Танымал жұлдыз Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстан атынан “Әлем ханымы-2020” (ағылшын. Mrs. Universe) байқауына қатыспақ. Бұл туралы ол instagram-да хабарлады.
“Бұл сыртқы сұлулықтың ғана емес, ішкі құндылық пен ақылдың әдемі үйлесім тауып, нәзік әлемді айшықтай түсетін байқау. Басты мақсаты — әлемнің әр түкпіріндегі әйелді қолдау”, — деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Биыл байқау пандемияға байланысты онлайн өтеді. Ресми сайтта 1-24 желтоқсан аралығында дауыс беруге болады. Кейінгі кезде актриса, тележүргізуші ретінде танылып жүрген Әбдікәрімова оқырмандарын өзін қолдауға шақырды. Сондай-ақ, ол Қазақстан ғана емес, Орта Азияның да намысын қорғамақ.
“Ел абыройы үшін бәріміз бірігіп жеңіске қадам жасайық. Қазақ қыздары мен әйелдерінің табиғи сұлулығын әлемге мойындатайық. Сондай-ақ, мен Қазақстанның ғана емес, Орта Азияның намысын қорғаймын. Құрметті менің Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, жалпы Орта Азиядағы оқырмандарым маған сіздердің де қолдауларыңыз ауадай қажет”, — деп жазды ол.
Айта кетсек, “Mrs. Universe” отбасылық өмір мен мансапта бірдей жетістікке жетіп, маңызды істерге араласып жүрген 18-55 жас аралығындағы әйелдер арасындағы халықаралық байқау. 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram