Батырлар туралы анимациялық фильмдердің жалғасы — «Конь Юлий и большие скачки» мультфильмі 31 желтоқсанда көрерменге жол тартады.
Туындының жаңа бөлімі Юлийдің махаббат оқиғасын баяндайды. Бұл жолы сөйлейтін жылқы Батыс патшалықтың асыл тұқымды жылқысына ғашық болады. Рашид сұлтанның Батыс Жұлдызы атты жылқысына құда түсу үшін Юлий Кінәзден көмек сұрайды. Алайда Русь патшасы оған көмектесуден бас тартады. Амалы қалмаған Юлий Кінәзді күшпен ұрлап кетеді.
Бұл — батырлар туралы мультфильм франшизасының оныншы бөлімі. Бұдан алдыңғы “Три богатыря. Ход Конем” бөлімі де көрермен көңілін жаулап, “Прокаттағы үздік фильм” жүлдесіне ие болған болатын.