Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

ТЕСТ: Қазақ әдебиетіндегі қос ғашықтар жайлы қаншалықты жақсы білесіз? Тексеріп көріңіз

15 сәуір - Ғашықтар күніне орай Opa-дан тест

by nazerke
14.04.2021
Reading Time: 1 min read

"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" телехикаясы

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Жыл сайын 15 сәуірде қазақстандықтар “Қозы Көрпеш — Баян Сұлу” ғашықтар күнін тойлауға дағдыланып келеді. Бұл мерекені атап өту бастамасы 1999 жылы көтеріліп, 2011 жылы ғана Алматы қалалық мәдениет басқармасы шаралар жоспарына «Ұлттық ғашықтар күнін» енгізді. Мереке XIII-XIV ғ.ғ. бастап жырланып келе жатқан “Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу” лиро-эпостық жырындағы махаббат оқиғасына арналады. 

Осы ретте Opa редакциясы қазақ эпосындағы қос ғашықтар туралы біліміңізді тексеріп көруді ұсынады.

Шарты: Сізге қазақ жыр-дастандарындағы қос ғашықтардың махаббат оқиғасы жайлы сұрақтар беріледі. Төрт нұсқаның біреуін белгілеп, дұрыс жауапты табуыңыз керек.

0%

Махаббаты үшін кек алған кейіпкер?

Дұрыс! Қате!

Қос ғашықтың арасына түскен Қодар зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде Баян бұрымын кесіп тастайды: Қодар құдыққа құлап, қаза табады.

“Еңлік пен Кебек”оқиғасының сюжетіне поэма арнаған ақын?

Фото: kitap.kz
Дұрыс! Қате!

“Еңлік пен Кебек” Мұхтар Әуезовтың трагедия жанрында жазған шығармасы. Шәкәрім Құдайбердіұлы оқиға сюжетіне негізделген поэма арнаған. Мағауия Абайұлы да «Еңлік — Кебек» дастанын жазған.

Қозы мен Баянның ортасына кім түседі?

inform.kz
Дұрыс! Қате!

Баянның әкесі жергілікті палуан Қодарға бермекші болады. Қос ғашықтың ортасына түскен Қодар, Қозының басын алады

"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" жырының үзінділерін жазып алған орыс ақыны?

Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың ескерткіші
Дұрыс! Қате!

Орал қаласына "Е.И.Пугачев бастаған көтеріліс" жайлы ақпарат жинауға келген А.С. Пушкин, жыр желісімен танысып, қызығушылық танытып, үзінділерін жазып алған.

Баянның әкесі Қарабай Қозымен қосылуына неліктен қарсы болады?

Фото: kitap.kz
Дұрыс! Қате!

Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды аттастырып қояды. Аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Уақыт өте келе Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмейді

Әмеңгерлік дәстүрі қай ғашықтар оқиғасында кездеседі?

Дұрыс! Қате!

Қыз Жібек Төлегеннің інісі Сансызбаймен қосылады

Жыр желісі бойынша Қыз Жібек соңында кіммен қосылады?

"Қыз Жібек" фильмі
Дұрыс! Қате!

Төлеген Бекежан қолынан қаза тапқаннан кейін, Төлегеннің інісі Сансызбайға қосылады

Екі бөлімнен тұратын “Қыз Жібек”толықметрлі фильмі қашан жарық көрді?

"Қыз Жібек" фильмі
Дұрыс! Қате!

1970 жылы

“Қалқаман - Мамыр” дастанында қос ғашық неге өлім жазасына кесіледі?

Дұрыс! Қате!

Қалқаман мен Мамыр бір-біріне ғашық болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты, екі жас "дәстүрді бұзғаны үшін" өлім жазасына кесіледі.

Еңлік пен Кебек қалай танысты?

"Еңлік - Кебек" трагедиясын Абай ауылының өнерпаздары ойнауда
Дұрыс! Қате!

Кебек аң аулап жүріп адасып кетіп, Матай ауылында бір үйге кіреді. Қонақ болған үйінде Еңлікпен танысады.

Тест: ғашықтар күні

 

Tags: Ғашықтар күніЕңлік КебекҚалқаман МамырҚозы Көрпеш Баян СұлуҚыз Жібек пен Төлеген

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС