Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

2020-2021 қыс трендтерін киімінде ұтымды пайдаланып жүрген жұлдыздар

Жарты жыл сайын әлемдік подиумдарға келер маусымның трендтері шығады. Оны көре сала масс-маркет сәнді киімнің қалта көтеретін нұсқасын әзірлей бастайды. Бірақ дәл қай трендтің кеңінен тараларын бүгінде фэшнисталар - аудиториясы үлкен сәнді адамдар шешеді. Ендеше, еліміздің фэшнисталары 2021 жылғы қыс маусымының бұл міндетін қаншалықты сәтті орындап жүргенін бірге тексерейік.

by Айжан Кәрібаева
27.01.2021
Reading Time: 9 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Массив шарф

Қай стильді таңдасаңыз да,  массив шарфтар образыңызды әдемі  әрі ыңғайлы ете түседі. Бірақ тренд қуып,  үлкен шарфтың тұтас образды құртуына жол бермеңіз. Ендеше, бізден бірнеше кеңес: шарфтың бір жағы алдыңызға түсіп тұру керек, бәрін мойныңызға орап алмаңыз. Төмен түскен бөлігін белдікке байлап қоюға болады. Шарфтың бір жағын бос тастап, тіпті тізеден төменге дейін қалдыруға болады. Ол бір жағынан көзге бірден түсетін акцент, екіншіден, вертикаль сызықтың визуалын жасайды.  Бұл лайфхак, білетініңіздей, дене мүсініңізді сымбаттырақ көрсетеді. Мысалы, әнші Жұлдыз Өмірғали массив шарфты спорт киіммен  үйлестірген. Әдемі әрі бас киіміне сәйкес. Сондай-ақ, мұндағы сұр түс Жұлдыздың неон түсті спорт костюмін біраз басып, үйлесімдік беріп тұр.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Zhuldyz Omirgali (@zhuldyzomirgali_official)

Қыстық панама

Иә, қате оқымадыңыз. Осы маусымда әлемдік дизайнерлер жазда тағатын аксессуарларды суық кезеңге бейімдеп әлек. Панама десе, ыстық жағажайда киетін бас киім еске түседі.  Бірақ жылы материалдан тіксе, нағыз қыстық, суықтан қорғайтын сәнді аксессуар боп шыға келеді. Басты кеңес: материалы жұмсақ жүннен болғаны абзал. Мадина Сәдуақасованың бас киімі секілді. Әншінің беж түсті таңдағаны бүкіл образын үйлесімді еткен. 

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Ақ түсті аяқ киім

Егер қыстық етік таңдарда,  тек қара түстісіне назар салсаңыз, онда сізді нағыз сәнқой деуге келмейді екен. Өйткені биыл сән эксперттері ақ етікті жаңа қыстық тренд деп таңдады. Ақ та қара секілді барлық түспен үйлеседі. Ақ етікті қандай киіммен киемін деп бас қатырсаңыз, сізге кеңес: күнделікті көк джинсыдың орнына сұрын киіп, тренд түстегі аяқ киіммен үйлестіріңіз. Оның үстіне тотал қара образға ақ аяқ киім айшықты акцент береді. Ұзын пальтомен, вельвет костюммен, тоқылған көйлекпен немесе ақ шалбармен де кисеңіз  болады. Осыны ұтымды пайдаланып, ақ шалбар мен тоқылған жемпірге ақ түсті етік таңдаған Айдана Меденова  өте сәнді болып шыға келген.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by A i d a n a M e d e n o v a (@aidanamedenova_officialpage)

Солдат етігі

Маусымның ең сәнді аяқ киімі ретінде Prada-ның массив комбат және челси етіктерін атауға болады. Сәнқойлар бұл екі түрін көйлекпен де, джинсымен де, офисте киетін костюммен де үйлестіреді. Қыста  көшеде қыдыруға да, ғимарат ішінде өтетін кешке де бірдей  киетін универсал аяқ киім таппай қиналатынымыз бар. Бірақ биыл дизайнерлер бұның да  шешімін тапқан сияқты. Кейінгі маусымдарда челси етіктері трендте болса, биыл Prada солдат етігі сұраныста. Сәнді аяқ киімді гардеробына қосқан отандық жұлдыздар ішінде әнші Ерке Есмахан бар. Массив Prada-сы сол фирманың курткасымен әдемі үйлескен.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Былғары шалбар

Былғары шалбар маусымнан маусымға ауысып отыратын тренд. Бір кездері бәріміз былғары көйлек пен  жейделерге көшсек, осы маусымда былғары шалбарды ұнаттық. Ұнатпасқа амал да жоқ: суықта  былғары кәдімгідей денеңді жылы сақтайды  әрі ең үлкен плюсы — мүсінді  сымбаттырақ етеді. Былғары шалбар жараспайтын дене бітімі жоқ десе де болады. Оның үстіне белден ұзынын таңдасаңыз, дөп  түсесіз. Мысалы, Аша Матай бір оқпен бірден екі қоян атқан: белін айшықтаған фасон және монохром түс. Монохром образ, яғни толығымен бір түсте киінген дене бітімін созып, бой қосып, жинап тастағандай болады. 

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)

Tags: айдана меденоваАша МатайЕрке Есмаханжұлдыз өмірғалиМадина Сәдуақасова

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС