Дүниежүзінде саналы тұтыну мен қоқысты қайта өндіру қозғалыстарының саны артып келеді. Бұл, өз кезегінде, сэконд-хэнд дүкендерін дамытуға әсер етті. Қазір бұл типтегі дүкендер жүйесі дүниежүзінде кең тараған.
Сэконд-хэнд тек экологиялық пайдалы құбылыс емес, сондай-ақ гардеробыңызды түрлендірудің жақсы жолы. Отандық танымал жұлдыздар да сэконд-хэнд дүкендерінде гардеробын жаңарту үшін жиі сауда жасап тұрады. Opa.kz редакциясы Алматыдағы танымал сэконд-хэнд дүкендер тізімін жинақтады.
La Luxe

Сэконд-хэнд негізінен премиум сегменттің өнімдері мен сөмкелер сатумен айналысады. Fendi, Prada, Moschino сияқты бренд өнімдерін таба аласыз. Блогер Карина Оксукпаева өзінің алғашқы люкс сегменттегі сөмкесін La Luxe дүкенінен сатып алған. Каринадан басқа Азиза Айбадуллина, Динара Рахимбаева, Мадина Мамадалиева сияқты танымал блогерлер La luxe-тің тұрақты сатып алушылары.

Дүкенде тауарды алмастыру немесе қайтару қызметі қарастырылмаған. Сондықтан, сауда жасарда осыны ескергеніңіз жөн.
Сэконд-хэнд сонымен қатар люкс сегменттің заттарын қабылдаумен де айналысады.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Назарбаев көшесі 112
Instagram: @_laluxe_
Дүниежүзі бойынша жеткізу қызметі бар.
Asay Jurek

Фирмалық, дизайнерлік киімдерді жақсы көретіндер үшін таптырмас дүкен. Премиум-сегмент киімі мен әшекейлерін арзан сатып ала аласыз. Дүкен сөресіне өзіндік тарихы бар винтажды әшекейлер мен винил пластинкалар, кеңес одағы кезінен келе жатқан төсбелгілер қойылған.

Dior, Celine, YSL, Burberry сияқты танымал сән үйлерінің өнімдерін таба аласыз. Интерьері мен сөредегі түрлі-түсті киімдер үйлесімі кірген жанды сөзсіз баурап алады.
Жақында Asau Jurek-те балалар бөлімі ашылды. Дизайнерлік киімдер корнерінде Harley Davidson, Dolce&Gabbana, Burberry киімдерін, Converse-тің аяқ киімдері бар. Бұдан бөлек, қолдан тігілген эксклюзивті ойыншықтарды да сатып алуға болады.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Уәлиханов көшесі 43, 2 қабат
Instagram: @asayjurek
Қазақстан қалаларының бәріне жеткізу қызметі бар.
Dala Bala корнері
Алты сэконд-хэндті біріктірген дүкен. Корнердегі дүкендер стилі аралас болғандықтан, әркім өз керегін таба алады . Этникалық стильдегі көйлектер, 90-шы жылдардың сырт киімдері мен бомберлердің сан алуан түрі бар. Сэконд-хэнд иелері киімдерді таңдап, оларды түрлендіріп, ерекше стиль береді. Бұл еңбектің нәтижесі корнер парақшасында да жарық көреді. Дүкен иелері vegan-friendly, no-gender,reuse clothes пощицияларын ұстанады. Егер сіздің сауда саясатыңыз бұл бағыттарды қолдайтын болса, Dala Bala сіз үшін таптырмас орын.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Панфилов көшесі 92, 10 кеңсе
INSTAGRAM: @dala_bala
Қазақстан қалаларының бәріне жеткізу қызметі бар.
Tazaki
Dala Bala корнерінің құрамындағы дүкен. Негізінен винтажды киім мен дүкен иелері түрлендірген ерекше стильдегі бұйымдар сатады. Бірақ, тай-дай стиліндегі жібек жейделер, атақты Левайстар сияқты эксклюзив заттар да табылады.
Дүкенге кірген бойда сізді қанатты күлгін тұлпарлар мен Тотороның күліп тұрған бейнесі күтіп алады. Корнер сан түрлі түстер мен жылтыраққа, жылулық пен әсем әуенге толы.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Панфилов көшесі 92, 10 кеңсе
INSTAGRAM: @tazaki_store
Қазақстан қалаларының бәріне жеткізу қызметі бар.
Sandyq store

Мұндағы әр заттың өз тарихы бар. Бір ғана экземплярда сатылатын винтажды киімдер 80-90 жылдар стиліндегі көйлектер мен сөмкелердің алуан түрін таба аласыз. Сэконд-хэнд иелері бұралқы ит-мысықтарға баспана табуға көмектеседі. Приюттарға (Жануарлар үйіне) қаржылай көмектесіп, саудадан түскен қаржының біраз бөлігін аударып отырады.
Винтажды киімнен басқа түрлі стилистикалық кештерге арналған киімдер де бар. Оларды дүкен иелері түрлендіріп, ерекше стиль берген. Сэконд-хэнд Dala Bala корнерінің құрамында.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Панфилов көшесі 92, 10 кеңсе
INSTAGRAM: @sandyqstore