TikTok әлеуметтік желісі қазір кеңінен танымал. Қыркүйек айында тапқан табысы пен мобильді құрылғылардағы жүктеулер саны бойынша бірінші орынға шықты. TikTok әлемдік аудиториясы шамамен 800 миллион адамды құрайды. Әлеуметтік желінің ерекшелігі — бірден танымал болуға мүмкіндік жоғары.
Сол үшін де жеке пайдаланушылармен қатар, брендін дамытқысы келетін компаниялардың да TikTok-қа қызығушылығы артып отыр. Әсіресе, блогер мен кәсіпкерлер үшін жарнама жасауға жаңа мүмкіндік туды. Сондай-ақ, қарапайым қолданушылар да TikTok арқылы табыс таба бастады.
2019 жылы бірнеше атақты тиктокерлер жиналып, АҚШ-та алғашқы “Tiktok house” (Тиктокерлер үйін) құрды. Бұл — 10-15 шақты тиктокердің бірге тұрып әртүрлі видео түсіретін үйі. Осылайша тиктокерлер бір-біріне көрермен санын арттыруға қолдау көрсетеді. Tiktok house-тің негізгі табыс көзі — Tiktok, YouTube, Instagram аккаунттарындағы жарнама. Әр Tiktok house-тің жеке продюсерлері болады.
Қазақстандағы Тiktok үйлер
Елімізде Tiktok биыл ғана танымал ие бола бастады. Қазір Қазақстанда 5-тен астам Tiktok house бар. Ең танымалдары — Bip house, Savage house, Yolo house, Paradox house және ашылғанына көп болмаған Kex house.
BIP HOUSE (Bangers in pyjamas)
@bip.house Получается нужно подписаться ☺️ #biphouse
Қазақстанда пайда болған ең алғашқы әрі ең танымал TikTok house — BIP house. Шығармашылық топ мүшелері өздері туралы 2020 жылғы шілдеде ресми мәлімдеді. Bip house ашылған бірінші күні аккаунтына бірден 100 мың адам жазылды. Қазір 1,5 миллион оқырманы бар.
10 адам тұратын Bip House Алматы қаласының маңында орналасқан. Тұрғындарының ішінде бұрынғы достар да, Tiktok house құрылғаннан кейін танысқандары да бар.
TikTok house құру — команда құрамындағы Таир Калиевтың идеясы болған. Жобаны жүзеге асыруға шамамен екі ай уақыт кетті.
SAVAGE HOUSE
@savagehouse.kz Моля сегодня скакалка😂❤️ #savagehousekz
Savage house — Қазақстандағы екінші болып құрылған Tiktok house. 3 ай уақытта 379,5 мың адам жазылған. Жалпы басылған лайк саны 11,3 миллионға жеткен. Команда құрамында 8 тиктокер бар, олардың қатарында елге Kagiristwins деп танылған егіз қыздар бар.
Томирис және Наргиз есімді егіздер TikTok-тағы фоллоуерлер саны бойынша Қазақстандағы тиктокерлердің көшін бастап тұр. Олардың @kagiristwins парақшасына 4 миллионға жуық адам жазылған.
Savage house-ты құру да осы егіз қыздың және Идрис Яхьяровтың идеясы болған. Жобаны олар бір аптада жүзеге асырғысы келіпті. Алайда бұл ойы іске аспай, 2-3 ай уақыт кеткенін айтады. Алғаш Savage house ашылғанда егіз қыздар YouTube арнасына өздерінің үйінен TikTok house-қа қалай көшкені туралы влог түсірген.
“Өте қатты қобалжып тұрмыз. Себебі, бұл шынында өте үлкен қадам. Бәрін осы жақта қалдырып, үлкен үйге көшеміз. Онда басқа балалармен бірге өз жобамызды жасаймыз”, — деді Томирис YouTube-қа жүктеген влогта.
PARADOX HOUSE
https://www.tiktok.com/@paradox_house/video/6884167857622617346?lang=ru
Savage house-пен қатар Paradox house та тамыз айында Қазақстандағы TikTok house қатарын толықтырды. Қазір шығармашылық топтың 112,5 мың фоллоуері бар.
Алғашында Paradox house-та 8 адам тұрған. Одан бері топ құрамы бірнеше рет ауысып, қазір 7 адам қалыпты. Бір ерекшелігі — құрамында 10 жастағы кішкентай қыз бар. Қалған TikTok house тұрғындарының жасы — 16-25 жас аралығында.
Шығармашылық топ өзін “Ешкіммен бәсекелеспейтін, тек өз ісінен ләззат алатын house” ретінде таныстырады. TikTok-тағы ең атақты видеосы 1 миллионға жуық қаралым жинады.
YOLO HOUSE
@the.yolohouse привет Ваня? 🙋♂️ офицер — @_dovetail_ // не забудь подписаться 🥰 #yolohouse
Yolo house — ашылғанына 1 ай уақыт болса да, 1,8 миллион фоллоуер жинай алған Tiktok house. Командада 7 тиктокер бар. Бір мүшесі — Yolo есімді мысық.
Тағы бір ерекшелігі — топта әртүрлі ұлт өкілдері бар. Олардың қатарында Қазақстандағы фоллоуер саны көп тиктокерлер де бар:
@homm9k — 3,9 миллион фоллоуер;
@rendi_popping — 1,3 миллион фоллоуер;
@batyr.white — 1,2 миллион фоллоуер.
Yolo house өз фанаттарына арнап telegram-чат ашқан. Бұл чатқа 7 мыңнан астам адам тіркелген екен.
KEX HOUSE
@kex.house
Kex house — биылғы 2-қарашада ашылған жаңа Tiktok house. Команда құрамында атақты блогер, ресторатор және кейінгі кезде әншілігімен танылған Zheka Fatbelly бар. Алғашқы жүктеген видеосына назар салсақ Kex house-ті құрып, команданы жинаған да — Zheka Fatbelly.
Оның бұл қадамын даттағандар да, жақтағандар болды. Бірі Zheka-ны жасы үшін сынаса, енді бірі қатысушылар танымал емес екеніне наразы. Алайда шығармашылық бастаманы қолдағандар да аз емес. Олар, өз кезегінде, бұл ең үздік Tiktok house боларына сенімді.
Zheka-дан бөлек Kex house-та тағы 9 тиктокер бар. Топтың аккаунтына 10 күн ішінде 54 мың фоллоуер тіркеліп, видеолары 734 мың лайк жинаған.