Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Стиль эволюциясы: Айқын Төлепберген

38 жастағы әнші Айқынның әр әні хитке айналады. Топ-чарттарда бірінші орынды бермейді. Ерекше дауысының фанаттары Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де көп. Соңғы жылдары жеке өміріне қатысты өзгерістерден тұлғасы біраз сынға ұшыраса да, "Сендей ару жоқ", "Сенші маған" сынды әндері тыңдарман жүрегін қайта жаулады. Күмән сейілтпейтін бір нәрсе болса, ол мынау: Айқын - хитмен әнші. Репертуарына сөз жоқ әншінің бүгін стилін талдаймыз. Алғаш бой көрсеткен SuperStar.KZ-тен бері ол қалай өзгерді?

by Айжан Кәрібаева
09.12.2020
Reading Time: 3 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

2003 жылғы SuperStar.KZ-тен кейін Айқын продюсер Эрик Тастамбековпен жұмыс істей бастайды. Дәл осы кезден бастап, әнші имиджіне назар аудара бастаған сияқты.

Сол жылдары танымалдығы артқан ресейлік әнші Дима Биланның стилін біраз әріптесі қайталайтын. Солардың қатарында Айқын да болды.

Продюсерлік көзқарас тұрғысынан, әдетте әнші жігіт жас қыздардың жүрегін жаулайтын сері образын ұстануы керек.

Алайда жұмысынан тыс, былайғы өмірде Айқын өте қарапайым киінді.

2013 жылы шыққан «Асылым» синглы әншінің шығармашылық тынысын ашқандай әсер қалдырды. Стиліне де өзгеріс енді. Сол кезден кейінгі образдарынан пиджак пен бабочканы, жакет пен подтяжканы жиі көретін болдық.

«Асылым»-нан кейін, «Ерке қыз», «Жалаң аяқ қыз», «Сағындым» сынды әндері хитке айналды. Дәл өзінің стилін де осы кездері тапқан сияқты. Классик стильден басталған эксперименті кэжуалға ұласып, ретроға да оралып жатты. Өзгермейтін екі нәрсе болса, ол әншінің төбе тұсына қарай қалыңдайтын шаш үлгісі мен ойнақы жанып тұратын көздері.

Қазір Айқын көпбалалы әке атанып, өмірінде біраз өзгеріс болғанына қарамастан, жұрт алдында ол еш қартаймайтын, көңілді, ел мақтаған жас әнші сахналық образын сақтап қала бермек.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Tags: SuperStar.kzАйқын Төлепбергенстиль

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС