Жақында бастау алған OYU атты қазақстандық youtube жобаның кезекті шығарылымында Ирина Кайратовна тобы өнер көрсетті. Олар Youtube-те 1 млннан астам көрілім жинаған “Балуюсь” әнін орындады.
OYU-дың жаңа эпизоды бір күнде 24 мың рет көріліп, оның ішінде 2,8 мыңнан астам көрерменге видео ұнаған. Бұл көрсеткіш екі апта бұрын жарияланған алғашқы бөлімнің нәтижесін асып түсті. Алғашқы бөлімді Dudeontheguitar “Kolenke” әнін орындаған болатын.
Айта кетсек, OYU бағдарламасы әр сейсенбі сайын шығып отырады. Мұнда түрлі жанрда өнер көрсететін әртістер жанды дауыста ән орындайды. Бұған дейін The Buhars feat. jeltoksan, Dudeontheguitar сияқты жас танымал әншілер жанды дауыста өнер көрсетті.