Кембридж университетінің баспасы көрнекті қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың таңдаулы шығармаларын ағылшын тілінде басып шығарды. Бұл туралы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов хабарлады.
Кітап презентациясы Ұлыбританияның Корольдік география қоғамы ғимаратында өткен. Тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдиновтың айтуынша, Уәлихановтың еңбектері ағылшын тілді әлемде кеңінен таныла бастады.