Аммандағы корольдік исламдық стратегиялық зерттеулер орталығы әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізімін жариялады. Бұл тізімде әлемдік жұлдыз Димаш Құдайбергеновте бар. Әнші бұл ақпаратты Instagram желісінде жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тізімде қазақстандықтан бөлек Түркияның көшбасшысы Режеп Тайып Ердоған, ағылшындық «Ливерпуль» клубының ойыншысы Мұхаммед Салах және басқа да танымал тұлғалар бар.
Әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізімі 2009 жылдан бері жыл сайын жарияланып келеді.
Тоқаевтың да әлемдегі ең ықпалды мұсылмандар – «Мұсылман 500» тізіміне енгені белгілі болды. Қазақстан Президентінің есімі әлемнің ең танымал мұсылмандары туралы басылымның жаңа санында «Саясат» айдарында орын алды.