Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Белгілі актриса Айнұр Ильясованың бет күтімі қандай?

Айнұр Ильясова - "Келинка Сабина" фильмі, "KZ-ландия" тележобалары арқылы кең танылған актриса, сондай-ақ "БөпеFair" сынды әлеуметтік жобалардың авторы. Ол, сондай-ақ, әйелдер мен балалар құқығы, отбасы құндылығы және т.б. қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруімен танымал. COVID-19 пандемиясы кезінде алдыңғы шепте күрескен әйелдер жайлы фотокөрме ұйымдастырды. Осындай белсенділігіне, уақытының тығыздығына қарамастан, Айнұр Ильясова өз күтіміне көп көңіл бөледі. Бүгін opa.kz актрисамен бірге оның косметикалық өнімдерін талдап, балғын бет терісінің құпиясын ашады.

by Айжан Кәрібаева
23.12.2020
Reading Time: 1 min read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу
  1. Таңертеңгі бет күтімі

Менің бет терім — құрғақ. Ол дегеніміз, жас кезде аса проблема болмағанымен, жас келе қарқынды ылғалдандыруды талап етеді. Бет күтімімнің басты бағыты да осы  ылғалдандыруға бағытталған. Қолданатын өнімдерімнің біразы — органик, табиғи құрамды. Бұл мен үшін өте маңызды. Косметикамның ішінде  қымбат брендтер де, арзандары  да  бар. Бағасына емес, сапасына қарап  таңдаймын. Таңертең бетімді жуғаннан кейін Allies of Skin мультигиалурон антиоксидант сывороткасын жағамын. Өнім теріні керемет ылғалдандырады. Сосын Trilogy ылғалдандырғыш кремін  жағамын.  Оны iHerb-тен алғанмын. Көздің  айналасындағы теріге арналған бөлек  Weleda кремім бар. Өзіме осы органикалық бренд өте ұнайды.

2. Кешкі бет күтімі

Кешке  де дәл осы  процедураны қайталаймын: бетімді тазалап жуып, сыворотка мен көз айналасындағы теріге арналған  кремді жағамын.  Бірақ, күндіз жаққан кремнің орнына  Guerlain-нің түнгі кремін қолданамын.

 

 

 

 

 

3. Бетті тазалау

Тазалау — бет күтімінің маңызды кезеңі. Таза бетке сыворотка, кремдер жақсы сіңеді. Әдетте молочко қолданатынмын. Қазір ол бітіп қалды.  Сол үшін макияжды Bioderma мицелляр суымен тазартып алып, Kiehl’s-тің гель-көпіршігімен жуып аламын. Календула қосылған бұл өнім теріні жақсы  тазалайды.

4. Маскалар, дәрумендер, скрабтар

Маскаларды өте жақсы көремін. Күнара пайдаланамын. Қалауыма қарай  кейде Sensai, кейде Dr.Jart-ты қолданамын. Sisley маскасы — 3 минуттық тез әсер беретін керемет дүние. Саяхат-сапарларға  өзіммен Aloe Vera емдеуші гелін алып жүремін. Терінің  қызарып, қабынуын кетіреді. Сондай-ақ, менде  Kiehl’s американ брендінің қалпына келтіруші маскасы бар.  Кейде түнгі кремнің астына Anew-дің С дәруменін жағамын. Ол бет терісінің түсін біркелкі қылады әрі  керемет жылтыратады. Скрабтарды да жақсы көремін. Skinfood-тың Black Sugar және Avene брендінің гоммажды жұмсақ скрабын ұнатамын. 2-3 күнде бір рет қолданамын. Жалпы, скрабты жиі қолдануға болмайтынын ескерген жөн.

 

5. Дене күтімі

Менің қол-аяғым тез құрғап  кетеді. Сол себепті үнемі денеге арналған ылғалдандырғыш кремдерді қолданамын. Түр-түрін алып қоямын. Қазір менде  Esthetic, Urea, Smart line брендтерінің осындай өнімдері  бар. Маған ұнайтын сый жасағыңыз  келсе,  ылғалдандырғыш  крем сыйлаңыз. Өйткені, оларды үнемі қолданамын.  Бастысы, қатты иіссіз, парабенсіз, таза құрамдысын таңдауға тырысамын.

6. Декор косметика

Макияж жасауға  Becca, MAC брендтерін таңдаймын.  Түсірілімдер  көп болатындықтан, қайсысы бетте көбірек сақталып, әдемі жағылатынын  біліп қалдым. Сол себепті, осы компаниялардың көз бояуға арналған өнімдерін қолданамын. Lancome тоналды кремінің Miracle сериясын пайдаланып жүргеніме  5 жылдан асты-ау.  Өте әдемі әрі білінбей жағылады.  Сенімді барынша ақтаған өнім. Көздің астына Bobbi Brown, Catrice корректорларын жағамын. Пудрам — қазір сүйікті брендіме айналған Sephora-нікі. Одан  тағы бір сүйікті өнімім бар:  құрамында ментолы бар ерін жылтыратқышы. Sephora-ның далаптары да керемет. Ерніме сондай-ақ MAC, Becca далаптарын да жағамын. Көзге арналған сүрмелерді де өте жақсы көремін. Олар көзімді визуалды түрде аша түседі.   Мен қолданатындарым — Sephora, Faberlic брендтерінікі.

Кірпікке жағатын тушь-фавориттерім —  Lancome мен  жақында сыйға алған Maybelline.  Тырнаққа жағатын  гель-лактан бас тартқаныма біраз болды. Оның орнына емдейтін элементтері бар лак  жағатын болдым.

Tags: Айнұр Ильясовабет күтімі

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС