Жақында енді танымал болып келе жатқан отандық әншілер бірнеше жаңа туындысын жариялады. Opa.kz кейінгі кезде шыққан жаңа видеоклиптер топтамасын ұсынады:
Arsenaleen — Tungi Qalada
Бұрынғы Black Dial Q-pop бойзбендінің құрамында болған ең жас әнші Арсен Нарханов қазір жеке өнер көрсетіп, бірнеше туындысын шығарып үлгерді. Қазіргі Arsenaleen лақап атымен танымал әнші жақында Tungi Qalada әніне видеоклип шығарды. Туынды 16 мыңға жуық көрілім жинады.
Aldaspan — Sen
Aldaspan этно-рок тобының “Sen” әніне түсірген видеоклипі алғаш рет Gakku арнасында жарияланды. Видеоклип 17 сағатта 5,7 мың рет көрілді.
Абзал Тасмұханбет — Өмір
Абзал Тасмұханбет ана туралы “Өмір” атты лирикалық видеоклипін жарыққа шығарды. Туынды Той думан теларнасының Youtube арнасында жарияланды.
Шабыт тобы — Менің әкем
Абзал Тасмұханбет ана туралы ән шығарса, Шабыт тобы ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен “Менің әкем” атты әніне видеоклип шығарды. Туынды 15,7 мың көрілім жинап үлгерді.