Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Димаш Құдайбергеннің стиль эволюциясы

Димаш Құдайберген – әлемге танымал эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Жеке концертін Қытай, Беларусь, Франция, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания елдерінде өткен. . Димаштың әлем бойынша миллиардтаған фанаттары бар. Ал олар әншінің стилі қалай өзгергенін біле ме? Ендеше, OPA әлем фаворитінің стиль трансформациясын ұсынады.

by Айжан Кәрібаева
03.02.2021
Reading Time: 2 mins read
Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

1994 жылы өмірге келген әнші 5 жасынан бастап сахнада өнер көрсете бастаған. Музыканттардың отбасында дүниеге келген Димаш Құдайберген кішкентайынан  өнерге жақын, ойлы бала болған сияқты.

Бала кезгі фотоларынан-ақ Димаштың образындағы басты ерекшелік — үлкен әдемі көзі мен а-ля аниме кейіпкеріндей сиқырлы байсалдығы.. Бірақ толыққанды образының ашылуы жолында ол біраз тәжірибе өткерген. 

Димаш үлкен сахнаға алғаш шыға бастағанда көпке осындай ұзын шашымен танылды.  Жасөспірім кезеңі үшін ыңғайсыз жейде көйлек те, галстук та әншінің образын аша қойған жоқ.  Сахналық образымен қатар, ән репертуары тұрғысынан  да ізденіс керек еді. Қазіргі Димаштың сәтті образын алғаш жасаған қытайлық дизайнерлер екені жасырын емес. «I am a singer» жобасының бірінші  шығарылымынан-ақ  жаңа жарық жұлдыз шыққаны түсінікті болды.

Мистикалық образын аша түсу үшін жоба дизайнерлері көбіне қара түске басымдық берді. Тотал қара образ, кең шляпа, принтсіз суретсіз бірқалыпты табиғи түстер Димаштың онсыз да ерекше түр-әлпетін айшықтай түсті.

Қазір Димаш Құдайбергеннің образы толықтай ашылған, өзіне сенімді әрі харизмасы жоғары. Классик костюмді  де, ұлттық нақыштағы киімді де жарастырып кие алады.  Әншінің  стилистері  көбіне “төңкерілген үшбұрыш” тәсіліне жүігнетінін    байқадық, яғни, кең иықты киім таңдау.   Бұл Димаштың ұзын бойы (191см) мен дене бітіміне визуал түрде баланс беру  үшін жасалады.  Қосымша аксессуар ретінде мойнына шарф немесе беліне кең белбеу тағуға да болады. Ұтымды стилінің арқасында Димаш Men’s Health, Southern Metropolis Daily, Chic Teen сынды сән журналдарының мұқабасына шықты. Минимализм, бір реңкті  түс, , аздаған көз макияжы — Димаш үшін ең ұтымды стиль көрінісі.

Tags: Димаш Құдайберген

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС