Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Қайырымдылықпен айналысатын отандық шоу-бизнес өкілдері

Өнерімен ғана емес, жомарттығымен елдің ризашылығын алуға тырысып жүрген шоу-бизнес өкілдері туралы білесіз бе? Олардың кейбірі ісін жасырын сақтаса, кейбірі жария етіп, көпшілікті қайырымдылыққа шақырып жүр.

by Ақжарқын Қыдырханова
26.03.2021
Reading Time: 2 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Мадияр Серікбаев

Оспадарлықты оңдырмай сынайтын «Өнер қырандары» театрының концерттері мұқтаж отбасыға баспана кілтін табыстаумен аяқталатын. Халықты күлкіге қарық қылып, концерт соңында жүрек тебірентетін театрдың бұл харекеті 2017 жылы басталған. «1000 теңгеге — баспана» деген бастамамен сол жылы «Харекет» қайырымдылық қоры құрылған. Негізін қалаушы және директоры — Гүлмира Мұханқызы. Ол — қазіргі уақытта «Өнер қырандары» театрының директоры Мадияр Серікбаевпен  қордың тең құрылтайшысы.

Мадияр Серікбаев

«Харекет» қайырымдылық қорының мақсаты — мұқтаж отбасыларға үй әперу. Қор бүгінге дейін 429 отбасыға баспана сыйлады. Соның кейінгісі — санаулы күн бұрын 3 бөлмелі үйдің егесі болған Ақтөбе тұрғындары.

Харекет қоры, Мадияр Серікбаев

«Харекет» баспананы тек «Өнер қырандарының» концертінде табыстамайды. Сондай-ақ, «Харекетке» қолғабыс ететін тек театр мүшелері емес. Мысалы, әнші Төреғали Төреәлі мұқтаж отбасының үйіне тосын барып, қордың атынан 200-ші баспананың кілтін табыстаған. Мадияр Серікбаевтың жетекшілігіндегі қайырымдылық қордың мұндай шараларына басқа да шоу-бизнес өкілдері белсене қатысады.

Майра Ильясова

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, продюсер Майра Ильясованың азан шақырылған есімі — «Махира» екенін бірі білсе, бірі білмес. «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері атанған әншінің қайырымдылық қызметі де қалың бұқараға дәл осындай ашылмаған қыры болар. Дегенмен ол тыңдармандарына шығармашылық кешінің соңын қайырымдылық шарасына айналдыруды бастағандардың бірі ретінде белгілі. Өнер иесі мұндай қызметті ертерек бастаса да, ісін заңдастыруды 2016 жылы қолға алған. Қазіргі уақытта Майра Ильясованың жетекшілігіндегі «Жан анам» қайырымдылық қоры жұмыс істейді. Осы жобаны бастар алдында әнші сахнаға шығып, өзінің 4 жасында анасынан айрылғанын, 7-сыныпта оқып жүргенде әкесінің дүниеден озып, өмірде көп қиыншылық кешкенін айтқан еді.

Майра Ильясова

Қамқорлықты жақсы көремін,  жаным ашығыш, қарттар үйіне барғанда жылап шығатын кезім болады. Балалар үйіне барғанда да, ауру сәбилерді көрсем жүрегім ауырады. Алдыңғы қатардағы бай адам болмасам да, қамқорлық танытамын, — деген еді ол «Кerek kisi» жобасына берген сұхбатында.

Майра Ильясова «Алла Тағаланың разылығы үшін қайырымдылық жасау керек, садақа беру керек. Бірақ оны айқайлап айтудың қажеті жоқ» деп есептейді екен.

Айта кетейік, қайырымдылыққа шақырып жүрген эстрада әншісінің жастарға қолдау көрсететін «Сағындырған әндер-ай» жобасы да — көпшіліктің ыстық ықыласын алған шараның бірі.

Айнұр Тұрсынбаева

Айнұр ТұрсынбаеваМұқтаждарға баспана кілтін табыстауды мақсат етіп, халықты қайырымдылыққа шақырып жүргендердің қатарында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева да бар. Ол қайырымдылық қорын 2020 жылдың 20 қаңтарында ресми тіркеп, «AidynNury» деп атады.

AidynNury қайырымдылық қоры

Әуелде бұл қор ай сайын бір отбасыға бір  үй әперуді жоспарлаған. Бұл туралы айтыскер желідегі парақшасында мәлімдеген еді.

Көп түкірсе, көл демекші ай сайын бір отбасына баспана алып беріп отырсақ, жақсы ғой. Қайырымдылық — адам жанының нұры, — деген еді айтыскер ақын.

Дегенмен Айнұр Тұрсынбаеваеның бұл жоспары артығымен орындалып, қор 14 айда 59 отбасыға баспана сыйлап үлгерді. 

Сара Тоқтамысова

Айтыскердің өнердегі сіңлісі Сара Тоқтамысова әпкесінің ізін қайырымдылық жолында да жалғағандай. Бір ай бұрын ол JAN SARAiy қайырымдылық қорын ашты.

Сара Тоқтамысова

Оның айтуынша, қайырымдылық қоры — бір топ адамның идеясы. Бірақ жобаға бастамашы болған айтыскердің жолдасы екен. JAN SARAiy қоры әзірге қайырымдылық шарасын өткізіп үлгермеді. Дегенмен оның қолдаушылары қайырымдылық қорынан көп үміт күтетінін желіде жеткізіп жатыр.

Жан сарайы қайырымдылық қоры

Димаш Құдайберген

Арнайы қор ашып, қайырымдылықты ресмилікке өткізбесе де, Димаш Құдайберген дауысымен ғана емес, жомарттығымен де танымал. Өнер иесі — 2020 жылдың желтоқсан айынан бері әлемдегі ең ірі донорлық медициналық жабдықтар мен көмек дистрибьюторының амбассадоры. Project C.U.R.E коммерциялық емес ұйымы әншімен бүкіл әлем бойынша, әсіресе Орталық Азия елдерінде донорлық медициналық көмек жеткізуде ынтымақтастық орнатқан. Жуырда Димаш Құдайберген 500 мың доллардың дәрі-дәрмегі мен медициналық құрал-жабдықтарын Қазақстанға жеткізіп беруге демеуші болды.

Димаш Кұдайберген

Бұған қоса, әнші көптеген қайырымдылық шараларына қатысады. Солардың бірі — Париждегі Global Gift Foundation қайырымдылық кеші. Қазақстандық әншіні бұл кешке америкалық актриса Ева Лонгория шақырған болатын. Global Gift Foundation қайырымдылық қорының мақсаты – көмекті қажет ететін балалар мен әйелдерге және отбасыларға қолдау көрсету.

Димаш Кудайберген

Ұлыбританияда Қазақстан мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің Лондонда қайырымдылық мақсатында концерт өткізгені көпшіліктің есінде. Осы шарадан жиналған қаражат Қазақстанның жас таланттарын халықаралық маңызды байқауларға қатыстыруды қолдауға бөлінді.

Отандық шоу-бизнес өкілдерінің қайырымдылық шаралары, әсіресе, пандемия кезінде белсенді болды. Арнайы қайырымдылық қорлары болмаса да, парақшаларында халықты мұқтаждарды қолдауға шақырып, кейде өздері де еріктілер қатарында қызмет етті. Biz birgemiz сияқты ірі акцияларға қосылып, көмекке зәру азаматтарға азық-түлік, дәрі-дәрмек, керек-жарақтарын жеткізіп беріп жатты. Олардың арасында Сәкен Майғазиев, Айдар Тұрғанбек, Ердос Қанаев, Беркут және тағы басқа азаматтарды атауымызға болады.

Tags: Мадияр СерікбаевМайра Ильясова

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС