Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Қайта оралған сән: «Сымбат» журналындағы ескі образдарды қай жұлдыздар қайталап жүр?

"Сән қайта айналып келе береді" дегенді естіген боларсыз. Бүгін осының растығына тағы бір көз жеткіземіз. 1958 жылы жарық көрген алғашқы қазақстандық "Сымбат" сән журналын ақтарамыз. Басылым кезіндегі трендтерден хабардар етіп, небір керемет образдарды жариялайтын. Жақында біз журнал мұрағатын ақтарып, қазір сәнге қайта оралған киім үлгілерін анықтап шықтық. Соны бүгін отандық әншілер мен сәнқойлардың үлгісінде көрсетпекпіз. Тамашалаңыз!

by Айжан Кәрібаева
16.12.2020
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

1. Кең иық. 80-90 жылдардың үздік тренді қазір өзінің мега шыңында болмаса да, кішігірім өзгеріп, оверсайз түрінде қайта оралды. Яғни, киімнің әр бөлігі өз өлшемінен үлкендеу болады. Кең иық тренді көбіне арық, алмұрт немесе алма мүсінді қыздарға көбірек жарасады. Осы сипаттамаларға сәйкес келетін Баян Мақсатқызының образына кең иық өте әдемі үйлесіп тұр.

2. Ұзарған пиджак пен костюм. Сән бастапқы қалпында келмесе де, жалпы концепциясы сақталып оралады. Мына мысалда да дәл солай. Қазір, өкінішке қарай, ұлттық оюы бар киімді көбісі кие бермейді. Десе де, бастапқы үлгідегі концепция — костюм мен ұзарған пиджак тренді әлі сәнде. Сондай-ақ, осы маусымдағы беж түс те қазіргі заманға сай келе қалған. Образға әлдебір қаталдық беретін костюмді Жұлдыз Әбдікәрімова да үйлестіре киген.

3. Пилотка. Сәннен қалмайтын бас киім біраз образды толықтырып, ерекше нүктесін қояды. Пионерлер пилоткасы сияқты кезінде сәнде болған бас киімді қазіргі заманға сай етіп, Бота Нұрсейітова сияқты киюге болады.

4. Тедди ішік. Ашып айтпаса да, қазір сәнқойлардың көбі киіп жүрген тренд. Мұның бұрында да сәнде болғанын ұмытпайық. Материалының айырмашылығы болмаса, үлгілеріне дейін сақталған. Батыстың дизайнерлері эко-френдли философиясын қолдап, табиғи ішіктерден бас тартты. Десе де, эко-ішіктердің арқасында тренд тоқтаған жоқ. Біздің ойымызша да, осы нұсқа ұтымды: әрі әдемі, әрі табиғатқа да нұқсан келмейді. Дизайнер Аида Кауменова да осы трендті үйлесімді ұстанатыны қуантты.

5. Шляпа. Образыңа ерекшелік беріп, стиліңді сақтауға көмектесетін бірден-бір аксессуар — шляпа. Ол бұрында да тек ерлер гардеробының элементі емес-тін. Қазір оны үйлестіре киіп, образының бөлігі еткен әнші — Әсем. Осы шляпасымен жұлдызды жиі кезіктіруге болады. Шляпаны дұрыс таңдаудың ережесіне келсек: егер бет жүзіңіз толық болса, кішірек шляпа мұны одан сайын айқындап тұрады. Сол себепті жақ сүйегіне қарай пропорционал болатын шляпа таңдаған жөн.

6. Оюлы жилет. Тек оюлы ғана емес, жалпы қазіргі таңда жилет сәнге қайта оралды. Ол бізге көпқабатты трендті сақтауға көмектеседі. Мәселен, жейденің үстінен жилет, оның үстінен пиджак, оның үстінен пальто кию — қазір сәнде. Қазақстандық нарықта жилеттің оюлы, дәстүрлі түрін дәріптеп жүрген тележүргізуші әрі бизнесвумен — Жанат Бақыт.

Tags: Аида Кауменоваәсембаян есентаеваБаян Мақсатқызыбота нұрсейітоважанат бақытЖұлдыз Әбдікәрімовасымбат сән журналы

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС