Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Қазақстандық танымал музыкалық жанрлар қандай? Өкілдері кім?

by nazerke
09.11.2020
Reading Time: 1 min read

"Gakku Дауысы" концерті Сурет: gakku.kz

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

Соңғы жылдары отандық заманауи орындаушылардың әндері тек елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де таныла бастады. Шығармашылық индустрияның дамуындағы жаңа кезеңде музыканың үйреншікті форматын өзгерткен жас музыканттар пайда болды. Олар саланы той-бизнес деңгейінен өсіріп, жаңа өзгеше жанрларды қолға алып, түрлі шығармашылық эксперименттер жасап жүр.  Бұл бұрындары тек шетел әндерін тыңдауға әуес жастардың назарын бірден аударып, отандық әншілерге деген сұранысты артырды. Сондай-ақ, тұлғалық музыкалық талғамның қалыптасып, шығармашылық бәсекелестіктің дамуына жағдай жасады. 

Ендеше, қазір қазақстандық тыңдарманға қандай музыкалық жанрлар ұнамды? Оларды дамытып, жаңа леп сыйлап жүргендер кім? Жауап іздеп көрейік. 

  • Хип-хоп — рэп, электронды бит және ди-джей орындауындағы өзге де музыкалық сүйемелдеудің үйлесімінен туатын музыка. Рэп — бүгінгі тыңдарманның сүйікті стильдерінің бірі. Мелодиялық речитатив орындайтын эм-силер әлемдік хит-парадтарды бермейді. 2000 жылдардың басында пайда болған Ghetto Dogs, ДМХ, Rap Zone сияқты әлемдік рэп орындаушылар толқыны осы музыкалық стильдің елімізде де дамуына түрткі болды. Отандық хип-хоп сүйер тыңдарманның бақытына орай, Da Gudda jaz, Buhar Jerrau, Ерболат Құдайбергеновтер пайда болды. 2014 жылы ТМД кеңістігі рэп-ойынның ережесін өзгерткен Скриптонит феноменімен танысты. Дәл сол жылдары шыққан Jah Khalib, V$XV Prince, Baller, Lucaveros, Hiro да отандық рэптің жаңа мектебін қалыптастырды. Сондай-ақ, қазір Raim мен Artur, Масло черного тмина, Ирина Кайратовна, Introvert, Tanir, Say Mo, Tolebi, Alphative сияқты рэперлер де қазақстандық тыңдарманға жол тапты.
  • Поп-музыка — XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басындағы көңіл көтеру, ойын-сауық бағытындағы музыканың түрлі формаларын, жанрлары мен стильдерін қамтитын жанр. Поп-музыканың негізгі белгілері — аспаптық ырғақ, вокалға баса назар аудару. Оның еуро-поп, латина, синти-поп, дискотека, би музыкасы және басқа да қосалқы жанрлары бар. Қазақстандық орындаушылардың басым бөлігі — поп музыканттар. Бұл бұқаралық мәдениет өкілдерінен көпшілікке Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Қайрат Нұртас, Нұржан Керменбаев және басқаларының есімі жақсы таныс. Қазір бүкіл ТМД елдеріне танымал боп үлгерген TheLimba, Abdr, Sadraddin, Alzabi, The kitchen songs сияқты жас орындаушылар да поп-музыканы басқа жанрлармен қатар алып жүр.
  • Синти-поп — бұл 1980 жылдары танымал болған электронды музыка жанры. Ерекшелігі — мұнда синтезатор аспабының музыкалық екпіні басым. Қазақстанға бұл жанрды алып келген — Ғалымжан Молданазар. Музыкантты қалың көпшілік 2013 жылдан бастап тани бастады. Қазақша синти-поптың негізін қалаушыны ешкімге ұқсамайтын әндері белгілі етті. Сондай-ақ, ол инди-поп, фанк сияқты басқа музыкалық жанрларда да ән орындайды.
  • Q-pop (Qazaq-pop) —  Оңтүстік Кореядағы K-pop жанырынан бастау алған Қазақстандағы жаңа музыкалық жанр, субмәдениет. Бұл термин Қазақстандағы поп, рок, рэп, соул және де билейтін музыкалық стильдердің үйлесімін сипаттауға жиі қолданылады. Алғаш бұл жанрды 2015 жылы Ninety one қалыптастарды. Ерекше стилінің арқасында топ қазақстандық шоу-бизнеске бұрын-соңды болмаған өзгеріс алып келді. 5 жыл ішінде қазақ эстрадасы Q-pop орындайтын көптеген әншілермен толысты.  Олардың қатарында Ziruza, Ayree, Madmen, Madi Rymbaev, C.C.Tay, Crystalz, DNA және т.б. бар. 
  • Инди-музыка — «тәуелсіз музыка» деген мағынаны білдіреді; коммерциялық поп пен мейнстрим әндерден алшақ сипатталатын субмәдениеттер мен музыкалық жанрларды қамтиды. Оның инди-рок, инди-поп сияқты әртүрлі бағыттары бар. Қазақстанда бұл жанрда ән айтатындардың қатарында Moldanazar, Еlectric Child сияқты жекелеген орындаушылар мен Qonyratbay.fam, Zoloto топтары бар.  Сондай-ақ, музыкалық стильдерін Qazaq Indie деп таңбалаған шығармашылық бірлестік те қазір кең танымалдылыққа ие. Құрамына кіретін орындаушылар қатарында белгілі әнші Darkhan juzz бен Опиа, Remedios Inmortales, sobakasoma сияқты топтар бар.
  • R&B (Rhythm & Blues) — блюз элементтерін қамтитын танымал музыкалық стиль. 1930-40 жылдары тек афро-америкалықтарға тән болған бұл жанр қазір өзгеше бояумен әрленіп, поп-музыка сияқты әлемдегі белгілі бағыттардың бірі болып отыр. Қазақстанда бұл жанрда ән орындайтындар қатарында Дастан Оразбеков, M’dee, Dequine және т.б. бар.

Айта кетсек, қазіргі әншілер өздерін тек бір жанрмен шектемей, әртүрлі жанрды ұштастырып жүр. 

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС