Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Киношолу: «Мен Оскарды кімге берер едім?» І бөлім

Бұл шолу басқа шолудан өзгерек. «Мен Оскарды кімге берер едім?» деп аталады. Бірінші бөлім.

by Перизат Мырзахмет
09.04.2021
Reading Time: 1 min read

Фото: publy.ru

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Кейінгі жылдары «Оскар» сияқты беделді жүлделерді «тым саясиланған, идеологияға, пропагандаға жұмыс істейді» деп айыптау сәнге айналды. Кейде солай көрінеді. Дегенмен 17 гильдиядан, 7000 маманнан тұратын сарапшылар алқасының таңдауын жыл сайын кино әлемі мен көрермен әлемі асыға күтеді. Оскар – киноға қатысы бар кез келген шебердің басты бағыты. Ал көрермен қауым жыл сайын өз үздіктеріне жанкүйер болып, белсенді түрде талдап, жеңімпаздарды микроскоппен зерттеуді әдетке айналдырған. Мен де киноман ретінде жыл сайын «Мен Оскарды кімге берер едім?» деп ойланамын. Сол ойлардың нәтижесі мынадай. 

Миллионға татитын қыз (Малышка на миллион, 2005). Режиссері – Клинт Иствуд. Басты рөлде –Хилари Суэнк. Тақырыптың өзегі – бокс. Сондықтан бұл фильмге титрдан бастап жанкүйер бола бастайсың. Тек рингтегі күрес емес, өмірдегі тартыс, адамның ішіндегі ақ пен қараның арпалысы баяндалады. Үміті өшкен жаттықтырушы мен арманынан басқа сенері жоқ даяшы қыздың одағынан не шығады? Фильм соңында көзіңнен жас шығады. Сол жылы бәйгеге түскен «Авиатор» да мықты еді. Режиссері – Скорсезе. Басты рөлде – ДиКаприо мен Бланшетт. «Алтын глобустың» басты аталымы қанжығасында. Алайда Оскардың сарапшылары жеңісті «Миллионға татитын қыз» фильміне берді: «Үздік фильм», «Үздік әйел рөлі», «Үздік екінші пландағы ер адам рөлі», «Үздік режиссер». 

Фото: anews.com

Қақтығыс (Столкновение, 2006). Фильмнің режиссері – Оскары бар фильмдерге қандай да бір қатысы бар Пол Хаггис. Актерлік құрамда кілең азулы арыстандар. Заң мен қылмыстың, гуманизм мен расизмнің қақтығысы. Қашан да өзекті. Зұлым болып көрінгеннің бәрі зұлым ба? Қолы таза болып көрінгеннің ары таза ма? Жамандықты кімнен күтіп, кімнен күтпеу керек? Адамның тағдырын бір сәтте танымастай өзгертіп жіберетін мезеттерге қалай дайын боласың? Фильм бойы ойыңмен алысып, ми иірімдері жыбырлауын тоқтатпайды. 2006 жылы аталымға іліккендердің ішінде жалғыз бәсекелес – «Бүкір тау» (Горбатая гора) еді. Қызық болғанда «Қақтығыс» үш Оскарды, «Бүкір тау» үш Оскарды қанжығаға байлады. 

Фото: vokrug.tv

Серттен тайғандар (Отступники, 2007). Бұл жылы мен «Вавилон» фильміне жанкүйер едім. Бірақ режиссері Скорсезе, актерлік құрамға ДиКаприо, Деймон, Николсон, Уолберг төрттігін жинап алған фильм басты төрт аталымға беретін Оскарды жинап алды. Бір академияны бітіріп шығып, бірі полицияның ішіндегі мафия тыңшысына, бірі мафияның ішіндегі полиция тыңшысына айналған екеудің текетіресі. Азулары алты қарыс актерлердің ойынынан арқаң терлеп отырып көресің. Ал мен жанкүйер болған Иньярритудың «Вавилон» фильмі бірнеше құрлықты бір оқиғаның айналасында біріктіріп, адамдардың түсінісуі орасан зор қасиет екенін басып көрсетеді. Бірақ ол тек «Алтын глобус» жүлдесін қанағат етті.  

Фото: zen.yandex.ru

Шалдарға орын жоқ (Старикам тут не место, 2008). Ағайынды Коэндардың фильмдерін құрметтесем де, осы жолы Оскар Андерсонның «Мұнай» (Нефть) фильмінде еді деп ойлағанмын. Әлі де сол ойдамын. Наша, екі миллион доллар және көп, өте көп, тым көп кісі өлімі. Адам өлтіру қоян соя салғанмен бірдей. Сондықтан мен үшін «Шалдарға орын жоқ» фильмінің басты жетістігі – Хавьер Бардемнің ойыны ғана. Ол үшін Оскарын алды. Ал «Үздік фильм» Оскары «Мұнай» фильміне тиесілі еді. Адамның ашкөздігін, тойымсыздығын баппен баяндайтын, шебер баяндайтын туынды. Басты рөлдегі Дэниэл Дэй-Льюистің шеберлігі таңдай қақтырмай қоймайды. Сол шеберлігіне сай қанжығасында үш (!) Оскар бар. Бәрі де басты рөл үшін. 

Фото: kinopoisk.ru

Қуыстан шыққан миллионер (Миллионер из трущоб, 2009). Бұл бір жемісті жыл болып еді. Өз басым қатарынан үш фильмге жанкүйер болдым. Бірақ басты аталымдардың бәрін (8) Бойл мен Танданның тандэмінен шыққан «Қуыстан шыққан миллионер» алып кетті. Лайықты жеңістердің бірі. Оқиға өте қызық, тартысты баяндалады. Бұрын-соңды болған сюжеттерге ұқсамайды. Әлемді әлем-жәлем Болливудпен емес, Мумбайдың қуыстарымен, сол қуыстардағы адам тағдырларымен таныстырады. Мен жанкүйер болған басқа екі фильм де айрықша туындылар. «Кітап оқушы» (Чтец) тарихи оқиғаға негізделген. Сауатсыздығынан ұялып түрмеге отырып шыққан неміс келіншектің өмірі. «Беджамин Баттонның құпия оқиғасы» (Загадочная история Бенджамина Баттона) нағыз қиял-ғажайып туынды. Адамның өмірі кері айналса қалай болар еді?

Фото: kinopoisk.ru

Аталған фильмдерді рахаттана көріп шығыңыздар және Оскардың шешімі сіздің қолыңызда болса, қай фильмге қияр едіңіздер? Ойланып көріңіздер. 

Tags: ҚақтығысҚуыстан шыққан миллионерМиллионға татитын қызоскарСерттен тайғандарШалдарға орын жоқ

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС