- Ыңғайлы спорт костюмдер
Карантинде үйге қамалуға мәжбүр болған сәнқойлар жаңа тренд – жайлы спорт костюмдерге баса назар аудара бастады. Мысалы, Айдана Меденова медициналық маскасын ашық түсті костюмімен үйлестіріп киді. Өте жарасымды.
View this post on Instagram
Ал Динара Сатжан болса, минимализм стилінде киініп, басты назарын комфортқа қойған сияқты.
View this post on Instagram
2. Қара былғары тері
Осы жылғы үздік трендті біздің селебрити де сәтті қолдана білді. Қара түсті былғары пиджак образды бірден екі есе стильді етеді әрі гранж күй сыйлайды. Мұндай киім сахналық образдар мен кешкі жиындарға таптырмас таңдау. Мысалы, әнші Ақбота Нұрабайқызы кезекті образын осындай былғары пиджакпен толықтырған. Жалпы фотодағы стиліне қарасақ, жұлдыз батыстық әріптесі Ариана Грандеге қарап шабыттанған сияқты.
View this post on Instagram
Былғары теріден жасалған пиджак қана емес, шалбар да сәнде. 2020 жылғы күзден бастап былғары шалбарды еліміздегі сәнқойдың бәрі киді. Аша Матай да қалыс қалмады.
View this post on Instagram
3. Тор принтті киім
Тор принтті пиджактар жайлы жақында айтқанбыз. Биылғы үздік трендті әнші, актриса Сара Амангелді үйлесімді жарастырыпты.
View this post on Instagram
Сәнқой ару Айсәуле Бақытбек те тор принтті пиджакпен образ жасаған. Бастысы, бет маскасын ұмытпағаны дұрыс болыпты.
View this post on Instagram
4. Үй киімі
Карантинде жұлдыздар құр жатпай, неше түрлі фотосессия жасап, оқырмандарын үйдегі образдарымен де қуантты. Мысалы, актриса Аружан Жазылбекованың таңдауы трендтегі велосипедка мен анимациялы футболкаға түскен. Өзінің мінезіне сай, ойнақы әрі стильді шығыпты.
View this post on Instagram
Ал актриса Айнұр Ильясова болса, карантин кезінде жайлы жібек халаттарға ден қойған. Ана статусына әдемі келеді әрі үйдің ханшайымы кім екені бірден білінеді.
View this post on Instagram