Instagram
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
  • I
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам
Меню
  • Жаңалықтар
  • Мәдениет
  • Cаясат
  • Технология
  • Қоғам

Жайдарбек Күнғожинов «Томирис» фильміндегі трюктері үшін каскадерлік «Оскар» алды

by Opa Media
23.11.2020
Reading Time: 1 min read

Жайдарбек Күнғожинов Сурет: Nomad stunts facebook парақшасынан

Фейсбукта бөлісуWhatsapp бөлісу

«Томирис» фильміндегі трюктері үшін Nomad Stunts-тың негізін қалаушы әрі жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығын алды, — деп хабарлайды Nomad Stunts өзінің Facebook парақшасында. 

“Бұл каскадерлік «Оскар» саналатын жоғары марапат. Еліміздің тарихында алғаш рет қазақстандық фильм «Шетелдік фильмдегі трюк» номинациясында үздік деп танылды”, — деп хабарлады Nomad Stunts өкілдері.

Таурус — кинодағы үздік трюктерді орындағандарға берілетін Каскадерлер академиясының дәстүрлі сыйлығы. Салтанатты шарада жыл сайын әлемнің үздік каскадерлері мен экшен-мамандары марапатталады. Рәсім АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында «Парамаунт» студиясында өтеді. Алайда, биыл пандемияға байланысты марапаттау рәсімі онлайн режимінде өтті.

Жайдарбек Күнғожинов «Таурус» сыйлығына екінші рет номинацияланған. 2017 жылы Қазақстан мен Ресей бірігіп түсірген «Викинг» картинасында трюктер қойғаны үшін Әлемдік каскадерлер академиясы сыйлығының шорт-парағына түскен. Алайда, ол кезгі марапатқа  «Спецотряд «Кобра» телесериалы лайық боп танылған.

Tags: nomad stuntsжайдарбек күнғожиновкаскадероскартаурустомирис

Opa.kz — мәдениет, өнер, сән, спорт, денсаулық, технология әлеміне қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған медиа ресурс.

жарнама
Контактілер
Instagram Envelope
© 2020 "Syntax Media" ЖШС