Алматыда қазақстандық режиссер Әсел Аушакимова түсірген “Welcome to the USA” фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Қазақстан кинотеатрларындағы үлкен прокатқа 24 қарашада шығады. Картина «Үздік шетелдік фильм» номинациясы бойынша Нью-Йорктегі XXXII ЛГБТ-кинофестивалінің бас жүлдесіне ие болды.
“Welcome to the USA” фильмі — гендерлік теңсіздік, сыбайлас жемқорлық, отбасы, дін мәселелері және қазақстандық қоғамның ЛГБТ өкілдеріне қатынасы сияқты мәселелерді көтереді.
Фильм Қазақстанда тұратын ЛГБТ-қоғамдастығының өкілі — 36 жастағы Әлия туралы баяндайды. Бас кейіпкер өзінің жыныстық ориентациясы жайлы шындықты отбасы мен достарынан жасырады. Лотереядан грин-картаны ұтып алғаннан кейін Әлия АҚШ-қа көшу туралы шешім қабылдайды. Осыдан кейін, ол жақындарына оның көшуіне не себеп болғанын айтуды ұйғарады.