2020 жылғы ақпанда Гарри Стайлз JW Anderson брендінің тоқылған кардиганын киіп, өнер көрсеткен болатын.
Жұлдыздың пэчворк стиліндегі киімі TikTok-та трендке айналды. #harrystylescardigan челленджінің танымал болып кеткені сонша, JW Anderson кардиган тоқудың видеоинструкциясын түсірген.
Виктория мен Альберт қолөнер музейінің хабарлауынша, жейденің түпнұсқасы карантин уақытында көптің хоббиіне айналған қолөнер үлгісі ретінде музейге қойылады.