Тимур және Лаура Балымбетовтер
Продюсер әрі жүргізуші Тимур Балымбетов — махаббатын жасырмай, сезімін ашық білдіретін жігіттердің бірі. Мұнысына қатысты біраз сын естігені де бар. Бірақ шетелде оқыған, либерал Тимур «қазақ жігіттері сезімін айтудан ұялмау керек» деген қағиданы ұстанады. Жарымен түскен әдемі фотоларын қымсынбай жариялайды. Жұптың киімдегі таңдауы фэмили луктарға көп түседі, бір түсте киінгенін де жиі көруге болады. Екеудің стилі — салмақты минимализм. Біз тек “жарайсыңдар” дейміз.
View this post on Instagram
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова
Қазақ эстрадасындағы алтын жұптарының бірі. Қайраттың әбден жасырып, халыққа он жылдан кейін таныстырған жары Жұлдыз фильм, сериалдарға түсіп те, тележобалар жүргізіп те, тіпті “Әлем ханымы” (Mrs Universe) атанып та үлгерді. Бақытты отбасының стилі де ерекше. Атаулы той шараларда лакшери шик стилін таңдаса, саяхат пен отбасылық демалыстардақарапайым киінгенді жақсы көреді.
View this post on Instagram
Дана Орманбаева мен Даут Шайхисламов
Жұбына қатысты жылдар бойғы оқырмандар хейтін жеңе білген жұп бүгінде көпбалалы ата-ана. Олар тек отбасында ғана емес, жұмыста да сенімді серіктестер. Соңғы жобалары қатарындабірігіп түсірген фильмдері бар. Әрдайым белсенді позиция ұстанатын публицист, интеллектуал Дана мен кезінде КВН-нен шыққан әзілқой Дауттың жараса кетері басында шынымен сенім тудырмағанымен, «екі минус плюс жасайды» теориясымен екеуі шоу-бизнестегі ең мықты жұптардың біріне айналды. Дананың стилі «тәуелсіз ханым» имиджі болғанымен, Даут екеуі бірге тұрғанда ерекше үйлесім сезіледі.
View this post on Instagram
Айдана Меденова және Әлішер Нұржанов
Бір қарағанда продюсер мен әншінің қалыпты жұбы болып көрінуі мүмкін. Алайда Айдана мен Әлішердің стилі әзіл мен романтикаға, жеңіл әрі сәнді образдарға толы. Екі баланың анасы болса да мінсіз мүсін иесі Айдана әрдайым жас ару образында болса, жұбайы Әлішер сақалының арқасында қатал, бірақ мейірімді отағасы боп көрінеді. Кейінгі кезде TikTok платформасын сәтті игерген Айдана Әлішерді де желідегі компаньоны етіп, оқырмандарын тек қуантуда.
View this post on Instagram
Тәуекел және Махаббат Мүсілім
Біраз жыл бойы қазақ шоу-бизнесінің ең тартымды бойдағы болып келген Тәуекел Мүсілім әнші де, актриса да емес, қарапайым аруды жар етіп, басында оқырманның сынына ұшырады. Тәуекелді Жанар Дұғаловамен де, Кәмшат Жолдыбаевамен де «қосып» тастаған халық жігіттің таңдауы Махаббат есімді аруға түскенін түсінбей-ақ қойды. Алайда Тәуекелдің әуел бастан шешімі сондай болса керек. «Маған жұлдыз емес, ошағымның басын ұстайтын, мені түсінетін қарапайым жар керек» деген ол. Жақында жұп балалы болды. Екеудің стиліне келер болсақ, өздері сияқты бірқалыпты, қарапайым, сөйте тұра тартымды.
View this post on Instagram