Steppe&World баспа үйі Еуропада танымал балалар әдебиетінің авторы және суретші Оле Көннекенің “Тамаша спорт” кітабын қазақ тіліне аударды.
Steppe&World баспасы кітаптың негізгі мақсаты балаларға спорт туралы қазақ тілінде қызық контент шығарумен қатар, балаларды салауатты өмірге ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу екенін атап өтті.
“Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екенін бәріміз сөзсіз білеміз. Әсіресе, осы 2020 жылғы карантин кезінде қозғалыс пен спорттың қаншалық маңызды екенін түсіндік. Бірінші байлық — ол денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Спортпен айналысқан әр адамның, әр баланың денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады”, — деп жазды Instagram-да Steppe&World баспасы.
“Тамаша спорт” кітабын аударғандар: Таңсұлу Рахымбаева, Назгүл Қожабек және Динара Мәзен.
Кітап құны — 4500 теңге. Жаңа жылға дейін -20% жеңілдікпен сатып алуға болады.