NHK каналының хабарлауынша, мобилді әлеуметтік сауалнама Жапония халқының үштен бірі Олимпиада өткізуге қарсы екенін көрсеткен. 27 пайызы спорттық ойындар ұйымдастыруды қолдап дауыс берсе, 31 пайызы кейінге қалдыруды құп көрген.
Сауалнамаға 18 жастан жоғары 2,1 мың адам атсалысқан.
2020 жылғы олимпида коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған болатын. Спорттық ойындарды ұйымдастыру комитетінің басшысы Харуюки Тахакасидің мәлімдеуінше, іс-шара тағы кейінге шегерілуі мүмкін. Алайда, Олимпиаданы мүлде өткізбей тастауға болмайды дейді. Айтуынша, бұл бүкіл әлемнің экономикасына ауыр соққы болады.