Opa.kz
Табылмады
Толық көру
  • Жаңалықтар
  • Тұлғалар
    • Өмірбаян
    • Сұхбат
  • Лайфстайл
    • Әсемдік
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Сән
    • Психология
    • Технология
    • Сөздік
  • Ойын-сауық
    • Саяхат
    • Тағам
    • Жұлдызнама
  • Мәдениет
    • Кино
    • Әдебиет
    • Музыка
    • Өнер
  • Жаңалықтар
  • Тұлғалар
    • Өмірбаян
    • Сұхбат
  • Лайфстайл
    • Әсемдік
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Сән
    • Психология
    • Технология
    • Сөздік
  • Ойын-сауық
    • Саяхат
    • Тағам
    • Жұлдызнама
  • Мәдениет
    • Кино
    • Әдебиет
    • Музыка
    • Өнер
Табылмады
Толық көру
Opa.kz
Табылмады
Толық көру

1 сәуір: отандық жұлдыздарға жасалған үздік пранктер топтамасы

1 сәуір - күлкі күніне орай отандық жұлдыздарға жасалған топ-5 үздік пранк тізімін ұсынады.

Авторы: Назерке Құрманғазинова
01.04.2021
Оқу уақыты: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Отандық жұлдыздар жанкүйерлерін таңғалдыру үшін түрлі қадамдарға барып жатады. Бірі гив ұйымдастырып, оқырманға сыйлық таратса, енді бірі түрлі креатив фототүсірілім жасайды. Тіпті кейде қулық амалдарға барып, жанкүйерлеріне пранк жасап, әзілдейтіндері де бар. Мысалы, Айжан Байзақова фейк үйлену тойын жасаса, Say Mo аяғым ауыр деп желіде интрига тудырған еді. Бірақ жұлдыздардың өзі де кейде осындай әзілдерге тап болып, алданып қалатын кездер аз емес. Opa редакциясы 1 сәуір – күлкі күніне орай отандық жұлдыздарға жасалған топ-5 үздік пранк тізімін ұсынады. Жұлдыздар қалай алданғанын бірге еске түсірейік…

5 орын  –  Қайрат Түнтеков

2016 жылы Қызық Times бағдарламасындағы “Мен алдандым” айдарында SuperStar KZ жобасының жеңімпазы Қайрат Түнтековке жасалған пранк әлі күнге дейін көптің есінде. 

Оқиға барысы былай өрбиді: Сымбат есімді қыздың құрбылары тосын сый жасағысы келіп, оның туған күніне сүйікті әншісі Қайрат Түнтековті шақырады. Бір топ қызбен бірге Қайрат Түнтеков Сымбатты құттықтамақ болып үйде күтіп отырады. Алайда туған күн иесі келгенде Сымбаттың сүйікті әншісі Қайрат Түнтеков емес, Қайрат Нұртас болып шығады. Мұны білген Түнтековтің реациясын ұмыту мүмкін емес.

4 орын – Баян Мақсатқызы

Бұл сонау 2009 жылы болған оқиға. Танымал продюсер Баян Мақсатқызының Қысқы Азиада ойындары Қазақстанда өтетініне байланысты пікірін білуге түсірілім тобы келеді. Продюсер сөзін бастай бергенде түсірілім тобындағылар бір мәселелермен шығып кетеді. Осы сәтте бөлмеге электрик маман келіп, жұмыс істей бергенде, оны кенет тоқ соғады. Баян Мақсатқызы электрик маманға қалай көмектесті? Есіңізде ме? Тамашалаймыз!

3 орын – Дастан Оразбеков

Осыдан төрт жыл бұрын Жетінші арнаның “Келесі кім?” бағдарламасында Орда тобының мүшесі Дастан Оразбековке пранк жасалған болатын. Жүргізуші Шакенти бұған дейін Дастанға қатысты желіде бірде-бір жағымсыз пікір таппағандықтан сынап көрмек болған екен. Әншіні бағдарламада қонақүйдің ресепшн қызметкері болып көруге шақырады. Бағдарлама ережесі бойынша әнші қонақтарға қызмет көрсетуін бастап кетеді. Кенет қонақ үйде жас қыздың мүрдесі табылғаны белгілі болады. Осы сәтте кезекшілікте тұрған қызметкер қыз табылған бөлмеден Дастанды көргенін айтады. Оқиға қалай жалғасатынын “Келесі кім” бағдарламасын көріп, еске түсірейік. 

2 орын – Серік Ибрагимов және Қабдол Тлеков

Былтыр карантин кезінде әзілкеш Жандос Самалбеков шағын отырысқа танымал әнші Серік Ибрагимов, әзілкеш Қабдол Тлеков және т.б. бір топ достарын қонаққа шақырады. Отырыс үстінен полиция қызметкерлері келіп, карантин режимін бұзғаны үшін оларды ұстап алады. “Мен алдандым” көрермендері Серік Ибрагимовтың осыншалық қысымға төтеп берген рухына таңғалғанын жасырмай, желіде көптеген пікір қалдырды. Әншінің қалай қарсыласқанын көру – көңіл-күй көтерудің керемет амалы. Өкінбейсіз!

1 орын – Нагимуша 

Танымал блогер Нагимушаны алып қашу операциясы есіңізде ме? Штат Небраска құрамасының жасаған пранкі әлі күнге ТОП боп тұр. Видеосы желіге жүктелгеннен бері 3 млн-нан астам көрілім жинаған. Оқиға желісі бойынша Нагимушаға Ержан есімді жігіт хабарласып танысады. Блогердің қарсылығына қарамастан Ержан айтқанынан қайтпай оны алып қашады. Әрі қарай Нагимушаның рекакциясы мен әрекетін сипаттауға келмейді, одан да видеодан көріңіз. Штат Небраска бұл пранкті енді қайталамауға және дәстүр деп артық кетпеуге кеңес береді. 

Мақалада: 1 сәуірЖұлдыздарға жасалған пранккүлкі күні

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

Жаңалықтар

Тимур Балымбетовтың youtube арнасы күміс батырма алды

Gakku арнасының экс-продюсері Тимур Балымбетовтің youtube арнасындағы фоллоуерлер саны 120...

Авторы: Opa Media
16.04.2021
Басты

Ораза кезіндегі тамақтанудың 8 ережесі

Бұл жолғы Рамазанды да былтырғыдай пандемия жағдайында қарсы алдық. Қазақстан...

Авторы: Назгүл Назар
16.04.2021
Басты

Киношолу: “Мен Оскарды кімге берер едім?” ІІ бөлім

Құйын әміршісі (Повелитель бури, 2010). Оскар сарапшыларымен келіспеген жыл. «Құйын...

Авторы: Перизат Мырзахмет
16.04.2021
Жаңалықтар

Жұлдыз Әбдукәрімова 33 жасқа толған туған күніне арнап зәулім үй сатып алды

14 сәуір “Әлем ханымы” атанған актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдукәрімова 33...

Авторы: Opa Media
15.04.2021

Біз туралы

Жұлдызды interviews. Өзекті жаңалықтар. Шоу-бизнес туралы үздік медиа ресурс.
Tel: +7 708 351 1577
Email: zarina@opa.kz

Сілтемелер

Жоба туралы

Байланыс

Жарнама

Әлеуметтік желіде

Facebook Instagram

© 2020 "Syntax Media" ЖШС

Табылмады
Толық көру
  • Жаңалықтар
  • Тұлғалар
    • Өмірбаян
    • Сұхбат
  • Лайфстайл
    • Әсемдік
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Сән
    • Психология
  • Мәдениет
    • Әдебиет
    • Кино
    • Музыка
    • Өнер
  • Ойын-сауық
    • Жұлдызнама
    • Саяхат
    • Тағам