпидемияға кепілдікке алады. Сол кезде әр тұрғынның алдында өмір үшін күрес, құтылудың жолын іздеу немесе індетке көніп, өліммен жолығуы сияқты таңдау тұрады.

Бір қызығы, Альбер Камюдің «Обасы» коронавирус пандемиясы басталғалы әлемде көп оқылып жатыр екен.

Tags: Альбер КамюГабриэль Гарсиа МаркесЖүз жылдық жалғыздықМалала ЮсуфзайМенің атым ҚырмызыОбаОрхан Памук

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС