Бұл жолғы Рамазанды да былтырғыдай пандемия жағдайында қарсы алдық. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы қасиетті айдағы құлшылық, әйтпесе ауызашар сияқты қалың көпшілік жиналатын жерлерде санитарлық талаптарды қатаң сақтау керегін еске салды.
«Сіздерді пандемия кезінде барынша сақтанып жүруге, адам көп шоғырланған орындарға бармауға, ауыз бекіткен жағдайда дұрыс тамақтануға, мүмкіндігінше жұмыс кестесін ыңғайлап, денсаулықты күтуге үндеймін», — деді бас мүфти, басқарма төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы халыққа үндеуінде.
Коронавирусқа байланысты ережелерді ұстанып, пандемия кезінде ораза ұстауға болатынын былтырғы жыл дәлелдеп берді. Ораза ұстаушылар үшін бұл физикалық және моральдық тұрғыдан қиын сынақ болғанымен, оны ауыр жүктеме деп қабылдау атымен жоқ. Керісінше, сол қиындықтарға қарамастан, мұсылмандар үшін бұл өз-өзімен қалып, жан тыныштығын қалпына келтіруге, зымыраған уақыттың қарқынын сәл де болса баяулатып, қасиетті толқынға ілесуге мүмкіндік беретін мереке.
Бүкіл қызық, мәре-сәре күн батқаннан кейін басталады. Күні бойы ашыққан жұрт ауызын ашып, ұртын майлайды.
Осы ретте интегратив дәрігер, диетолог Әсем Төлеген Ақшам уақытын зарығып күтіп, Рамазанды күні бойы жатып, тамақ аңсап өткізбес үшін бірнеше нәрсені ескерген жөн дейді.
Организм шамамен 18 сағат нәр татпайтындықтан, тамақтану ережелерін сақтау маңызды. Қарапайым, жылдам көмірсудан тұратын тамақ қандағы глюкоза деңгейін қаншалық тез көтерсе, соншалық тез төмендетіп жібереді. Бас ауруы, айналуы, әлсіздік, летаргия болып жүргеніңіз сосын. Бұл — қандағы глюкоза деңгейінің нормадан төмендеп кетуі — гипогликемияның белгілері.
Қант деңгейі күрт төмендемес үшін сәресі мен ауызашар кезінде жейтін тамағыңыз дұрыс болуы керек. Бұл ретте маман диетадан мына өнімдерді алып тастауға, я азырақ қолдануға кеңес береді. Олар:
- ұн өнімдері
- құрамында қанты бар тағамдар (сусындар, консервілер, кәмпиттер және т. б)
- тез дайындалатын ботқалар
Су режимін де сақтаған жөн. Мәзірде фильтрден өткен де, минералы бар судың да болғаны дұрыс. Шай, кофе, басқа да сусындарды лимон, зімбір қосылған суға алмастырыңыз. 1 келі салмаққа — 30 мл су деген норманы ұстаныңыз. Адамның толық салмағы 50 келіден аз болса, күніне 1,5 л су ішуіне болады.
Ауызашар қандай болуы керек?
- Ауыз ашу үшін 1 құрма және кем дегенде 2 стақан су ішу керек (сосын намаз оқи берсеңіз болады, бұл уақытта су сіңеді).
- Майы аз, күрделі көмірсулардан тұратын тағам жеген жөн: ет қайнаған суда піскен, бірақ етсіз көкөніс сорпалары, майы бар ботқалар.
- Түрлі салаттар қосыңыз.
- Қысымы төмен, әйтпесе анемиясы бар адамдар ауызашар кезінде құс немесе балық етін жеу керек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Байқағаныңыздай, ауызашар тамағы жеңіл болғаны дұрыс. Ауыз ашқаннан кейінгі міндет — тойып жеп алмау, себебі бірден ұйқыңыз келеді. Тарауық намазды оқуға қуат жетуі керек. Тарауықтағы рәкағаттар арасында су ішіп тұру керек. Су тапшылығын осылай толтыру маңызды. Намаз оқымайтын болсаңыз да, әр 15-20 минут сайын 1⁄2 ас қасықтан су ішіңіз.
Сәресі қандай болуы керек?
5. Ақуызға ден қойыңыз. Құс, балық, жылқы, сиыр, қой, қоян етін жеңіз.
6. Тамақ құрамында пайдалы майлар болуы керек (сары май, жануар майы (іш, құйрық май), зәйтүн майы, қызыл пальма майы, авокадо майы және т.б.).
7. Көк шөп қосуды әдетке айналдырыңыз.
8. Крахмалы жоқ көкөністер жеңіз. Олар: қырыққабат (пекин, брюссель, ақ және қызыл қырыққабат, сондай-ақ олардың кішірек түрлері), қияр, тәтті бұрыш, цуккини, сарымсақ, пияз, баклажан, балдыркөк, спаржа, окра.
Бұлай тамақтану ұзақ уақытқа дейін тойып жүруге, қандағы глюкоза мен инсулинді тез және нормадан тыс көтеріп жібермеуге көмек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram