«Ход королевы» сериалы Элизабет есімді жетім қыздың шахматтағы жетістіктері туралы баяндайды, Басты рөлді Аня Тейлор-Джой сомдайды. Сериалдың Netflix-тегі премьерасы 2020 жылғы 23 қазанда өтті.“Ход королевы” (The Queen’s Gambit) мини-сериалы Netflix тарихында бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Сериал алғашқы 28 күн ішінде 62 млн аккаунттан қаралған.
Мини-сериал 92 елдің топ ондығына кіріп отыр. Оның ішіндегі 63 елдің рейтингісінде бірінші орынға шыққан. Сондай-ақ, 1983 жылы жарық көрген Уолтер Тевистің романы The New York Times бестселлерлер тізіміне енді. “Ход королевы” осы туындының желісі негізінде түсірілген. Кейінгі кезде Google-дан шахмат ережесін іздегендер саны да күрт өскен.
A record-setting 62 million households chose to watch The Queen’s Gambit in its first 28 days, making it Netflix's biggest scripted limited series to date. pic.twitter.com/TVC3p4i5Bv
— Netflix (@netflix) November 23, 2020
«Ход королевы» сериалы Элизабет есімді жетім қыздың шахматтағы жетістіктері туралы баяндайды, Басты рөлді Аня Тейлор-Джой сомдайды. Сериалдың Netflix-тегі премьерасы 2020 жылғы 23 қазанда өтті.